Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2308 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 12:18

Серік ЖОЛДАСБАЙ. ҚҰРЫЛТАЙ мен СҰРҚЫЛТАЙ

Өткен аптада «Абай» ақпараттық порталына белгілі жазушы Ғаббас Қабышұлы қонақ ретінде шақырылған-ды. Ұлтжанды ағамыз интернет-конференцияда оқырмандардың сан сауалына барынша жауап беруге тырысып бағыпты. Әйтсе де, неге екені белгісіз, «Оралда Кіші жүз құрылтайы өтеді екен. Сізді құрылтайға шақырса, барар ма едіңіз?» деген сауалды жауапсыз қалдырыпты. Әрине, басты мәселе ағамыздың аталмыш сауалға жауап берген-бермегендігінде емес, осындай сыбыстың таралуында болып тұр.

 

«Абайлықтар» Ғаббас Ға­быш­ұлынан кейін іле-шала интер­нет-конференцияға респуб­ликалық «Қазақстан» газетінің бас редакторы Сер­ға­­зы Мұхтарбекті шақырғанды жөн көріпті. Бір қызығы, Ғаб­бас ағаға қойылған құрылтай мәсе­лесі Серғазы Мұхтар­бекті де айналып өтпепті. Оған «абай­­лық» оқырмандар­дың бірі: «Орал­да өткелі жат­қан Кіші жүз қазақтарының құрыл­тайына қалай қарайсыз? Ша­қыр­са, барасыз ба?» деген екен. Ал аталмыш оқырманның сауалына Секең:

Өткен аптада «Абай» ақпараттық порталына белгілі жазушы Ғаббас Қабышұлы қонақ ретінде шақырылған-ды. Ұлтжанды ағамыз интернет-конференцияда оқырмандардың сан сауалына барынша жауап беруге тырысып бағыпты. Әйтсе де, неге екені белгісіз, «Оралда Кіші жүз құрылтайы өтеді екен. Сізді құрылтайға шақырса, барар ма едіңіз?» деген сауалды жауапсыз қалдырыпты. Әрине, басты мәселе ағамыздың аталмыш сауалға жауап берген-бермегендігінде емес, осындай сыбыстың таралуында болып тұр.

 

«Абайлықтар» Ғаббас Ға­быш­ұлынан кейін іле-шала интер­нет-конференцияға респуб­ликалық «Қазақстан» газетінің бас редакторы Сер­ға­­зы Мұхтарбекті шақырғанды жөн көріпті. Бір қызығы, Ғаб­бас ағаға қойылған құрылтай мәсе­лесі Серғазы Мұхтар­бекті де айналып өтпепті. Оған «абай­­лық» оқырмандар­дың бірі: «Орал­да өткелі жат­қан Кіші жүз қазақтарының құрыл­тайына қалай қарайсыз? Ша­қыр­са, барасыз ба?» деген екен. Ал аталмыш оқырманның сауалына Секең:

«Бабаларынан би мен батыр жасаудан аламан бәйге ұйымдастырған қазаққа ендігі жетпегені жүз-жүз, ру-ру болып құрылтай өткізу еді. Менің түсінігімде мұндай қадамдар - еліміздің тұтастығы, ұлтымыздың бірлігі ішкендерін ірің, жегендерін желім етіп, тыныштық бермей отырған қас-дұшпандарымыздың арандатуларымен жасалып жатқан шаруа. Егер биліктің тарапынан тыйым болмаса, бір шара қолданылмаса, ертең бармақ шайнаймыз. Бүтін бір ұлтты ру-ру, жүз-жүзге бөліп, итше ырылдастырып қойып, миығынан күліп отырып, суырылып шыққандарды атасы өзге жігіттерге талаттырып қою. Ұлт көсемі үшін тиімді-ақ, әрине. Бірақ мәңгілік ештеңе жоқ қой. Ол кеткен күні «төбе­лескен» жігіттер татуласа қалады деп ойлайсыз ба? «Ең қиыны - жер дауы мен жесір дауы» деп жүргенде, жүздердің арасында дау шығып, дымымыз қалмай, шілдің қиынша шашырап кетпесімізге кім кепілдік бере алады?!» - деп, өз алаңдаушылығын білдіріпті.

Ал енді осы құрылтай жөнін­­дегі ақпар қаншалықты ақиқат? Мұны білу үшін біз Батыс Қазақстан облысындағы «Азат» партиясының төрайы­мы Хадиша Мұқановаға хабар­ласқан едік. Қызығы сол, бүкіл Қазақстанды дүрліктірген әң­гіме­ден Хадиша апамыз хабарсыз болып шықты. Есесіне «мен білем» дейтін азамат табылмай қалған жоқ. Ол - Әуелхан Шонжан дейтін жорналшы.

Оның айтуынша, құрылтай­ды ұйымдастырушы­лардың бірі «Жұмадағы жүз­десу» газе­тінің редакторы Қажымұқан Ғабдолла көрінеді. Екеуара әңгімеде Қажымұқан Әуелхан­ға құрылтайдың уақы­тын қаң­тардың 21-22-сі ара­лығы деп көрсеткен екен. Демек, құрыл­тай ма, құрқылтай ма, әйтеуір бір жиынның өтпегі айқын болды.

Сонымен, не керек, бас­қаны қойып, Қажымұқан Ғаб­дол­ланың өзіне хабарластық.

