Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5541 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 04:30

Нұрила Бектемірова. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы күн санап көбейіп келеді

Өзіне-өзі қол жұмсап, қасақана жанын қию жағдайы Алматы облыс бойынша азаймай отыр. Əсіресе бесіктен белі шықпай жатып, осындай оқыс қадамға барған балалардың саны да жетерлік. Егерде ересек адамдардың əртүрлі жан күйзелісі болса, алаңсыз ба-лалық шақты бастан кешіріп жатқан мектеп оқушыларының өз-өздеріне қол жұмсауын төтенше жағдайлар қатарына жатқызу керек. Суицидті дəрігерлер аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі деген түйін айтады. Алматы облысы бойынша 2008 жы-лы 38 мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 25 оқушыны, 2010 жылы да бұл ата-анасына қасірет-қайғы əкелген жағдай саны азаймай тұр.

Соңғы уақыт ішінде 17 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 2-уін дәрігерлер құтқарып қалған. Облыс бойынша суицид фактілері көбірек тіркелген аудандар қатарына Райымбек, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Көксу, Ақсу, Сарқант жатады. Барлық болған қайғылы оқиғалар қылмысты істердің беттерінде жазыла бермейтін өзіндік сыры бар. Осындай жағдайға душар болған отбасының анасы Жаңыл мынаны айтты.

Өзіне-өзі қол жұмсап, қасақана жанын қию жағдайы Алматы облыс бойынша азаймай отыр. Əсіресе бесіктен белі шықпай жатып, осындай оқыс қадамға барған балалардың саны да жетерлік. Егерде ересек адамдардың əртүрлі жан күйзелісі болса, алаңсыз ба-лалық шақты бастан кешіріп жатқан мектеп оқушыларының өз-өздеріне қол жұмсауын төтенше жағдайлар қатарына жатқызу керек. Суицидті дəрігерлер аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі деген түйін айтады. Алматы облысы бойынша 2008 жы-лы 38 мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 25 оқушыны, 2010 жылы да бұл ата-анасына қасірет-қайғы əкелген жағдай саны азаймай тұр.

Соңғы уақыт ішінде 17 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 2-уін дәрігерлер құтқарып қалған. Облыс бойынша суицид фактілері көбірек тіркелген аудандар қатарына Райымбек, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Көксу, Ақсу, Сарқант жатады. Барлық болған қайғылы оқиғалар қылмысты істердің беттерінде жазыла бермейтін өзіндік сыры бар. Осындай жағдайға душар болған отбасының анасы Жаңыл мынаны айтты.

- Балам Самат өте сымбатты, қабілетті еді. Спортпен де шұғылданатын, оқысам, мамандық алсам деп қатты армандайтын. 9-сыныпқа көшкен соң, өзі бір түрлі тұйық болып, өзгеріп кетті. Жасырып қайтейін, әкесі қатты ішімдікке салынып, көше кезіп кететін болды. Ержетіп қалған балам оған да қатты намыс-танатын. Үйде де ұрыс-жанжал көбейді, менің алған кішкене зейнетақым жетпей жатады. Бір күні ұлым мектеп-те жинауға ақша сұрағанда, мен оған беретін ақшам жоқ екенін айттым. Болғаны сол, ары не болғанын білмеймін, қораға барып асылып қалып-ты. Мұғалімдердің барлығы бірауыздан біз ақша сұраған жоқпыз, ол өтірік әңгіме деп бет бақтырмады. Мейлі ғой, біреуді жазалап, қаралағанда балам қайта тіріліп келмейді, бірақ жанымыз ауырып, қатты күйзеліске ұшырадық, - деп көз жасы көл болып, ұзақ жылады.

Ержетіп қалған баласының өзіне-өзі қол жұмсап, өмірі қыршынынан қиылғаны біздің де қабырғамызға батып, бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ, суицид деген ауру бар екенін айтып түсіндіріп, ананың қайғысын жеңілдетуге тырыстық.

