Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2274 0 пікір 21 Қазан, 2010 сағат 07:38

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. ҚАРА ҚАҚПАН ҚАЙТАДАН ҚҰРЫЛДЫ

«Қай заман мына заман—іңір заман,
Есерге—май;  естіге—сіңір заман.
Болып тұр жазы шолақ,  қысы шұнақ,
Күйдірер де үсітер…   түрі жаман.

Қай заман мына заман—сығыр заман,
Сайқалдан ел-жұрт мезі-ығыр заман.
Айқайы албастының Айға жетіп,
Періште демікпе боп сыбырлаған...»

 

Біздің қариялар мұны бұрында «Ел аузында мынадай бір өлең бар» деп айтып отыратын еді. Көлемі он шақты шумақ-ты.  Ал жақында авторы белгілі болды. Біздің Ұлан ауданында (Шығыс Қазақстан облысы) туып-өскен, бүгінде Көкше өңірінде тұратын Шалғын ақсақал әңгіме әредігінде: - Сен «Ұранхай ауылынанмын» дедің ғой, іргелес Жақсыбай ауылында ма, әлде Сегізек пен Жама ауылдарының бірінде ме,  Тұрғынбай атты ақын болыпты. Менің бала кезімде. Өлеңді суырып салып айтатын шапшаң, батыл, орақ тілді кісі екен. Соның сотқар-солақай Солтан болысты шенеген «Қай заман?» деген өлеңін тыңда, - деп маған мынау екі ауызын айтты да, арғы жағын есіне түсіре алмай: - Е-е-е, естігенді еске түсіруден, көргенді танудан қалып барамын, менің жасыма жеткенде сен де өстисің, - деп жымиды. Жасы тоқсанның екеуін желкелеп отырған қарттың ол сергектігіне де  шүкіршілік. Арғы-бергі заманның ауыр-жеңілін аз көрмеген болар.

«Қай заман мына заман—іңір заман,
Есерге—май;  естіге—сіңір заман.
Болып тұр жазы шолақ,  қысы шұнақ,
Күйдірер де үсітер…   түрі жаман.

Қай заман мына заман—сығыр заман,
Сайқалдан ел-жұрт мезі-ығыр заман.
Айқайы албастының Айға жетіп,
Періште демікпе боп сыбырлаған...»

 

Біздің қариялар мұны бұрында «Ел аузында мынадай бір өлең бар» деп айтып отыратын еді. Көлемі он шақты шумақ-ты.  Ал жақында авторы белгілі болды. Біздің Ұлан ауданында (Шығыс Қазақстан облысы) туып-өскен, бүгінде Көкше өңірінде тұратын Шалғын ақсақал әңгіме әредігінде: - Сен «Ұранхай ауылынанмын» дедің ғой, іргелес Жақсыбай ауылында ма, әлде Сегізек пен Жама ауылдарының бірінде ме,  Тұрғынбай атты ақын болыпты. Менің бала кезімде. Өлеңді суырып салып айтатын шапшаң, батыл, орақ тілді кісі екен. Соның сотқар-солақай Солтан болысты шенеген «Қай заман?» деген өлеңін тыңда, - деп маған мынау екі ауызын айтты да, арғы жағын есіне түсіре алмай: - Е-е-е, естігенді еске түсіруден, көргенді танудан қалып барамын, менің жасыма жеткенде сен де өстисің, - деп жымиды. Жасы тоқсанның екеуін желкелеп отырған қарттың ол сергектігіне де  шүкіршілік. Арғы-бергі заманның ауыр-жеңілін аз көрмеген болар.

-Сендердің  замандарың әу баста түзу сияқты еді, енді түзуі не, қисығы не екенін біле алмайсың. Бүгін жақсы кісі ертең кәкәк, ал бүгін кәкәк кісі ертең жақсы бола салады... е-е-е... «көп жүрсең көпті көресің» рас, - деп басын изеді.

Тұрсекеңнің: «Қай заман мына заман - іңір заман» дегеніндей-ау!

