Әзиз ӘМІРЕ. Ғалымдар қайтып келе ме?..
ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов шетелде еңбек етіп жүрген қазақ ғалымдарын елге шақыру туралы бастама көтеріп отыр. Бұл туралы ол Сенаттың пленарлық отырсында мәлімдеді. Министр мырзаның айтуынша, министрлік 125 ғалымның тізімін жасап қойыпты. Дегенмен, аталған ғалымдар министрліктің шақыруын құп алып елге қайтып келе қояр ма екен?.. Оған министр мырза да кепілдік бере алмайтын сияқты. Дегенмен, ол еліміздің интеллектуалдық мүмкіндігін сақтау үшін барлық жағдай жасалып отырғанын айтады. Әсіресе, «Назарбаев университеті» үлкен роль атқарады дейді.
Б.Жұмағұловтың мұнысы жаңа қызметіндегі пиар-акция ғана болуы мүмкін. Неге дейсіз ғой? Оған бір ғана мысал келтірейік. Мәселен, Қуат Есенов деген есім сізге таныс па? Танымасаңыз, есіңізге салайық, оны кезінде Елбасының өзі «алтын бала» атаған. Ол ең көп жетістіктерге жеткен оқушы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Қуат Павлодардағы №8 лицейде оқып жүргенінде бірнеше мәрте кезігіп, сұхбаттасқанымыз бар. Біртоға, үнемі ойға шомып жүретін жасөспірім өзінің бар талантын елінің ертеңі үшін жұмсағысы келетінін айтатын. Мектеп бітірген соң оқуын өз күшімен Америкада жалғастырды. Сонда жүріп информатика саласында үлкен жаңалық ашты. Оның авторлық құқығын америкалық бір компания сатып алып, Қуаттың өзі сол компанияның ең жоғары жалақы алатын қызметкері ретінде жұмысқа тұрды.
ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов шетелде еңбек етіп жүрген қазақ ғалымдарын елге шақыру туралы бастама көтеріп отыр. Бұл туралы ол Сенаттың пленарлық отырсында мәлімдеді. Министр мырзаның айтуынша, министрлік 125 ғалымның тізімін жасап қойыпты. Дегенмен, аталған ғалымдар министрліктің шақыруын құп алып елге қайтып келе қояр ма екен?.. Оған министр мырза да кепілдік бере алмайтын сияқты. Дегенмен, ол еліміздің интеллектуалдық мүмкіндігін сақтау үшін барлық жағдай жасалып отырғанын айтады. Әсіресе, «Назарбаев университеті» үлкен роль атқарады дейді.
Б.Жұмағұловтың мұнысы жаңа қызметіндегі пиар-акция ғана болуы мүмкін. Неге дейсіз ғой? Оған бір ғана мысал келтірейік. Мәселен, Қуат Есенов деген есім сізге таныс па? Танымасаңыз, есіңізге салайық, оны кезінде Елбасының өзі «алтын бала» атаған. Ол ең көп жетістіктерге жеткен оқушы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Қуат Павлодардағы №8 лицейде оқып жүргенінде бірнеше мәрте кезігіп, сұхбаттасқанымыз бар. Біртоға, үнемі ойға шомып жүретін жасөспірім өзінің бар талантын елінің ертеңі үшін жұмсағысы келетінін айтатын. Мектеп бітірген соң оқуын өз күшімен Америкада жалғастырды. Сонда жүріп информатика саласында үлкен жаңалық ашты. Оның авторлық құқығын америкалық бір компания сатып алып, Қуаттың өзі сол компанияның ең жоғары жалақы алатын қызметкері ретінде жұмысқа тұрды.
Павлодардағы Қуат оқыған лицей ТМД елдеріндегі ең мықты математикалық мектептердің бірі ғана емес, бірегейі саналады. Осы мектептің кезінде ТМД-дағы оқушылар арасында ең жоғары нәтижелер көрсеткен 15 түлегі де АҚШ-та қалды. Олардың ішіндегі «Болашақ» бағдарламасымен оқығандар үшін АҚШ Қазақстанға айппұл төлеп беруде.