- Қызым-ау, ол ауру болса дәрі-герлер неге емдемейді? - деп көзіне жас толған әйел әрқайсысымыздың бетімізге жалтақ-жалтақ етіп қарай берді. Біз жауап бере алмай жерге қарадық.

Осындай жағдайға ұшыраған екінші отбасының алтыншы сыныпта оқитын қызы өз-өзіне қол жұмсаған. Үйінде кешкілік теледидар көріп отырған қызын әкесі әлдеқандай жаққа жұмсаса керек. Кино көріп отырған қызы тіл ала қоймаған соң, әкесі қатты ашуланып, теледидарды өшіріп, сөз қайтарған қызын шапалақпен бір салса керек. Болғаны сол, үйден жылап шығып кеткен қыз бір сағатқа жетпей асылып қалған. Бүкіл отбасы қатты күйзеліске түсіп, соңы мұндай қайғыға ұласатынын білмеген әкесі қолына пышақ алып, мен де өлемін дегенде, бүкіл ауыл әрең алып қалған. Одан кейінгі отбасының қандай қаралы күндерді бастан кешіргенін айтуға тіл жетпейтін шығар.

Бала күнімізде біз де төбелесетінбіз, әке-шешемізден таяқ жеп, жылағанымыз да бар, бірақ ашумен өз жанын қиып жіберген қаршадай қыздың мына қадамы адам жанын шошытары анық. Осындай жағдайларды көріп, біліп жүрген көп ата-ана балаларына «әй» деуге қорқып жүретінін жасырмайды. Бірде Жамал деген үлкен шешей немересіне:

- Қарағым, ашуланып не болды? Жүйкең неден жұқарды, соғыс көрдің бе, ашаршылық көрдің бе? - деп ұрысқаны бар.

Шынында да, қазіргі кездегі бала-лардың психологиясы бір түрлі екенін әрбір сөйлесе қалған ата-ана да мойындап отыр. Көп жағдайда тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балалары бүгінгі дүкенде жайнап тұрған киім мен техникалық құралдарға қол жеткізе алмайды. Оның үстіне отбасында да бай мен кедей туралы әңгімелер жиі-жиі айтыла бергендіктен, балалар барлығын сол күйінде қабылдап, өмір бойы біз кедей, ал басқалар бай болып өмір сүреді деген бір ішкі күйініш пен күйзелісті бастан кешіретіні анық. Бар-лық жағымсыз құбылыстарды қалың бояуымен қабылдайтын балалардың өздеріне деген сенімі жоғалып, алдағы болашақ тек қана ақшалы адамдардың еншісінде деген бір оғаш пікір пайда болатынын болжау қиын емес. Біз осы жағдайларды тағы балалары қайтыс болған ата-аналармен сөйлесу барысында анықтадық.

Ал өз-өзіне қол жұмсап, өлімге бас тіккен Асан ұлдың да өзіндік жан күйзелісі болғанға ұқсайды. Бірге оқып, өзі ұнатқан он алты жасар Гүлбаршын жол апатынан қайтыс болады. Әрине, бұл жасөспірімге ауыр соққы болып тиген. Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздың о дүниелік болуы жасөспірімнің ақылына сыймаса керек. Бұл қазаны әділетсіздік деп қабылдаған. Ішкі ауыр жан күйзелісіне ешкім үңілмеген, тұйықталып, өзінің санасындағы сансыз ойларымен жалғыз қала берген, өмірге деген барлық құштарлығын жоғалтып, депрессияға ұшыраған, өмір бар да өлім бар екенін мойындамаған. Егер дер кезінде ата-анасы немесе жанындағы жолдастары байқап, психолог жалдап емдетсе, жазылып кетер ме еді, кім біледі? Бірақ, ойын бөлісер жанашыр жолда-сы жанында болмаған, әке-шешемен ашық әңгімеге еш уақытта бармаған. Енді туған-туысқан, ата-ана қайғыға душар болып, «неге?» деген жауабы жоқ жалғыз сұрақпен күйінішті өмір сүріп жатыр.

