Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5625 3 пікір 20 Шілде, 2017 сағат 15:11

«Өзбекконцерт» кәріне мінді. Ал қазақ өнері Қайраттан аспай тұр

Өзбек ағайындарда  жұрт алдында ән айтқысы келетін неменсе би билегісі келетін  әртістер лицензия үшін «Өзбекконцерттің»  арнайы құрылған Кеңесінің алдында жанды дауыспен ән салуы, би билеуі  керек екен. Бұрын өнерпаздар дисктерін тиісті органдарға өткізсе болғаны, есебі түгел еді.

Енді өзбек әншілері мен бишілеріне  сахна, көпшілік алдында ғана емес,  клиптерін ғаламторға шығармашылық кеңестің рұқсатынсыз (лицензиясыз) жариялауға тыйым салыныпты. "Сол арқылы біз ұлттық дәстүрді сақтап, өзіміздің менталитетке қайшы келетін клиптердің интернетте тарауына жол бермейміз", - депті   «Өзбекконцерт» басшысы Абдукаххаров.

Ұлттық дәстүрге сай емес клиптердің бәрін өзбектер  эфирден алып тастапты.  Осы 11 шілдеде "Өзбекконцерт" бірқатар әншілердің лицензиясының күшін жойған.  Лицензия әншілерге, бишілерге бір жылға ғана беріледі.  Қандай дұрыс шешім!

Ал бізде ше.. Ютубты ашып қараңызшы (тегі  ашпағаныңыз дұрыс). Небір дәмі жоқ, татуы жоқ  әнсымақ клиптерден  көз  сүрінеді. Тұтастай қазақ жұрты бәрін қойып ән айтуға көшкен бе дейсіз.  Әсіресе,  әркім  түрлі тойларындағы  әу дегеннің, қисаңдағандарын би көріп, соның үзінділерін салып мәз-мейрам. Ал «би биледім» деген  дөрекі де анайы қимылдардың сан түрін көріп,  ұялуды қойып, бойымыз үйреніп барады. Ол аз болғандай, «Той-думан» сияқты  қазақша телеарналар ашылып, ерінбегеннің  не дұрыс даусы, не дұрыс сөзі жоқ жабайы клиптерін қаптатты.  Байқап, барласаңыз, клиптердің дені өзгеден көшірме.  Бейнекөріністері анадан-мынадан, түрік, орыс, өзбек, қырғыздан ұрлағандар. Әртіс-әншілеріміздің, бишілеріміздің  киімін қараңыз, таза қазаққа тән стиль, талғам, танымға сай бірдеңе таба аласыз ба?!  Еліктеу, бірақ еліктеу түбі – өшу.

Ал енді Қазақ радиосында сорақының көкесі бар. Түске таман радионың құлағын бұрап  ашып қойып көріңіз. Тыңдайтыныңыз - тыңдармандардың сұраулары бойынша тегін концерт (көнерген ескі формат)... Бір ғажабы бәрінің  сұрайтыны – Қайрат Нұртастың орындауындағы туған күнге арналған ән.  Сізге өтірік, бізге шын, құдайдың құтты күні десе де болады сол әнді айналдырған бір-екі сағаттың ішінде сан рет қайталайды. «Апыр-ау,  қазақ радиосы деген   бұл миллондаған қазақтың  құлағы  ғой» деп ешбірінің қаперіне кіріп те шықпайды «Бүгін, бүгін, бүгін сенің туған күнің» деген дауыс әбден құлақты сарсытты. Сондай-ақ, Заттыбектің «Немереме» деген әні де осының кебін киген. Радиодағылардың осындай қылығынан кейін жұрттың  талғамы да өзгерді. Енді тыңдарман қауқарсыз, нәрсіз, есті сөзі жоқ әндерді сұрайтын болды. Талғамның түрі «бүгін, бүгін, бүгін» болып тұр..

...Талғам дегеннен шығады, бір досым уатсапбымен небір сан түрлі жан-жануар, аң-құспен сүйісіп, жаласып, тас-түйін құшақтасқан адамдарды салып жіберіпті.

 Ж.Байқуат

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413