Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2732 0 пікір 21 Қараша, 2010 сағат 04:12

Бағлан Мақұлбеков. Сәбит пен Сұлтанмахмұт та сот болған

Семей қаласының сот мұрағаты құжаттарының сарғайған парақтарын саралау барысында,  құнды мәліметтер табылды. Осы құжаттар Алаш қайраткерлері Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Тұрағұл Құнанбаев, ғалым Қаныш Сәтбаевтардың сот билігін жүзеге асырғанын тағы да бір рет куәлендіріп отыр.

Бұрыннан қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығы ретінде Алаш қаласы деп аталған осы Семей қаласында орналасқан сот мұрағатынан табылған құжаттар бүгінгі ұрпаққа негізінен Алашорда зиялылары, ұлтжанды ақын - жазушылар  ретінде танылған  Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тұрағұл Абайұлы, ғалым Қаныш Сәтбаевтарды  бізге басқа қырынан танытты. Бұлай айтуымыздың себебі, осы мұрағат құжаттары  аталған тұлғалар да қара қылды қақ жарып, сот билігін  жүзеге асырғанын қайталап  растады.

Семей қаласының сот мұрағаты құжаттарының сарғайған парақтарын саралау барысында,  құнды мәліметтер табылды. Осы құжаттар Алаш қайраткерлері Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Тұрағұл Құнанбаев, ғалым Қаныш Сәтбаевтардың сот билігін жүзеге асырғанын тағы да бір рет куәлендіріп отыр.

Бұрыннан қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығы ретінде Алаш қаласы деп аталған осы Семей қаласында орналасқан сот мұрағатынан табылған құжаттар бүгінгі ұрпаққа негізінен Алашорда зиялылары, ұлтжанды ақын - жазушылар  ретінде танылған  Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тұрағұл Абайұлы, ғалым Қаныш Сәтбаевтарды  бізге басқа қырынан танытты. Бұлай айтуымыздың себебі, осы мұрағат құжаттары  аталған тұлғалар да қара қылды қақ жарып, сот билігін  жүзеге асырғанын қайталап  растады.

Жалпы Алаш зиялыларының ішінде ұлы ғұла­ма Шәкәрім Құдайбердіұлының сот қызметін атқарғаны ғылыми - зерттеу еңбектерден белгілі. Ахат Шәкәрімұлының  әкесі туралы естелігінде «1918 жылы Кеңес өкіметі қазаққа соттықты берген соң, Семейдегі Алаш азаматтары облыстық соттың бастығы етіп сырттай әкейді сайлаған» деп көрсетіп, Семейдегі Белгібай деген байдың қызын алып қашқан  мұғалім жігітке қатысты болған сот отырысын сипаттаған: «Әкейдің екі жағында - Мұқыш Боштаев пен Смахан Бөкейханов отырды. Мұқыш Белгібай атынан жазылған арызды оқыды... Соттар оңаша бөлмесіне кіріп кетті. Аздан соң соттар шықты. Жұрт түрегелді. Мұқыш соттың билігін оқыды. Бас жағында: "Біздің сот - ар соты, ардан, адамгершіліктен аспай, әділін айтамыз...." - деген сияқты сөздерді оқып келіп: "Қыздың басына бостандық берілсін! Өзі сүйген адамына барсын!" - деп тоқтады. Залдағылар ду қол шапалақтап жіберді...» делінген.

Осы жерде Шәкәрім Құдай­берді­ұлы үлкен әдеби шығармашылық дарын-қабілетіне қоса, гуманистік көзқарасы, белсенді азаматтық ұстанымымен елге кеңінен танымал болған әйгілі тұлға болғанын көріп отырмыз.

Ал Алаш арысы, от ауыз, орақ тілді Сұлтанмахмұт ақынның арғы атасы - Торайғыр бидің ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік сөздері халық жадында сақталған адам болғанын ескерсек, оның сот саласына келуін кездейсоқ деуге болмайды.

Мұрағаттан табылған 1920 жылы жасалған «Список кандидатов на должности киргисских судов»  атты құжатта Павлодар уездінің халық судьясы ретінде Султанмахмут Торайғыров көрсетілсе, осы жылдың маусым айында әзірленген тағы бір қатынаста Баян ауыл учаскесінің халық судьясы Сәбит Дөнентаев өз міндеттерін атқаруға кірісті деп жазылған. Сондай - ақ, осы мұрағат құжаттарынан анықталғандай, Тұрағұл Құнанбаев қазақ (бұрынғы қырғыз) даласындағы Халық судьялары жанындағы тергеу комиссиясының Семей уездіне қатысты топтың мүшесі болған. Алашорда үкіметі өміріндегі саяси маңызы зор істерге үнемі араласып жүрген Тұрағұл Абайұлына да шешендік, билік айту өнері атадан қалған із екенін айтып жатудың  өзі артық болар.

Шәкәрім Құдайбердіұлының сот қызметіне сырттай тағайындалғаны жоғарыда айтылды. Сот лауазымына сырттай бекітілгені туралы өз баяндамасында Қаныш Сәтбаев та көрсетіпті: «Назначен я на должность судьи 26- го апреля экспромтом, без моего ведома, когда принял участок, дел на производстве было 18. В настоящее время на производстве около 600 дел, гражданских 200 и уголовных 400. Основной тормоз в работе - неопытность всех служащих суда. Затруднительным является вопрос о территориальной подсудности 9 и 10 участков».

Жалпы ғылыми деректерде 1920 жылдың басында Павлодар уезінің ревкомы сол кездегі жас мұғалім Қаныш Имантайұлы Баян Ауыл ауданына судья болып тағайындалғаннан кейін, ол халық сотының көшпелі сессияларымен қазақ ауылдарына жиі барып, заңдылықты нығайту жолында күрескені туралы мәліметтер бар.

Қаныш Имантайұлының есімі осы мұрағат құжаттарының бірінде  Павлодар уездінің №8 учаскесіне халық судьясы лауазымына үміткер ретінде көрсетілсе, 1920 жылдың 18 маусымында шыққан қаулыда "Утвержденные постановлением Уревкома от 26/04-1920г. за №29 Народные Судьи: Народных судов Инородцев: а/ г. Павлодара 7 участка Мусульманбек Сейтов, в Баян - Аул 9 уч. Сабит Дунентаев, г. Баян - Аул - Кызылтавская вол. 10 уч. Смагул Болькебаев приступили к исполнению своих объязанностей. Что же касается Народного Судьи №8 участка Павл. Уезда В Песчаном Каныша Сатбаева и народных следователей 4 уч., в Павлодаре Абдулгая Джумабаева  ... еще не приступили, задержка их не прибытие к месту"  делінген.   Осылайша, қазақ халқының бір туар ұлы Қаныш Сәтбаевтың да әділ билік айтудан шет жүрмегеніне  көзіміз жетті.

Мұрағат құжаттарының арқасында ұлт үшін отқа түскен осы азаматтардың өмірі бізге басқа қырынан көрінді. Өткенді білмей, ертеңгі күнге сеніммен қарау қиын. Бұл мәліметтер Алаш зиялыларының мемлекеттік билік қызметіне, сот төрелігін жүзеге асыру ісіне белсенді араласқанын  айқын дәлелдейді. Құнды тарихи деректерге толы  осы  құжаттар Шығыс Қазақстан облыстық сотының мұражайынан орын тапты.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531