Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2585 0 пікір 12 Қараша, 2010 сағат 10:46

Оңғар Қабденов. Студенттің жеті жоғы

Өзгелер үшін студент төңкерісшіл, прогресшіл қауым болса, қазақ үшін санда бар, санатта жоқ қауым. Сайлау таяғанда ғана «еске түсетін» сол «жұрттың» жоғалтқан жеті жоғы бар екен...

1. Патриотизмнің жоқтығы

Қазіргі жаһандану дәуіріндегі жастарымызға өте қажет Отансүйгіштік, мемлекетшілдік қасиеттердің жоғалып бара жатқанына ішің қан жылайды.

Мемлекеттік рәміздердің нышандарына насихаттың жоқтығы да елдігімізге сын болып тұр. Елтаңбаның әр бөлшегі нені білдіретінін сауалнама барысында жастарымыздың 70 пайызы білмейтіні жағаңды ұстатады. Шетелдерде мемлекеттік Әнұран шырқалғанда қолдарын жүректеріне қойып бірге шырқайды екен. Әнұран демекші, жақында бірнеше жасөспірімнің ұялы телефонынан қазіргі Әнұранымыздың remix-ін естіп, айран-асыр болдық. Ал бұған не дерсіз?

 

2. Қазақ тіліне құрметінің жоқтығы

Өзгелер үшін студент төңкерісшіл, прогресшіл қауым болса, қазақ үшін санда бар, санатта жоқ қауым. Сайлау таяғанда ғана «еске түсетін» сол «жұрттың» жоғалтқан жеті жоғы бар екен...

1. Патриотизмнің жоқтығы

Қазіргі жаһандану дәуіріндегі жастарымызға өте қажет Отансүйгіштік, мемлекетшілдік қасиеттердің жоғалып бара жатқанына ішің қан жылайды.

Мемлекеттік рәміздердің нышандарына насихаттың жоқтығы да елдігімізге сын болып тұр. Елтаңбаның әр бөлшегі нені білдіретінін сауалнама барысында жастарымыздың 70 пайызы білмейтіні жағаңды ұстатады. Шетелдерде мемлекеттік Әнұран шырқалғанда қолдарын жүректеріне қойып бірге шырқайды екен. Әнұран демекші, жақында бірнеше жасөспірімнің ұялы телефонынан қазіргі Әнұранымыздың remix-ін естіп, айран-асыр болдық. Ал бұған не дерсіз?

 

2. Қазақ тіліне құрметінің жоқтығы

Жасыратыны жоқ, көптеген жоғары оқу орындарына бас сұқсаңыз, дәліздегі әңгімелердің ресми тілде өрбіп жатқанына көз жеткізу қиын емес. Анықтамалық кітаптардың, мамандыққа қатысты оқулықтардың дені орыс тілінде. Оған шалажансар аудармаларды қосыңыз. Бәрінен де қаракөздеріміздің АНА тіліне деген өгейлігі жүрегіңе тікендей қадалады екен. Мысалы, бір жылдары «Болашақ» бағдарламасымен мұхит асырған «қаймақтарымыз» «егер Қазақстанда қазақ тілі мәртебеге ие болып, патшалық құрар болса, біз елге қайтудан бас тартамыз» деп, дөң-айбат танытқаны да ел есінде. «Вундеркинд» деп дәріптеген бетке ұстарларымыз осылай деген соң, «болашаққа» жарыған екенбіз деген суық ой келеді екен. Үкімет бұл мәселені реттемесе «привет» «сәлеммен» сәлемдеспейтін шығар.

 

3. Студент статусының жоқтығы

Бүгінгі күні «мәдениетті қайыршыларымыздың» мәселелері қаншалықты шешілуде? Студенттер қауымы өзінің заңды құқығын біліп, пайдаланып жүр ме? «Білімді ұрпақ - ұлттық байлық деп жатамыз? Ал сол «ұлтты байытуға» талпынып жүрген өспірімдерімізге біз не берудеміз? Мысалы, Керекуде ғана емес, еліміздің көптеген қалаларында қоғамдық көліктерде студенттік жеңілдіктер жоқ. Егер елу пайыз жеңілдікпен жүрер болса, ол да студент қалтасы үшін көмек болар еді. Асханаларда да «ізденушілер» үшін студенттік жеңілдіктер қарастырылмаған. Мемлекеттік орындарда театр бола ма, кітапхана бола ма, студенттің статустары сақталса...

