Геройхан Нұрлан. Махамбет молданың мұнысы несі
Астана қаласы орталық мешітінің бас имамы Құлмұхаммед Махамбет мырза Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының басшысы Асқар Мәминге үшбу хат жазыпты. Астананың бас молдасы өз хатында ел аумағына жолаушылар таситын вагондардың купесін әйел жіне ер адамдардікі етіп екі бөлуді өтініпті. Себебі, дейді молдекең, мешітке келген жамағаттардың тілегімен байланыстыра келіп, бір купеге орналасқан сан алуан жынысты жолаушылармен сапарлас болу кейбір мұсылман әйелдерге үлкен ыңғайсыздық әкелетін көрінеді екен. Бас имам өз ұсынысы іске асқан жағдайда жолаушылар тасымалының қызмет сапасы артып, адамдардың бір-біріне деген көзқарасы мен сыйлыстығы артатынына үмітті екенін айтқан.
Әуелі, заңға қарайық. Зайырлы мемлекетіміздің заңында діннің мемлекеттен бөлек екені анық айтылған. Бұдан шығатын қортынды мемлекет діни мәселемен айналыспайды алайда, мемлекет барлық азаматтардың діни наным-сеніміне қарамай толық мүмкіндік жасайды деген сөз. Мұны бір деп қойыңыз.

Екіншіден, бүгін вагондардағы орындарды адамның жынысына қарай бөлуді сұрағандар ертең қоғамның барлық қызмет көрсету саласында осындай діни дәстүрді жаңғыртамыз деп жанығып жүрсе не бетімізді айтамыз? Діни сұрақтан басталған дүние ертеңгң күні нәсілдік не болмаса ұлттық мәселеген айналып кетпесіне кім кепіл? Ал ешбір дінге сенбей дәл осы вагондарда әйел затымен бірге жүргісі келетіндерді қайтпекпіз? Мысалы, ерлі-зайыптылар. Әлде, молдекеңнің пікірінше, қазақ вагондары мұсылман, кәпір, шүршіт, қазақ, орыс, әйел, еркек, діндар, дінсіз деп бөлініп жүруі қажет пе? Мұндай пойызды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы түгілі, Қазақстанның өзі де алып жүре алмас!
Жалпы алғанда, астаналық мұсылман қауымының басшысының ұсынысы ұлттық болмысымызға да, қарапайым логикаға да жат дүние екенін мойындауымыз керек. Айтқан ауызға, әрине жазық жоқ. Демократиялы елміз деп атанамыз. Яғни әркімнің өз пікірін ашық айтуға қақы бар. Алайда, үлкен бір қауымның, діни конфессияның атынан сөйлеген кезде шаңыраққа да, айналаға да қарап сөйлегеніміз дұрыс болар дейміз.
«Абай-ақпарат»