Сенбі, 23 Қараша 2024
3765 2 пікір 7 Ақпан, 2018 сағат 11:17

Макс Боқаевты жарты жылға қатаң жүйедегі колонияға ауыстырды

Солтүстік Қазақстанда жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Макс Боқаевты кем дегенде жарты жылға қатаң жүйедегі колонияға ауыстырды. Осылайша саяси баппен сотталған жазасын өтеушіні қоғамнан барынша оқшаулағысы келеді, дейді оның адвокаты.

2016 жылдың аяғында азаматтық белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаев Атырау және басқа да қалаларда жерді сатуға қарсы митинг ұйымдастырғаны үшін әрқайсысы бес жылға сотталды. Оларға "араздық туғызды", "жалған ақпаратты таратты" және "заңсыз митинг ұйымдастырды" деген айыптар тағылды. Ереуілдеушілер шетел азаматтарына жерді ұзақ жылдарға жалға беруді қарастыратын Жер кодексін өзгертуді талап еткен еді.

Боқаев жазасын Солтүстік Қазақстан облысындағы колонияда өтеп жатыр. Жақында оның адвокаты Боқаевты қатаң жүйеге ауыстырғанын білген. Бұл сыртқы әлеммен байланысты шектеу дегенді білдіреді: жазасын өтеушілерге телефон соғуға, хат алмасуға, адвокатпен және басқалармен кездесуге тыйым салынады.

Макс Боқаев қорғаушысы оны қатаң жүйеге ауыстырудың заңсыздығын сотта дәлелдегісі келеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387