Айтпақшы, осыдан екі жыл бұрын Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кіріскен кезде «Болашақтықтармен» кездескісі келген. Масқара болғанда облыста «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып, елге қайтып келген бірде-бір бала табылмады. Әкім тиісті органдарға «Болашақ» бойынша оқыған баларды елге шақыру туралы тапсырма берген. Алайда, ол міндет әлі жүзеге асқан жоқ. «Болашақ» бойынша шетмемлекеттерде оқып келгендердің өзі елде жақсы жұмысқа тұра алмайды. Өйткені, біздің елде жақсы қызметтерге тек сыбайлас-жемқорлық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Оған жастардың көзі әбден жетіп, жүректері шайлығып қалған.
Демек, министр Б.Жұмағұловтың шетелдегі ғалымдарды алып келеміз дегені бос әңгіме ғана. Елдегі сыбайлас-жемқорлық азаймай ғалымдардың қайтып келуі мүмкін емес.
Білім және ғылым министрлігіне 12-ші министр болып тағайындалған Бақытжан Жұмағұлов елге жас ғалымдарды қайтарып алумен қатар ҰБТ-ға (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу) да бетбұрыс жасайтынын білдірді. Бақытжан Тұрсынұлының көпшілікпен интернет арқылы құрған сұхбатынынан ептеп ұққанымыз - бұдан былай ҰБТ екі сатылы болатын көрінеді. Тестілеудің бірінші сатысы - оқушының орташа білім алғанын, орта мектепті «Алтын белгімен» немесе үздік тәмамдағанын айғақтайды. Тестілеудің екінші сатысында талапкер өзі қалаған мамандық бойынша бір пәннен сынақ тапсырады. «Бұл өзі Түймебаевтан бері бар дәстүр» дейді мектеп оқытушылары. Ендеше, бұны Жұмағұлов мырза несіне жаңалық етіп айтып отыр?.. Түсінбедік.
Жалпы біздегі білім беру саласында қойыртпақ көп. Министр орынтағына қонжиғанның қайсысы болмасын қызметін реформадан бастайды. Бастайды да тастайды. Себебі жыл ұзатпай жылы орнын босататын экс-министрдің орнына келген кезекті министр әріптесінің ісін іске алғысыз етіп, білім мен ғылым саласына тыңнан түрен салмақ болып әуреленеді. Оларды қойшы, бірі кетсе бірі келер, екі ортада жастарға обал болды. Мектеп бағдарламасы ауыр. Олақ қолдардан өткен оқулықтар бірінен біріне көшіп жүр. Мектептердің, әсіресе, қазақ мектептерінің материалдық базасы өте нашар. Жә, бұл жайт айтылып та, жазылып та келе жатқан тақырып. Біз білімнің еліміздегі берекесіздігіне бір себеп төмендегі жайттар ма деген ойға бекіп отырмыз. Қараңыз:
БІЛІМ МИНИСТРЛЕРІ
1. 1988-1993 қазанына дейін - Шайсұлтан Шаяхметов
Бұл жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары: лицей, гимназия, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждердің пайда болған уақыты еді.
2. 1993-1994 қарашасына дейін - Ережеп Мәмбетқазиев
Осы кезде 1994 жылы преиздент Н.Назарбаевтың қолдауымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындала бастайды. Он жылдың көлемінде мыңнан аса бала алдыңғы қатарлы шетелдік ЖОО-лардан білім алса, 2005 жылдан бастап «Болашақ» балалар санын 3000-ға жеткізеді.
3. 1994-1997 наурызына дейін - Мұрат Жұрынов
1996 жылы сырттан келіп жатқан қандастарымызды қолдау мақсатында арнайы Мемлекеттік бағдарлама қабылданады. Онда қамтылған негізгі мәселелер атажұртына оралғандарды оқыту және қайта оқыту. Алайда, ә дегенде қарқынды жүрген бұл бастаманың аяғы сұйылып, қазір шетелдегі қазақ балаларына бөлінген орындарды шетел азаматтарына беріп, соларды жарылқап жатқанын жазғанбыз. 1996 жылы қабылданған «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» қаулысы жарық көрген екен. Алайда, өзге елдің ғылымының көсегесін көгертіп жүрген басы алтын балалар бұл қаулының қызығын көрмепті, жазғандар. Бұл да кезекті бір қағаз жүзіндегі бастама екенін көрсетеді. Әрине,оқушылар арасындағы олимпиадалардан орын алған балаларды үкімет ұяламаса, осы қаулысына дәлел ретінде келтірер.