Тағы бір анықталған жағдай төртін-ші сынып оқушысы Ерболды ересек балалар күнбе-күн ата-анасынан ақша әкелуін талап етіп отырған. Біраз күн ақша әкеліп отырған бала қорқып, ата-анасына бұл жайды айтпаған. Ақыры мектепке кіргізбей жолын тосқан бұзық балалар күнбе-күн қорқыта берген соң, амалсыз өз-өзіне қол жұмсап, асылып өлген. Болған біткені сол, енді келіп кінәлілерді іздеп тауып көр. Бірде-бір ересек балалар мұны мойындаған жоқ, қылмысты істі жабуға тура келген.

Өткен ХХ ғасырдың басында австриялық психолог Зигмунд Фрейд алғаш рет адамның өзіне-өзі қол жұмсау психологиялық таным тeориясын жасаған екен. Ол бұл жағдай адамның өз-өзіне ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер Фрейдтың ойын одан әрі талдай түскен. Ол суицидтің барлығы санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себепке бөлген. Оның бірі: өш алу - жек көрушілік (өлтіру ниеті), депрессия (тығырықтан шығатын жол таппағандықтан өлгісі келу) және кі-нәлі сезімнің күштілігі соншалықты, өзін-өзі өлтіруге бару.

Екінші бір америкалық психолог Едвин Шнейдман суицидтің өте маңызды себептерін жазған. Мұның ішінде адам төзгісіз жан ауруы, қоғамға қажетсіз болып қалу қорқынышы, дәрменсіздік пен үмітсіздік және барлық күрделі мәселелерді шешетін ажал деп қалыптасқан пікір екеніне тоқталып өткен.

Ал шын мәнінде, өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдар өмір сүр-гісі келіп, көмек іздейтін көрінеді. Бірақ, өлімге бас тіге отырып, олардың арасында айналасындағыларға әлденені дәлелдеуді мақсат етіп қоятындары, осылайша өздеріне көңіл аударғысы келетіндері де жетерлік. Кей жағдайда өзіне-өзі қол жұмсауды адам ерлік пен күштілік дегенге сыйғызады.

Балалар арасындағы суицидтің алдын алу жөнінде облыста бекітілген 2009-2010 жылдарға арналған арнайы жоспар бар. Бүгінгі күні суицид мәселесін түпкілікті жою мүмкін болмаса да, аталған жағдайды азайту мақсатында балалар өмірінің қауіпсіздігін қадағалау, сонымен қатар оқушылар, ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, осы барыста мектеп ұжымдарының жауапкершілігін арттыру туралы біраз шаралар жүзеге асырылған.

Әрине, біз білім саласындағы жауапты қызметкерлерді кінәлаудан аулақпыз. Бірақ, жасөспірімнің жаны шыны секілді байқамаса шытынап, жарылып кететінін олар жақсы білуге тиіс. Жалпы, көптеген мектептерде психолог деген мамандықты атқарып отырған адамдардың білімі сәйкес келмейтінін білім саласының қызметкерлері де мойындап отыр. Облыс бойынша психолог мамандығына көптеген мектеп ұжымы зәру болып отырғаны анық. Осы салаға аудандық білім бөлімінің бастықтары, мектеп директорлары аса назар аударып, жауапкершілігін арттыру керек. Балалардың мінез-құлқындағы байқалған өзгеріске, құбылысқа зер сала қарап, ата-анасының көмегімен ашық әңгімеге шақырып, себептерін анықтау сияқты шаруалардың басы-қасында психологтар жүруі тиіс екенін уақыт талап етіп отыр. Қажет болған жағдайда ақылы психологтардың қызметіне жүгіну жолдарын да қарастырған жөн. Өйткені терең депрессияға ұшыраған, жүйкесі ауырған баланы алдымен күнделікті сабаққа келетін ұстаздар ұжымы байқайтыны белгілі. Бірде-бір мұндай баланы назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал ата-аналар өз балаларының бірінші досы, сырласы болуы дәл қазір аса қажет болып отыр. Барлық балалар қиналған сәтте ұл болса әкесі, қыз болса шешесімен ашық әңгіме жасауы өзара сенімділікке әкелетіні сөзсіз. Өйткені жасөспірімдер көп жағдайда жан күйзелісін «ұрсады» деп ата-анасынан жасырып қалуға тырысады. Оның арты не болатынын жоғарыда келтірілген фактілерден біліп отырмыз.