 

4. Парақордың қатарында жоқтығы

Сыбайлас жемқорлық жөнінде жоғары оқу орындарымыздың алдыңғы «жүлделі орындарға» нық бекініп, «қарсыластарынан» «қара үзіп» кеткенін ойласақ, дабыл қағарлықтай жағдай. Білім қуған өрендеріміз қай ағасының «ставкасы» қаншалықты, қай апайы қаншаға дейін бағалайтынын дүкендегі нанның бағасындай беске біледі. Содан да болар, айдындағы аққудай бес деген баға кез-келген кеще студенттің «зачёткасынды» Наполеон солдатындай шұбырып жүр. Студент сабағынан қалмай келіп жүрсе, біліміне сенімді болса неге пара берсін деген ой да қылаң береді. «Таяқтың екі ұшы бар». Ұстаздардың жағдайын жасаса параны алар ма еді, алмас па еді? «Параны алушы да, беруші де күнәһәр» екендігін ұмытпайық.

 

5. Жағдайының жоқтығы

Өзі жас болса, өзі студент болса, қайбір шекесі шылқып жүр дейсіз. Қазақ жастарын бірінші кезекте қинайтын баспана мәселесі. Ауылдан келген қаракөздердің басты үміті - өзі оқитын оқу ордасының жатақханасы. Павлодар облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2008-2009 оқу жылында 58817 студент тіркелген екен. Мысалы аймақтағы ірі жоғары оқу орны С. Торайғыров атындағы ПМУ-де 12 мыңдай студент білім алады екен. Ал жатақханада 364 студент тұрады. Алты жарым мыңдай студенті бар Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасында бес жүздей студент қоныстанған. Мәселе ме? Мәселе! Орын жоқ болған соң амалсыз пәтер жалдап тұруға тура келеді. Тамағына, киі-кешегіне, жүріп-тұруына да қаржы керек. Содан көпшілігі ата-анасына салмақ салмайын деп, түнгі жұмыстарға шығады. (Қылмысқа ұрынып қалатындары  да бар.) Түнімен жұмыста болып, ертеңінде қалғып мүлгіп отырған студент, жоғары оқу орнынан жоғары білім алып шығады деп айта алмайсыз. Оның үстіне оқу ақылары да жыл санап өсе түсуде. Қазақстан бойынша білім алып жатқандардың 75-80 пайызы ақылы бөлімде оқиды екен. Сонда ата-анасы мардымсыз жалақысына (ата-анасы жұмыс істесе) баласының  оқу ақысын төлей ме, әлде несиесін жаба ма? Қайтпек керек?

 

6. Дипломның керегі жоқтығы

Павлодар облысы бойынша былтырғы жылы жоғары оқу орындарын 6467 студент бітірген екен. Колледждерді 7519 өрен тәмәмдаса, кәсіби лицейлерден 3071 шәкірт білім алып шыққан. Ал олардың барлығының жұмыс тауып орналаса қойғандары да неғайбыл. Павлодар қалалық жұмыспен қамту бөліміне 713 түлек жұмыс іздеп барса, оның 583-і кәсіп таба алған. Ал жоғарыдағы 7519-дан қалған сан 5754 деген цифрды көрсетіп тұр.

Тісқаққан, еңбек өтілдері ондаған жылдап саналатын мамандардың өзі, екі қолға бір күрек қағидасымен басқа салаларда еңбек етіп жүргенде, күні кеше бітірген «сарыауыз балапандардың» жағдайлары айтпаса да түсінікті. Қос дипломы барлардың жұмыссыз отырғаны жаңалық болудан қалды. Қиындықтан жол табар ма екенсің Алаш ұланы?

Жоғарыдағы алты жоқтан кейін қорытынды өзінен-өзі шығып тұр.

 

7. Студенттің ешкімге керегі жоқтығы

Ахмет Байтұрсынұлы «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»- деген екен.

 

Қоғамның бүгінгі білінбейтін дерті - ертеңгі жазылмайтын ауруына ұласса қайтеміз?

Павлодар қаласы

 

http://masa.kz/article/view/id/172

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5558