«Бұл - Кіші жүздің ғана емес, батыс қазақтарының құрылтайы. Мәселен, оған Қы­зылорда, Ақтау, Атырау, Ақ­төбе, Батыс Қазақстан сияқ­ты бес облыстан бөлек, өзге өңірлерден де қонақтар келіп қатысады», - дейді Қажекең еш саспастан. Ойбай-ау, онда неге бұл жұрт «Кіші жүз құрыл­тайы» десіп жатыр дейміз ғой біз, баяғы. «Елдің олай деп жүргені рас. Бірақ біз осы аймақтағы мәсе­лелерді, мә­се­лен, эко­логия­лық проблемаларды кө­те­ре­міз. Қазіргі кез­де бізге ешқан­дай партия көмектесіп жатқан жоқ. Дегенмен де елі­міздегі барлық саяси партия­лардың төраға­ларына айттық. Олар: «Қол­дай­мыз, барамыз», - деді. Әйт­се де, келер-келмесін олар­дың өздері шешеді. Құрылтайды өткізу арқылы ешқандай пар­тиясыз-ақ қазақ­тардың біріге алатынын дәлелдегіміз келіп отыр», - деді Қажымұқан Ғаб­дол­ла.

Бұдан не түсіндік? Бірігуі - дұрыс-ақ. Бірақ бұл қандай бірігу? Егер қазақтардың пар­тиясыз-ақ бірігуін көрсету мақсат болса, партия төраға­ларын шақыру қандай қажет­тіліктен туады? «Бес облыс­тың экологиясы» деген­нің өзі күлкілі. Өйткені Қызыл­орда мен Оралдың табиғаты - жер мен көктей. Қысқасы, шалдыр-шатпақ осы сөзден-ақ бірігу­ден гөрі, ірудің нышаны аңға­ры­латындай.

Кезінде Мұстафа Шоқай­ұлы: «Амангелді қыпшақ руынан еді. 1917 жылдың көкте­мінде төңкеріс басталып кеткен соң, Түркістан түріктерін майдан жұмысына алу тоқта­тылды. Уақытша үкімет тарапынан Торғай уәлаятына комиссар болып тағайындалған Әлихан Бөкей­ханов Торғай халқын көтерілісті тоқтатып, бейбіт өмірге қайтып оралуға шақырды. Әлиханмен бірге оның ең жақын достары болған ұлтшылдар - Ахмет Бай­тұрсынұлы, Міржақып Дулат­ұлы да халық бұқарасы арасына үгіт жүргізіп, дала уәлаяты тұрғындарын тыныштануға үндеді. Ахмет пен Міржақып арғын руынан болуы себепті Торғай өңіріндегі арғындар олардың сөздеріне құлақ асты да, қыпшақтан шығып, «хан» сайланған Әбдіғапар мен Амангелдіні тыңдамады. Нәти­же­сінде кеше ғана орыс отаршыларына қарсы бірге соғыс­қан Торғай қазақтары ен­ді қыпшақ пен арғын болып екіге жарылды...» - деп жазады «Батыр большевик Амангелді хақындағы ақиқат» деген мақаласында.

Автор одан әрі: «Бұл тұста халық арасына «төңкерістен соң орыс мұғажырлары Ресе­й­іне қайтатын көрінеді» деген қауесет сөз тараған. Осыдан келіп орыстардан қалатын жерді бөлу туралы мәселенің төбесі көріне бастады. Тірі жүрген аюдың терісі үшін арғын-қыпшақ таласқа түсті. Әбдіғапар хан мен Амангелді қыпшақтар жағын алып, арғындарға тізесін батырды. Рушылдыққа ешқашан бой ұрмаған Ахмет Байтұрсын мен Міржақып Дулатқа қыпшақтар арғындардың басшылары деп қарай бастады...» - дей келе: «Әбдіғапар мен Амангелдінің рушылдық дерті әбден асқын­ғаны сонша, 1917 жылы Орынборда болған жалпы қазақ құрылтайынан соң және 1918 жылдың жазында Торғай даласын аралап жүрген кезімде, маған да жақын кісілерін жібе­ріп, менің қыпшақ руынан еке­німді есіме салып, төреден шыққан Әлихан Бөкейхан мен арғыннан шыққан Ахмет, Мір­жақыптарға қарсы күресте біз­ге саяси жетекші болыңыз» деп өтініш жасады», - деп ойын сабақтай түседі.

Осы ретте «бізге саяси жетекші болыңыз» деген ру­лас­тарына Мұстафа не деп жауап қайырды деп ойлайсыз? «Жарайды» деп келісе кетті ме, әлде ұсыныстан бас тартты ма? Егер өз заманында сая­саткер Мұстафа рушылдығын алға оздырып алғанда, оны біздер бүгінгідей құрметтемес едік.

Меніңше, ол тек оқыған, сауатты көп қазақтың бірі болып қалар еді. Ал Мұс­тафа сын сағатта өзінің ру­шыл­дығын емес, ұлтшылдығын дәлелдей білді.

Оған: «Мен, әрине, олар­дың ұсынысынан бас тарттым. Өйткені мен Түр­кістандағы түрік адамы үшін, әсіресе Түркістанның ұлт-азаттық туын көтерген адам үшін арғын, қыпшақты былай қой­ып, тіпті, өзбек, қазақ, түрікмен болып бөлінудің өзі Түркістан түріктерін бөлшек­теп, өлімге бастайтын жол екенін жақсы білетін едім...» - деген сөзі - айғақ.

Демек, Мұстафа айтқан «өлімге бастайтын жолдың» қаупі әлі сейілмеген екен. Мынау құрылтайыңыз сол сұр­қылтайдың басы болып жүр­ме­сін...

 

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 41 (78) 17 қараша  2010 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552