Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Алаң 5636 6 пікір 26 Мамыр, 2017 сағат 15:01

Барлық пәле сарапшылар мен үзеңгілестерден шығады

 Мен Тәуелсіздігіміздің бірінші жылы билікке орысшыл қазақтар келді дедім, бара келе жағдай өзгереді деп сендік, бірақ, қазақ ішіндегі орысшылдық күш ала түсуде. Бұны тоқтату керек, әйтпесе ертең тым кеш болуы мүмкін. Біздегі көптеген  лауазымды қызмет иелері - орысшылдар. Оларды Ресейдің ықпалындағы агенттер, яғни, жансыздар деуге болады. Басқа елдердің ішіне өз агенттерін жіберетін  Путиннің әдеті бар. Олар, тіпті, ҚР Президенті емес, РФ Президентіне лоялды. Басқа елге лоялдылықтың белгісі - төл тілін толық білмейтін шенеуніктердің жүріс-тұрысынан байқалады.

Тіл "жұмсақ күш", бірақ бұл күш өте әсерлі күш. Бізге "позитивті тілдік дискриминация" саясаты және "нормативті ұлтшылдық" саясат керек. Бұл саясат отаршылдық пен ұлттық езгіден құтылған елдерде пайдаланылып, тіл саясатының пәрменін көтерді. Жоғарыда аталған саясат атаулары халықаралық құқықпен және адам құқығымен әбден сәйкеседі. "Позитивті тілдік дискриминация" саясаты мен  "нормативті ұлтшылдық" саясат қолға алынып, жүзеге асқан соң он-онбес жылдан кейін аяқталуы керек.

Орысшылдардың кейбіреуі Ресейдің агенті болмауы мүмкін, бірақ ол русофил, немесе орысқұл, олар Ресейдің мүддесіне тегін және өз ниетімен еңбек етеді. Турасын айтқанда, айлықты бізден алып, қызметті Ресейге істемек. Аса өрескел орысшыл әрекеттерімен көрінген Майлыбаев пен Галихиндер қызметтен қуылды, бірақ отаршылдыққа қарсы люстрация жұмысын арықарай жалғастыра беруі қажет. Мені үрейлендіретіні - орыс азайса (20%-тен кем) да орысшылдықтың азаймағандығы. Кейбір жағдайда бұндай ахуалға эксперттер кінәлі: олар саяси конъюктураға сәйкес ұсыныстар жасайды. Соның бір көрінісі Ресейдің ықпалындағы агенттердің ықпалымен үштұғырлы тіл саясаты бізде ірге теуіп қалды. Қазақ мектептерін орыстандыруды Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында шындап қолға алдық. Әрбір заң, ұсыныс сарапшылардың саралауынан өтеді, солардың визасы арқылы жүзеге асады.

Егерде сарапшылар өз қарсылығын білдіріп, бұл жоба шикі деп тапса, "үштұғырлы тіл" өтпей қалатын еді. Барлық кем кетікті Назарбаевқа жабу Назарбаев дәуірінен кейін етек жаюы мүмкін. Президенттің қазіргі көзі тірі кейбір үзенгілестері естелік жазып, атын шығарап, барлық жақсылықты өз басына үйіп, кем-кетікті дәуірлік тұлғаға иетруі ықтимал. Сондықтан  айтарым: барлық пәле сарапшылар мен үзеңгілестерден шығады...

Әзімбай Ғали

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006