Сенбі, 23 Қараша 2024
Нүкте 13976 38 пікір 13 Қазан, 2017 сағат 12:41

Назарбаев: Мұның бәрі шылғи өтірік

Даудың басы Дайабайдың көк сыйыры демекші, қырғыздың төртінші Президенті Алмасбек Атамбаевты азыната сөйлеткен мәселеге қатысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жауап берді. Қысқа, әрі нұсқа жауап.

Алатаудың арғы бетінде жатқан қырғыз жұртының саяси элитасы қазақ президентіне айып тағып, оппозициялық саясаткерді қолдады, Қырғызстанның ішкі саясатына қол сұқты деген болатын.

Батыстық БАҚ өз сарынына салып, сәуегейлік жасап, Назарбаев пен Атамбаевтың арасы суығанын айтты. Екі тарап та шама-шарқынша сөз сайыстырды, пікір таластырды. Енді соның нүктесін Қазақстан Президенті қойды.

"Мұның бәрі шылғи өтірік!" - деді Президент Назарбаев. Ол бұл сөзді Сочидегі Ресей Президентінің резиденциясына кіріп бара жатып айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 12-қазан күні қазақ-орыс президенттері кездесіп, біраз мәселені талқылаған еді. Онан соң, неміс бизнесмендерімен де кездесулер болды.

Ал осыдан сәл ертеректе Қырғызстан СІМі Қазақстанға наразылық білдіріп, нота жіберді. Қырғыз президенттігіне үміткер оппозиция саясаткері Өмірбек Бабановпен кездескен Президент Назарбаевқа наразы болған еді.

Астана оған ресми жауап беріп, Президент Назарбаевтың екінші бір кандидат Сауранбай Жиенбековпен де кездескенін естеріне салды.

Жиенбеков Атамбаев партиясының адамы, социал-демократтар атынан додаға түскен экс-премьер. Ол сайлауда Бабановтың басты қарсыласы әм қырғыз тағынан үміті үлкен екеудің бірі.

Қырғыздағы сайлау 15-қазан күні өтеді.

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452