Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 10888 65 пікір 31 Қазан, 2017 сағат 14:00

Кремль пропагандасы - қазақты арандату

Латын графикасына көшу туралы жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойғанымен, бұл тақырып төңірегіндегі талқы әм талас әлі біткен жоқ.

Кирилицадағы қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесінде қазақ қоғамының пікірі екіге жарылды. Иә, латын графикасын дүйім көпшілік қолдағанымен, оның нұсқалары  көңілден шықпай тұр. Апостроф па, әлде диграф па? Бұл уақыттың еншісіндегі әм қазақтың өз қалауындағы мәселе.

Қазақ - латынға көшеді. Бітті. Бұл біздің таңдауымыз, қазақтың таңдауы. Біз үшін ең маңызды осы бір процесске көршілер не дейді? Көршілердің көңілі күпті көрінеді.

Әдеттегідей, Кремльдің күшікқорасына топтасқан сарыжағал саясаткерсымақтары ауыздарына келгендерін құсып әлек. Солардың бірсыпырасының сөздерін шолып шықтық.

Мысалы, Алексей Журавлев дейтін Думаның депутаты Қазақстанның латынға көшуі - Ресеймен интеграцияға әсерін тигізеді дейді.

Алексей Журавлев Кремль Думасында немесе Путин Думасында "Родина" деген партияның өкілі болып отыр.

"Бұл тақырып біраздан бері айтылып келеді. Егер бұл жүзеге асса, Қазақстан мен Ресей арасында, қазақ пен орыс арасында үлкен дау туындауы мүмкін. Бұл сөзсіз Қазақстанның бізден демонстративті түрде алшақтауы.

Басқа бір көрші мемлекетте дәл осындай жағдай болғанда, біз үндемеген едік. Ақырында өзіміге "Москаляки, на гиляку!" деп атылды. Сондықтан, қазір бір шешім қабылдап, ең кемінде  Ресейдің Мемлекеттік Думасы атынан алаңдаушылық білдірейік", - дейді депутатсымақ. Алексей сөйдепті. "Regnum.ru" солай деп жазады.

Орыс баспасөзіндегі осы тақырыптағы контенттердің дені бірсыдырғы, сыңаржақ жазылған. Әдеттегідей Кремль дезинформациясының иісі мүңкіп тұрады.

Мысалы, "Независимая" дейтін "зависимая" гәзетте "Қазақстанның латынға көшуі Ресей үшін сигнал" атты мақала жария болды.

Ресейдің Ұлттық стратегиялық институтының маманы Юрий Солозобов пікір білдіріпті. Қазақстан Ресейден алшақтап, түркі әлеміне, түркі интеграциясына көңіл аудара бастады дейді.

"Қазақстаның латынға көшуі - түркілік жобаға енуінің белгісі. Мұнда минус көп. Уақыт өте келе геосаяси басымдық өзгереді. Латынға өтудің салдарын біз 10-15 жылдан кейінгі, жаңа буын саясаткерлердің әрекетінен көретін боламыз. Қазір, билікте Назарбаев отырғанда Ресейге қарсы қатты бір қарсылық болмайды. Бізде ЕАЭО бар. Бірақ, бұл Мәскеуге берілген сигнал", депті әлгі Солозобов.

Келесі кезекте "Взгляд" іскерлік гәзетінің мақаласына назар аударайық. Онда "Назарбаев қазақ тілін латынға не үшін көшіріп жатыр?" атты мақала жарияланды.

Орта Азия мемлекеттірінің ішкі саяси ахуалын бақылап жүрген Андрей Грозин дейтін шолушы бүйдейді.

"Назарбаевтың мұрагері кирилицаны кері қайтаруы әбден мүмкін. Жоспар бойынша латынға көшу 2025 жылы жүзеге асуы керек. Яғни, қазіргі Президенттің тұсында емес.

Оның үстіне жалпы халықтық сауалнама жасалған жоқ. Бұл Президент Назарбаевтың субьективті қалауы. Марат Тажин өте сауатты адам. Бірақ, желдің қай бағыттан соғып тұрғаны түсінікті. Естеріңізе болса, 2014 жылдың өзінде Қазақстан Украинанің ізімен жүре бастады деген әңгіме тараған. Қазір сол пікірлер расталып жатыр", депті Грозин.

"Gazeta.ru" сайты "Қазақтар Кирилл мен Мефодиды ұмытады" деп мақала жариялады.

Ол жерде сөз бұйырған Еуразиялық коммуникациялық орталықтың директоры Алексей Пилько Қазақстан реалды түрде латынға көшуі мүмкін емес жағдай дегенді айтады.

"Өте ұзақ уақыт бойы қазақ тілі кирилицада болды. Тіпті, латынға көшкен күннің өзінде кирилица қалады. Мен осы латынға реалды түрде өтетініне күмәнім бар. Себебі, бұл тиімсіз қадам", - дейді Алексей Пилько.

Дәл осы тұста Қазақстанда елші болып жүрген Кремльдің өкілі Милаил Бочкарников латынға көшу процессіне оң қабақ танытқан дұрыс деп мәлімдеме жасаған.

"Қазақстан - орыс тілі Конституциялық статусы бар елдердің қатарында. Ресей Қазақстанның бұл шешіміне дұрыс қарайды. Оның үстіне Президент Назарбаевтан бастап, барлық жоғарғы лауазымды билік өкілдері орыс тіліне қатысы жоқ екенін және орыс тілінің статусы сақталатынын айтты. Сондықтан, даурығатын себеп жоқ", - дейді Елші.

Түйін. Міне, солай. Қазақстаның латынға көшу процессі туралы одақтас елдегі ой осы. Про-путиндік идеолгия әм дезинформацияның жалпы көрінісі бұл.

Естеріңізег сала кетейік, Қазақстан Президенті жарлыққа қол қойды. Енді кері шегініс болмайды.

Оның үстіне, пост-кеңестік кеңістікте Балтық едері, Молдавия мен түркітілдестер тобынан Әзірбайжан, Түркімения мен Өзбекстан латын графикасына көшкен. Қазақстан 2025 жылға қарай латынға толық көшіп болады.

Бір қызығы, қырғыз Жоғарғы Кеңесінің депуттары қазақтармен бірге көшуід ұсынғанымен, қазігі Президент Алмасбек Атамбаев ынта-шынтасымен қарсы тұрды.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

65 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963