Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5429 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 04:15

Өмірден кім өткенін білесіз бе?

Абай хакім: «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы» деп көкірегін қарс айырғанда, қандай күйде болғанын кім білген?! Адамның өмірге келуі қандай табиғи болады екен, өмірден өтуі де сондай заңды десек те, кісі жүрегі қимайтын асыл текті азаматтар жетерлік. Қазақ руханияты тағы бір марғасқа ұлынан айырылды. Дегдар жан, қарымды қаламгер, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүйсенбек Қанатбаев 70-ке толған шағында дүниеден озды. Жетпіс жылдық зерделі өмірінде талай белестерді басып, талай асулардан асқан еді. Қазақтың теле-радиоларында редакторлық қызмет атқарып, бірнеше республикалық баспаның жұмысын қыздырып, өнегелі істерімен ортасының алқауына бөленген абзал жан туралы айтылар естеліктердің көп екендігін 30 қараша күні Жазушылар одағында өткен ақынмен қоштасу қаралы жиынында байқадық. Радио мен телеарналарда сүбелі, өрнегі өзгеше хабарларды жүргізгендегі қоңыр да қою даусы құлағымыздың түбінде қоңыраулап тұрғандай күйді бастан өткердік. Жазарман қауым жер-жерге, ру-руға, яки топ-топқа бөлініп, айтысып-тартысып жатқанда, Бұ кісі баяғы сабырлы, салқынқанды қалпында, бекзат болмысымен жүрер еді қасқайып. Елдер атақ пен даңқтың соңына шам алып түскенде, Бұ кісі өнімді еңбек етіп, жыр жинақтарын шығарып жататын. Және кітаптары үшін әлдекімдерге бәлсініп, арзан мәртебеге ұмсына бермейтін. Мұнысы сүтпен біткен дегдарлықтың белгісі еді.

Қош бол, қадірлі аға! Нұрыңыз пейіште шалқысын!

«Абай-ақпарат»

Дүйсенбек Қанатбаев. Дутар сазы

Қалауын таппай қасқая тосқан қырғыннан
Алапат жаулар атының басын мың бұрған.
Ұлдарым менің жанымен үнсіз қоштасып ,
Намысы үшін шыңғырған!

Айтулы батыр айықпай кеткен айбардан
Арынды бұлақ атқылай шапқан қайнардан.
Жарқ ете қалған қайқы бел
алмас қылыштар
Қараңғы түнге ай болған!

Ойы-қыры оймақтай-ақ осы аймақ,
Көрмеді-ау бір шаттығына масайрап.
Ту даламды тулақ етті, қайтейін,
Мынау қырғын, мынау соғыс, ат ойнақ.

Тауды төбе, қайраң қылған көлшікті
Бұл ойранға шыдар емес жер тіпті.
Ал қайрат қыл, қайран бахшым, серігім,
Астыңдағы ақтабаның мертікті.

Қансыраcаң намысыңды тірек ет!
Ақ алмаспен жау жүрегін іреп өт!
Не боп қалды? Жер құштың ба,
ант атқыр
Көтер басты! Отырма олай жүрелеп.

Бұдан-дағы тұл болғаным көп жақсы.
Көкірегімді бабауратпай кел, бахшы.
Еркек болып жаудан қорғай алмадың,
Енді әйел боп туған жерге төк жасты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322