Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 7837 3 пікір 28 Наурыз, 2018 сағат 09:41

Өмір үшін күрес. Ракты жеңген Жұлдыздың әңгімесі

Статистика мәліметтеріне көз жүгіртсек, әлемде әр минут сайын 1 адам өкпе обрынан қаза табады. Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісікпен ауыратын 30 мыңға жуық науқас анықталады екен. Онколог дәрігер Райымқұл Қарақұловтың болжамы бойынша, әлемде 2020-дейін 2,5-3 млн адам обыр дертіне шалдығады. Қазақстанда қазір 300-356 мың науқас есепте тұр. Жылына 35-36 мың адам есепке алынады, тағы.

Демек, қазіргі таңда қоғам боп күресетін қатерлі ауруды жеңіп, өзгелерге сенім сыйлап жатқан жандардың алар орны бөлек. Ендеше, ерекше рух пен қайсарлығының арқасында ауруды жеңіп шыққан жандар да бар. Біз бүгін сөзге тартқан Жұлдыз Оңдаш та осы саптан. Өзінің басынан кешкен оқиғасын ол бізге баяндап берген еді.

Жұлдыздың әңгімесі: «Мен ракты қалай жеңіп шықтым?..»

9 сыныпты бітірген соң, ата-анам мені колледжге оқуға түсірді. Сонда жүріп университетте оқуды қатты армандадым. Сол арманым орындалып, кейін университетке түстім. Қиын болса да АУЭС-ке түстім. Радиотехника мамандығына, мемлекеттік грантта оқыдым. Университетте жүрген кезде көп қиыншылықтар бола қоймады. Алайда, менің анаммен қарым - қатынасым жақсы болмады. Мамаммен 10 минуттан артық сөйлессек, екеуіміз ұрысып қаламыз. Арадағы байланыс алыстап кетті. Мысалға, көптеген қыздар күніне 1-2 рет болсын мамасымен сөйлеседі ғой. Мен болсам, екі аптада бір сөйлесем, оның өзінде аса тіл табыса алмадық.

Кейін магистратураға түскен кезде қатты қиналдым. Сабақтарым да қиын болды. Оған қоса жұмыс жасадым.  Емтиханнан құлап қалдым, ұялы телефонымды жоғалтым алдым. Түсініксіз жағдайлар көбейе бастады. Өз-өзімнен жылай беремін. Әттегідей намазымды да дұрыс оқи алмадым. Кейін, Германияға да бардым. Ол жақта жақсы қыдырып келдім. Бірақ, күшті әсер ала алмадым. Германиядан келген соң қатты ауыра бастадым. Жөтеле берем, әлсіздік пайда болды. Ентігіп қаламын. Оған қоса түнде ұйықтай алмайтынды шығардым. Университетке барып келген кезде аяғым ісіп келетін болды. Басым ауырып, құлай беремін.

Бір күні группаластарыммен барып, барлығымыз флюраға түстік. Нәтижесі дұрыс шықпады.  Дәрігер маған неге көрінбейсің деп ұрысты. Мен сол кезде үш ай бойы жөтеліп жүрген едім. Содан бір ай бойы тексерілдім. Кейін компьютерлік томографияға түстім. Бәрі жақсы деп жазып берді. Бірақ, астыңғы жағына онкологтың кеңесі керек деп жазып берген екен. Алайда мен оны байқамаған болып шықтым. Онкологтың не екенін де білмедім ғой. Содан оған назар аудармадым. Шыққан қорытындыны дәрігерге әкеліп беріп, еш алаңсыз жүре бердім.

Бір кезде мамам хабарласып, Алматыға келемін, екеуміз бірге тексерілейік деді.  Кейіннен мамам келіп, артынан сіңілім келді. Сонымен, бір ай бойы тексерілген қағаздарымды жинастырып, онкологияға бардық. Ол жердегі дәрігерлер «Жұлдыз, сен өмір сүріп кетесің, бәрі жақсы болады»-деп жатыр. Мен не болғанын мүлде түсінбей жатырмын. Неге бұлай айтып жатыр деп ойладым. Мүлде ештене түсіне алмадым. Барлығының меннен бір нәрсені жасырып жатқандары анық болды...

Сосын, екі апта операцияға дайындалдым. Тапсырып жатқан анализдерім де жақсы болмады. Екі аптаның ішінде әжем келді, туыстарым келді. Мен болсам қатты уайымдап, арықтап кеттім. Қанша уайымдамауға тырыссаң да болмайды екен ғой...

