Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4331 2 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 08:35

Өткен тарихты жаппай терістемеу керек

Тарихты - қоғамдық формациялық даму үрдісінде алып қарау - үлкен қателіктерге бой алдырған секілді. Феодальдық сарқыншақтар - Елімізге Советтер келген кезінде қараланды. Ешкім де қарсы тұра алмады.

Кеңестік дәуір етек алғанда, тарихтың неше атасы сол кездің көзімен сараланып, тарих беттері қайта жазылды. Қоғам, тіптен өз геройларын шығарды. Қазір, сол батырлардың біразы - ит қосып қуылуда. Кейбірі, тарихтан мүлдем өшірілуде. Кеңестік дәуірге бас ұру, бүгін - өз халқыңның болашағын, бостан ойды шеңгелдеуге алып баратындай көрінеді. Бәрінің жаппай "Есек!" деп айқайлап жатқанында, "Сен ғана - Піл", деп Айды аспаннан шығарғанындай. Яғни, жеке даралардың көпке қарсы тұра алмауында.

Бүгінгі тарихымыз - өткен, кеткеніміздің бәрін бірдей жаппай терістеуден тұрмау үшін не істеуімізге болады? Бәрі де өз кезеңінде, жақсы болғанға салуға болмайды. Яғни, бүгініміз - кешегі жүріп өткен жолдарымыздың ащы сабағынан өріс алған, біздердің Тарих алдындағы өтеу-ақымыз десек те болады! Тарих - қателеседі. Адамдар да. Қазақтың бейнесінде, Адамзат баласының келіп тоқтайтын нүктесі әлі бұл жер емес деп ұғынатын болсақ, бүгінгі біздер де терістелеміз. Осыдан шығатын түйін - біздердің бүгінгі Тарихымыз - ойнақы, құбылмалы Тарих ! Осыны неге түсінер емеспіз ? 

Жөні түзу адам ретінде, сұрақ қоюға мәжбүрмін :

Бізге Тарих (мен оны ең біріншіден Халық жады деп ұғынам) қандай дәрежеде керек ? Еш өңделмейтін, бұзылмайтын, қараланбайтын, терістелмейтіндей керек болатын болса, ол үшін біз бүгін не істеп жатырмыз немесе не істей аламыз? Пілді көріп тұрып, Есек дей береміз бе, әлде көрмесем - көзім шыққыр демей, әр нәрсені өз атауымен айтып үйренеміз бе? 

Жеке дара Адамдардың бақытын, сомдап, саралап, қоғамдық үрдістермен, Мемлекеттік ұстанымдармен қашан байланыстырып қараймыз ? 

"Әрбір қазағым - жалғызым"-ды, айтуға өте жеңіл деген күннің өзінде...

Әбдірайым Мәлікұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321