Жұма, 18 Қазан 2024
Бәсе... 5288 9 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 17:34

Соткасынан айрылған адам соскасынан айрылған баладан бетер болды

 

Бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда сөз алған депутат Бекболат Тілеухан «1929 жылы біздің қазақ арабикадан латиницаға бар болғаны ек-ақ жылдың ішінде ауысқан. Содан қиын емес. Ең бастысы ниет керек», -деп қадап айтты. Парламент депутаттарының ішінде сөзге жүйрік, үнемі тауып, бейнелеп сөйлейтін ол: «Осы күні соткасынан айырылған адам, соскасынан айрылған баладан бетер заман болғанын» да ескертті. 

 "Біз шынында да латын әріпіне көшуге дайындалдық, осы нәрсенің түбі болатыны әркімге белгілі еді. Және біз өзімізді дайындаған жоқпыз, уақыт дайындады. Қалта телефонымызға орыс тілінде келетін ақпараттардың өзі   латиницамен келіп, бізді әбден дайындады. Соткасынан айырылған адам, соскасынан айрылған баладан бетер мына заманда шынында да кетіп жатқан ақпараттың барлығы латиница. Өйткені әдет деген осындай әдет алудан туады. Осы уақыттан ерте бастасаң ерте болып кетер еді, енді кешіксек кеш болуы әбден ықтимал».

Алдымызда үлкен Әліпби реформасы тұр. Бұл ретте біз  "қ" - ысынан айырылған түріктің реформасын, өз елінде өгей шыққан өзбектің реформасын, әңгімесі бұзылып қалған әзірбайжанның, түңлігі түріліп қалған түркіменнің жағдайын жақсылап ескеруіміз керек.  Олардың қателіктерін жібермеуге бізде  толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз.

Сондықтан да сөз ыңғайларыңыз немене дегенде, әліппе ауыстыру астана ауыстырғаннан қиын емес, әліппе ауыстыру жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға кілт бұрылғаннан қиын деп ойламаймын. 1929 жылы біздің қазақ арабикадан латиницаға бар болғаны ек-ақ жылдың ішінде ауысқан. Содан қиын емес. Ең бастысы ниет керек".

Abai.kz

9 пікір