5. 1997-1997 қазанына дейін - Иманғали Тасмағанбетов
1997-2000 желтоқсанына дейін - Қырымбек Көшербаев
Білім саласын кезекті министрі Қырымбек Көшербаевтың тұсында оқу жүйесін техникалық базамен жабдықтау міндеті арнайы орта бiлiм жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасын қабылдауға мұрындық болады. Міндет республика мектептерiн мультимедиялық компьютерлiк сыныптармен қамтамасыз ету, компьютерлiк оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, бiлiм берудi басқару жүйесiн ақпараттандыру. Ал, содан бері неше жыл өтті. Бүкіл мектепті интернетпен жабдықтап, ақпараттандырдық дейді үкімет. Ал, қаншама мектептің едені сықырлап, шаңы бұрқырап, есігі шиқылдап, кейбіреу құлап жатыр. Мұндай мектепте қандай заманауи жабдықтау мен ақпараттандыру болады. Сіз осыған сенесіз бе? Дәл осы жылы «Жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi дайындау және басып шығару туралы» кешендi бағдарлама жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн жаңа үлгiдегi оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдар жасауды мақсат еткен еді. Бұл бағдарламаның басынан бағы тайғалы қашан. Күні бүгінге дейін жібі түзу бірде-бір оқулықтың жазылмауы ал, жазылған оқулықтың қателігінен аяқ алып жүргісіз. Тіпті, оқулықтағы қателіктерді бастауыш класс оқушысына дейін сынға алғаны мәлім. Бірақ, бұған министрлік былқ еткен жоқ. Кінәні авторларға, баспаға итере салды да судан ақ, сүттен таза болып шыға келді.
1999-2000 - Владимир Школьник
Школьник те адасып жүріп кіріп кеткен жандай білім саласын бір жыл басқарып ол да кете барды
7. 2000-2002 қаңтарына дейін - Нұрәлі Бектұрғанов
Бұдан кейінгі министр Нұрәлі Бектұрғанов кезінде де білім саласы жаңарып, жаңғырып кеткен жоқ. Тек «Хабардың» мәліметтері ғана елге жетіп жатты.
8. 2002-2003 15 маусымына дейін - Шәмшә Беркімбаева
Шәмша Беркімбаева ханым министрліктің тізгінін өз қолына алған кезде «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жарық көрді. Мақсаты қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Міне, екі мың әлі реформа. Ал, нақты жасалған іс нөл. Қайран қағаз іске аспаған бағдарламаға қор болған.
2004 жылдың13 желтоқсанына дейін - Жақсылық Күлекеев
Білім және ғылым министрлігін бір жыл басқарған Жақсылық Құлекеев Ұлттық бірыңғай тест жүйесін енгізді. Сол жүйеңіз жұрттың жүйкесін әлі тоздырып келеді. Бұл жүйеге әр министр өз жанынан «жаңалық» қосуға құмар болып алды.
Дәл осы кісі қазан құлағын ұстап отырған жылдары 12 жылдық білім беру жүйесі деген нәрсе пайда болып, бұл «мың бір түн» ертегісінен де ұзақ әрі шым-шытырық болып шықты. 12 жылдық оқу десе, елдің басының сақинасы ұстап қалатын жағдайға жетті.
10. 2004-2007 жылдың 8 қаңтарына дейін - Бірғаным Әйтімова
Бірғаным Әйтімова министрлікке басшылық жасаған кезде білім саласын жетілдіреміз деп тағы бірнеше бағдарлама қабылдап, білі туралы заңды да қайта қарап шықты. Бірақ, бұл «жаңалықтар да» министрдің тарптасын да жатып сарғайды.
11. 2007 жылдың 10 қаңтарынан - Жансеиіт Түймебаев
Кеше ғана кеткен Жансейіт Түймебаевтың тұсында несиелік оқу жүйесі, шетелдік ғалымдарға оқулық жаздыру сияқты «тың» идеялар бас көтеріп алдыңғысы аз болғандай тағы бірнеше бағдарламаны қабылданды. Қарап отырсақ, әр министр бағдарламаны қабылдап болар-болмас та орнынан сусып түсе береді. Яғни білім саласында ешбір бастама аяғна жетпеген. Ал, болашақ туралы не деуге болады?
12. 2010 жылғы 22 қыркүйектен - Бақытжан Жұмағұлов
Су жаңа министр Бақытжан Жұмағұлов та үйтемні де, бүйтемін деп тулап жатыр. Мектептерге, балаларға обал-ақ болды.
http://www.masa.kz/article/view/id/169