Ал тағы бір айтарымыз - Ислам дінінде өзіне-өзі қол жұмсау күнә екенін осы балалардың көпшілігі біле бермейді? Алланың берген сыйы - қымбат өмірін қыршынынан өз еркімен қию харам іс деп айтылады. Осындай халде қайтыс болған адамдардың жаназасы шығарылмайды. Бұл жайында да балалар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуі тиіс шығар. Әрбір ауылдағы мешіт имамдары да қолынан келген көмегін жасайды.

Көптеген ата-ана мен ұстаздар ұжымымен әңгімелесу барысында елімізде психолог көмек көрсету ор-талығын ашу қажеттілігі мәселесі көтеріліп отырғанын айтпасқа бол-майды. Бұл тек балаларға ғана емес, ересектерге де аса қажет екенін уақыт дәлелдеп отыр. Қазіргі кездегі жекеменшік психологтарға барып, емделуді көптеген отбасылардың, әсіресе ауылды жерде тұратын адамдардың қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне осындай қызмет болаты-нын көп адамдардың білетініне күмәнім бар. Әрбір баланың денсаулығы, өмірі үшін күресетін кез келген сияқты. Бұл үшін қаржыны аямау керек. Өйткені дәрігерлер суицидті емдеу қажет аурулар қатарына жатқызып отыр. Мұның бір ерекшелігі - адамдар тәні ауырса дәрігерге барады, ал жан ауырса қайда барарларын білмейді. Сондықтан да бұл ауруға көңіл аударатын мезгіл жеткен сияқты. Дүниеге келген балаларды сақтау үшін шара қолданбасақ, ұлтымызды көбейтейік, сақтайық деген жалған сөздердің құны жоқ екенін білеміз.

Біз бұл барыста шетелдердің озық үлгілеріне көңіл аударғанымыз жөн. Басы ауырып, балтыры сыздамай-ақ, кішкене ғана күйзеліске түссе, олардың адамдары психологиялық қызметке жүгініп, көмек алып отырады. Ой мен саналарында жүрген сан мыңдаған күдіктеріне, жандарын сыздатқан күрделі мәселелерін психологтың алдында жайып салып, тығырықтан шығар жолды бірге іздейді. Қараңғы-қапас өмірлерінің соңында жарық сәуле жағуға тырысқан дәрігер-психологтардың ақылын тыңдайды. Бұл жұмыс оларда өте жоғары дең-гейде ұйымдастырылған. Барлық адамдар психологтың қызметін үнемі пайдаланып отырады.

Бұл мәселені шешудің әлдеқашан уақыты келді. Суицидті аурулар қата-рына ресми түрде жатқызып, мемлекет тарапынан қаржы бөлінуіне ықпал ету республикалық Денсаулық сақтау министрлігінің құқына жатады. Егер аурудың алдын алу туралы шаралар жүзеге асырыла бастаса, «неге, неге өлді?» деген сұрақ азаятынына сенімдіміз.

(Мақаладағы кейіпкерлердің аты-жөні белгілі себептермен өзгертіліп алынды)

«Қазақстан-Заман» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313