Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Асқанға - тосқан 7426 18 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 17:38

Татар саясаткері: қазақтарды түсінгің келсе, қазақша үйрен!

Жақында Татарстанның «Бизнес-онлайн» интернет басылымында саясаткер Римзиль Валеевтің «Қазақтар қалай жазып сөйлесе де – өздері білсін» («Пусть казахи говорят и пишут как хотят») атты мақаласы жария болды.

Геосаяси ахуал алағай да бұлағай болып тұрған осы тұста біз Римзиль Валеевтің мақаласын ықшамдап, тәржімалап беруді жөн таптық.

Татардың әм орыстың қоғам қайраткері Римзиль Валеев 90-жылдардың аяқ шеніндегі татар жұртына Кремль жасаған әліпбилік контрреволюцияны мысалға келтіре отырып, Президент Назарбаевтың 8 жыл ішінде қазақ әліпбиін латыншаға өткізу бастамасына өз пікірін білдірген.

«Мені таңдандырған жайт – орыс «интелегенциясының» Президент Назарбаевтың бастамасына танытқан реакциясы болды. Олар қазақтардың қазақ  тілін жаһандандыруға (глоболизациялауға, яғни латын қаріпіне көшуіне деп түсінуге болады. - ред) жасап отырған қадамына үреймен қарайды. Бұл олардың қай сасқаны?   Ауқатты экономикасы, Халықаралық саясатта салмағы, БҰҰ-ға мүшелігі, көршілес мемлекеттермен қоян-қолтық қарым-қатынасы  Қазақстан мұндай мәселені ешкімнің көмегінсіз-ақ жүйелі түрде шеше алады. Қазақша жазып, қазақша сөйлейтін байырғы жұртты латын әліпбиіне көшіру 8 жылдың ішінде жүргізіледі. Шындап келгенде ағылшын, неміс, француз тілінде оқыған бұл халыққа латын графикасы таңсық емес-тін. 1929-1940 жылдары латыннан кирилицаға көшіру процессі бір аптада жүргізілді ғой», - дейді саясаткер Валеев. Шынығында, 1929 жылы Ахмет Байтұрсыновтың төте жазуынан латыншаға ауысқан 11 жылда Алаш арыстарының латын әліпбиінде жарық көрген туындылары әлі күнге шаң басып мұрағаттарда жатыр. Осы жайттарды бес саусағындай білетін татар саясаткері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне өту  бастамасына бұлқан-талқан болған орыс басылымдары мен Кремльдің шолақбелсенді саясаткерлерінің аузына ұрып, «Орыс әлемін сақтап қалуға басқа емес, Қазақстанның сіңіріп жатқан еңбегі көп» екендігін атап өтеді.

«Менің түсінбейтінім Қазақстанда халық саны бойынша 71 пайыздан асатын қазақтардың ұлттық біртектілігі орыс саясаткерлеріне неге ұнамайды?.. Қазақстанда тұратын орыстарға, татарларға немесе басқа ұлттарға ұлттық бірлігін сақтауға болады да, қазақтарға болмай ма? Орыс әлемін сақтап қалуға басқа емес, Қазақстанның сіңіріп жатқан еңбегі көп. Керек десеңіз, Сәбет одағын сақтап қалу үшін ең соңына дейін шыдап баққан да осы қазақ болды», - дейді Римзиль әбзиіміз.

«Қазақтар орыс әлеміне сатқындық жасады» деп шулаған саясаткерсымақ Инконников, Живов, Шахматов, Дубнов сықылды саржағал саясаткерлерге берген Валеевтің өткір жауабын мына жерден оқысаңыздар болады.

«Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеяның ұяттан безген, (оголтелом), есуас болған (контуженным), империалистік түсініктен арылмаған субьектіге ұнамайтынын жақсы түсінеді. Дегенмен қазақтар ешкімге жалтақтамай, өздеріне керектіні жүзеге асыруда. Халық өз көшімен жүріп келеді. Бұның қазақтардан басқаға не қатысы бар?..», - дей келе Валеев мырза Қазақстанда ешқандай тілдік шектеудің жоқтығын алға тартады.

Қазақстанда Ресейдің Мемлекеттік тіліне айрықша статус берілгені тағы рас. Жатыры бір, орысқа ағайын жұрттың (діні, тілі бір Украина, Молдова, Балтық елдері) өздері Ресей тіліне шектеу қойып жатқанда орысшалап отырған аз елдің бірі – Қазақстан екені және өтірік емес. Осыны тайға таңба басқандай етіп айтқан Валеев қазақтарды түсінгің келсе, қазақша үйрен дейді.

«Қазақ тілін кирилицада оқымаған адам, оны латыншада да оқымайды. Бірақ, қазақтар қазақша сөйлемейтін, жазбайтындармен де мәдениетті қарым-қатынаста. Орысшаңды оқи бер, саған ешкім шектеу қойып жатқан жоқ. Ал енді, қазақтар өзара не айтып жатқанын білгің келсе, онда қазақ тілін үйрен. Оған да мүмкіндік бар. Міне, бар болғаны осы», - депті саясаткер Римзиль Валеев. Мақаланың соңғы түйіні етіп алған түпнұсқада былай:

«Похоже, Нурсултан Назарбаев понимает, что оголтелым и контуженным субъектам с имперским мышлением эта реформа может не понравиться. Но казахи никому не дерзят, но делают то, что им нужно. Просто человек (и народ!) идет своим путем так, как ему виднее. Это же никого, кроме казахов, не касается. Тот, кто не читает по-казахски кириллицей, так же не читает на этом языке и латинскими буквами! Но и с ним, нечитающим и непишущим, казахи тоже обращаются весьма культурно. Читай по-русски, пиши, говори, никто не ограничивает. Если хочешь послушать, о чем говорят между собой казахи, подучить их язык никто не мешает. Во такая политика».

Орыс тілінен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052