Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2227 0 пікір 21 Қаңтар, 2011 сағат 10:44

Мәдениет министрлігі 2012 жылдан бастап кинопрокатшылар фильмдерді мемлекеттік тілде аударуға міндетті екенін еске салады (толықтырумен)

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. 2012-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап кинопрокатшылар фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждауы тиіс, деп ҚР мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева еске салды.

«Мәдениет туралы» заңға сай, фильмдердің мемлекеттік тілдегі дубляжы 2012-ші жылғы 1-ші қаңтардан бастап жүргізілетін болады», - деді Ж. Құрманғалиева жұма күнгі мәдениет министрлігінің коллегия отырысында.

Оның айтуынша, бүгінге фильмдерге дубляж жасау қызметін тек қана «Қазақфильм» компаниясы ғана емес, сонымен қатар көптеген телекөрсетілім комапаниялары да көрсете алады.

«Әлеуметтік-маңызды өнімдердің дубляжын, айталық, балаларға арналған фильмдерді, мемлекет қаржыландырады деп болжануда», - деп ведомство жауапты хатшысы мәлім етті.

«Коммерциялық кәсіпорындарға, мысалы, голливуд шытырманды фильмдерін, немесе басқа өнімдерін аударуға ... айталық сіз, салық төлеуші ретінде, дайынсыз ба? Мен дайынсыз деп ойламаймын», - деді ол.

Ж. Құрманғалиеваның айтуынша, бейнеөнімдерін қазақшаға аудару келешекте тиімді бизнес түрі болмақшы.

«Алғашқыда, қандай да жаңалық енгізілерде, ол норма жұмыс істемей қалар ма екен, ол жағдайды күрделендіреді т.б. деген жүрексіну әр кез болады...  7-8 жыл бұрын заң жүзінде шетелдік арналардың ретрансляциясын қысқартқанда да барлық арналар қирайды, бір күн де өмір сүре алмайды деп, бәрі де айтқан болатын. Өз өнімдеріңізді жасап, эфирді толтырыңыздар», - деді Ж. Құрманғалиева. Оның айтуынша, мемлекеттік тілде хабар таратуды 50%-ға дейін көтергенде де осылай деген әңгімелер болған.

0 пікір