Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
4678 0 пікір 9 Ақпан, 2018 сағат 09:06

Қытай полициясы қылмыскерлерді "ақылды" көзілдірік көмегімен іздейді

Қытай полициясы кісі түрін танитын функциясы бар арнайы көзілдіріктер қолдана бастады. Ол қылмыскерді 100 миллисекундта анықтай алады, деп жазды The Wall Street Journal.

Полиция қызметкерлері жаңа технологияны бейнебақылау камералары орнатылмаған орындарда жұмыс істеуге көмектеседі. Арнайы көзілдіріктердің көмегімен құқыққорғау қызметкерлері жеті қылмыскерді ұстап үлгерді. Бұған қоса полиция жалған құжат пайдаланған 26 адамды анықтаған.

Дегенмен мұндай технологияны қолдану адам құқығын қорғаушыларды алаңдатып отыр. Олар арнайы көзілдірікті диссиденттер мен аз ұлттарды қудалауға пайдалана ма деп сескенеді.

Ресми статистика бойынша, Қытайда 170 миллионнан астам камера орнатылған. Аз ұлттарды қудалауда технологияны қолданғаны үшін Қытай билігі талай мәрте сынға ұшыраған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1510
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3124
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1116
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1042