Ғылыми сарапшылар қорытынды шығарды
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінен ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Мемлекет тарихы институтына орын алған мәселеге қатысты ғылыми сараптама мен түсініктеме беру туралы ресми сұрау жолданған болатын. Осы негізде ҚР Тарихшылары мен қоғамтанушылары лигасымен ескерткіш-мүсіндерге тарихи-антропологиялық сараптама жасау жөніндегі арнайы комиссия құрылып, аталған мәселені зерттеді.
Комиссия құрамына ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Болон ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, еліміздің әлемге танымал тұңғыш антропологi Оразақ Смағұлұлы; Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған; тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов; тарих ғылымдарының докторы, профессор Сейітқали Мадуанов; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Хабдуллина; тарих ғылымдарының кандидаты Құралай Сәрсембина сынды белгілі тарихшы, ғалым-мамандар енгізілді.

Ғылыми сарапшылардың айтуынша бұндай ескерткіштерді әзірлемес бұрын, алдымен оны мүсіншілердің жан-жақты талқысы мен сараптамаларынан өткізіп алу қажет. Себебі тарихи тұлғалардың сырт-пішінді жалпы ерекшеліктерін, ұлттық және эмоционалдық жақтарын жан-жақты ашып көрсету хас шеберлердің кәсібилігін талап етеді. Бұл орайда, қарадүрсін үлгіге ғана иек артуға әсте болмақ емес. Әсіресе басты назарды тарихи тұлғалардың антуражына, сол кезеңдегі жауынгерлердің қару-жарақтары мен сырт киімдерінің үлгілеріне аударған жөн. Себебі сол кезеңде өмір сүрген тарихи тұлғалардың сырт-пішіндері өз дәуірінің ұлттық сипатымен сәйкесуі қажет.
Әлемге әйгілі антрополог О. Смағұлұлының айтуынша, мүсіндердің сыртқы пішіндері мен үлгілеріне басты назар аударылуы тиіс. Антропологияда бет-пішін морфологиялық ерекшеліктерден қалыптасады. Яғни, қалпына келтірілген бас сүйектің мүсін-бейнесіне образдық, эмоциялық көріністерді бермей, қарапайым тірі кезіндегі морфологиялық ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысады. Қазақ ұлтының антропологиясы бойынша, әсіресе орта ғасырларда қазақтардың беті жалпақтау, әрі биік болып келген, сақал-мұрттары айтарлықтай өсіп-өнген, көз ұяларының құрылымы орташа деңгейде жетілген, кейбіреулерінің мұрын қыры қайқылау болған. Ал бізге ұсынылған мүсіндер нұсқасында сол замандағы атропологиялық ерекшеліктер мүлдем ескерілмеген.
- Мүсіндерді құю барысында сол заманның киім үлгілері мен қару-жарақтарының ерекшеліктері де ескерілмеген. Тіпті сауытсаймандар да бір үлгіде. Ал ол хандарда әртүрлі болған, - дейді Марал Хабдуллина.
Тарихшылар бәрінен бұрын ескерткіш мүсіндердің өндірістік сапасы анағұрлым мықты өз елімізде емес, Қытай жерінде құйылғанына қапаланып отыр.
- Біздің елімізде бұл жобаны толығымен орындап шығудың барлық мүмкіндіктері бар. Одан басқа, мүсіндердің көркемдік құндылықтары мен оны әзірлеу барысында қателіктерге ұрынбау үшін арнайы сараптама комиссиясы құрылуы тиіс еді, - дейді Хангелді Әбжан.
Сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша, аталған объект сәулеттік-идеологиялық жағынан да, көркемдік және тарихи-мәдени тұрғысынан да ешбір сын мен сапаны көтермейді.
Ескерткіш-мүсіндерді әзірлеудегі орын алған түрлі тарихи, практикалық және заңдық көптеген қателіктер бүгінгі және болашақ ұлт ұрпақтарын шатастыратын шала дүние болып табылады. Бұл аталған мүсіндердің ұсынылып отырған қазіргі нұсқасында оларды қоғамдық орындарға орналастыруға мүлдем болмайтындығын көрсетеді. Мүсіндерді дәл осы қалыптарында орналастыру Қазақ Хандығының негізін қалаған тарихи тұлғалардың даңқына дақ түсіріп, рухы мен әруағын қорлап, сүйекке таңба салатын, ұлт тарихын масқаралауға ұрындыратын дүние болмақ.
Комиссия мүшелерінің пікірінше, Керей мен Жәнібек хандарға арналатын ескерткіштер - кәсіби тұрғыда талқыланып, өте мұқият орындауды қажет ететін қастерлі дүние. Сондықтан да мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық талқылау мен ең үздік жобаны анықтайтын конкурс жариялаған жөн.
«Қазақ тарихы» журналынан