Тәжікстан парламенті президент сайлауы туралы заңға өзгертулерді талқылайды
Тәжік парламентінің төменгі палатасы сәрсенбі күні "Тәжікстан Республикасы президент сайлауы тураы" заңға өзгертулерді талқылайды. Өзгертулер ел президенті қызметінен үміткердің жас шектеуін 35-тен 30-ға қысқартуды қарастырады.
Бұл түзетулер 2016 жылы елде өткізілген конституциялық референдумнан туындаған. Ол бойынша қазіргі мемлекет басшысы, Ұлт лидері Эмомали Рахмон шектеусіз мерзімге сайлана алады.
"Бұған қоса, референдумда қабылданған ТР Конституциясына өзгерістер бойынша, 30 жасқа толған азаматтар ел президенті және парламент депутаты бола алады. Бұған дейінгі жас шектеуі 35 және 25 жас еді", - деді тәжік парламентінің депутаты Саидджафар Усмонзода.
Еске салайық, 2016 жылы 22 мамырда Тәжікстанда ел Конституциясына толықтырулар және өзгертулер енгізу жөнінде референдум өтті. Билік ұсынып, халық қолдаған қырыққа жуық өзгертулердің ішінде екеуі ерекше маңызға ие. Біріншіден, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон өзін президенттікке ешқандай кедергісіз ұсыну құқығына ие болды. Екіншіден, президент қызметіне үміткерлердің жас шектеуі қысқартылды. Сарапшылардың пікірінше, осы өзгертуді енгізген соң Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Рустами Эмомали 2020 жылы президенттікке үміткер бола алады.
Abai.kz