Гәзет беттерінен Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновтың орынбасары болған Александр Кошевойдың Мәскеуде тұтқындалғанын, оған  «қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке 2 миллион теңге зиян келтірген болатын» деп айып тағылып жатқанын оқығанда бүгінгінің «Қай заман?» екенін түсіне алмай жүрген Шәкеңнің де, Ғалымжанның да бейнелері көз алдыма келе қалды. Шәкең шалдығып, үйінде іштен тынып отыр. Ғалымжан болса, жеті жыл түрменің тауқыметін тартып, әлі емделумен жүр.

Ал «2 миллион теңге» деген цифр менің ғана емес,  баршаларыңыздың естеріңізде сақтаулы шығар. Ғалымжанға тергеуде тағылған айыпта, сот шығарған үкімде: «Мемлекетке 2 миллион теңге зиян келтірді» делінді емес пе? «Келтірген зияны» - павлодарлықтардың мүддесі үшін сол қаржыны үкіметтің бір қалтасынан алып, екіншісіне салғаны. Куә Шоқпытов деген де, тергеуші Құсайынов деген де, сот Тарасенко деген де:  «Жақиянов пәлен теңгені өзі ішіп-жеп қойды» дей алмады. Айтуға тиіс болып қаншама қағынғандарымен жоқты қайдан тапсын. Ол өкініштерінің орнын 7 жыл түрмеге кесумен толтырды. Қолдарына түссе, енді А. Кошевойға да сол 7 жылдың  дайын тұрғаны даусыз.

Дәл сол тұста бір министрдің сотталғаны естеріңізде шығар. Оған мемлекеттің, егер қателеспесем, 1,5 миллиард теңгесін талан-таражға салды деген айып тағылып, солай екені дәлелденіп,  оған 5 жыл...  шартты жаза беріліп, ол үкім оқылып бітісімен сот залында қолындағы кісенін лақтырып тастап, бостандыққа шығып кете барды емес пе?  Қазақстан сотының «дүние жүзіндегі ең әділ сот» екені солайша тағы бір дәлелденді ғой?!.

Заң орындарымыздың, бірінші кезекте, әрине, биліктің арада он жыл өткеннен кейін А. Кошевойды қармауында не гәп бар? Ол Ғалымжанмен неге бірге айыпталмады? Меніңше, бұл гәп басымызда екі құлақ барындай өзінен өзі анық. Ол- 2012-жылы сайлауда мәңгілік президент Н. Назарбаев  мырзаға қарсылас болуы әбден мүмкін Ғ. Жақияновқа күні бұрын құрық салу. Бәтуәсіз билік, Заманбек Нұрқаділевтен, Алтынбек Сәрсенбайұлынан қорыққанындай, Ғалымжаннан да қорқып отыр, ал «қорыққан бұрын жұдырықтайды»!

Биліктің алғаш тұтқанда-ақ Ғалымжаннан біржола құтылу «арманы» адыра қалды: кейін  мәлім болғанындай, түрмедегі сан қилы сойқандарды астыртын да, ашық та айтақтағандарынан екі жыл бойы «пайда» көре алмаған ҰҚК шенеуніктері түрме басшылығына «Жақияновтан тез құтылу» туралы нұсқау берген, алайда арын портфельге сатып көрмеген түрме бастығы ол жауыздықты оңашада Ғалымжанға айтқан да, өзі бас сауғалап, Мәскеуге дереу көшіп кеткен. Тәуелсіз гәзеттен сол оқиғаны оқыған сәтімде ойша таразымның бір табағына Ғалымжанды қалайда соттауды безеріп-сазарып жоспарлаған тексіздерді, ол жоспарды алашапқын болып орындаған  арсыздарды, екінші табағына түрме бастығын салып едім, рухани сорлы тыраш  топ  отырған табақ сопаң етіп көтеріліп-ақ  кетті!

Тыраштың аты - тыраш. Ол тыраштанбай тірлік ете алмайды. Бірақ оның өрісі кең, өресі биік  болған емес. Халық тыраштыққа көне бермейді,  бір күні табанын тіліп, төбесін ояды!

 

14. 10. 2010 ж.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522