Кейін онкологияға кірген кезде әртүрлі ауыр жағдайдағы адамдарды көрдім. Ішімнен «Мен неге бұндай жердемін, неге осылай болып жатыр?» деген түрлі ойлар мазалай бастады. Операцияға кірер кезде мамамнан кешірім сұрадым...

Алладан маған тағы өмір берсе, ата-анаммен жақсы болушы едім, оларды ренжітпеуші едім деп ойлап жаттым. Негізі өмірімнің бәрі жақсы ғой, бірақ сол нәрседен қиналып жаттым. Сөйтіп, 9 сағаттық операциядан шықтым. Операция жақсы болып бітті, бірақ қатты қиын болған еді. Екінші күні палатаға шықтым.  Бір ай сарғайып сонда жаттым.  Сонда да жігерім жасымады, жақсы көңіл күйде болдым. Сөйтіп күннен-күнге жақсарып келе жаттым.  Бір айдан соң шығып, шексіз қатты қуандым.

Ауруханадан шыққан соң Қызылордаға барып 1 ай демалдым. Бір айдан соң анализдерімнің бәрі жақсы емес, аурудың таралып кетуі мүмкін  екені белгілі болды. Ісікті алған, бірақ аты жаман, басқа жерге шығатын қауіпті түріне жатады екен. Содан кейін мамам нақты анализді маған айта алмады. Себебі, бұл дегеніміз - өледі деген сөз ғой. Оны өзім іштей білдім...

Сөйтіп, қайта Алматыға келдік. Біраз жерге барып көрдік. Бәрі емдей алмаймыз деді. Амал жоқ, химияға кірдім. Рак деген нәрсе әлі тұрды. Сосын, ауыр жағдаймен химия-терапияға кірдім. Кірген кезде, 3 күннен соң шашым түсіп қалды, кірпік-қасым жоқ. Қатты қиналдым. Адамдардың бәрі өліп қалатын шығар деп ойлады. Себебі, мен тамақ та су да ішпедім. Дәл сол уақытта мамам намаз оқып бастап, дұға тілеп, маған қатты қолдау болды.

Мамам түсімде атамды көріпті. Атам мені жазылып кетеді, бәрі жақсы болады деп айтты. Ол кезде атамның қайтыс болғанын әлі білмеген едім. Мамам хабарласып, бәрі жақсы болатынына сендірді. Осыдан-ақ екінші кірген химия-терапия да жақсы болды. Өзімнен-өзім жата беретін едім. Бір күш пайда болды. Тіріле бастадым. Жаймен жүріп, түнімен құлшылығымды жасадым.

Күле бастадым, қасымдағы адамдармен де жақсы сөйлесе бастадым. Содан кейін анализдерімнің бәрі жақсарды. Достарымды шақырып, бірге қыдырып, жақсы жерлерге тамақтануға барып тұратын болдық. Өмірге деген құлшынысым да арта түсті. Үшінші химиядан соң, анализдерімнің бәрі жақсы шықты. Сөйтіп, алты ай уақыт өткен соң тексерілдім. Сол кезде рак жоқ деп айтты...

Негізі өмірлік сынақтардың барлығы дерлік, кішкентай кезіңде қандай болғанына байланысты туындайды және бала соған байланысты өмірде кездесетін кедергілерді жеңіп шығады. Менің кішкентай кезім өте керемет өтті. Ерке болғанмын, ашық болғанмын және позитив болғанмын. Бетімді ешкім қайтармаған. 12 баланың ішінде мені атам ерекше жақсы көретін еді. Мен ең бірінші немере болғандықтан да барлық назар маған аударылған еді. Алайда ерке болып өскен бала кішкентай қиындықтарды есейгенде еселеп қабылдайды екен. Мен де сөйттім. Әйтсе де, мен ракты жеңіп шығуыма бірден-бір себепкер болған  нәрсе: кішкентай кезімде ерке болғаным, ешкім бетімді қайтармаған, барлығы жақсы көріп қолпаштауының арқасы деп ойлаймын. Бұның барлығы адамның миында жазылады және сонымен өмір сүреді. Кейбір адамға психологиялық тұрғыдан қанша позитив берсең де, қанша дәрі берсең де жазылмайды. Өмірі депрессияға түсіп кетуі мүмкін. Менде бәрі керісінше болды. Менде жеңіп шығамын деген сенім басымырақ болды. Негізі, әр адамда энергия толық болуы керек. Сол кезде адамның иммуниттетік системасы тез іске қосылады. Көңіл-күйің күшті болған кезде денеде бақыт гармондары бөлінеді, ол көбейген кезде иммунитеттің күшті болуына көмектеседі. Ал рак болып ауырған кезде иммунитет пен рак клеткалары таласқанда ол міндетті түрде ракты жеңеді.

Адам ауырған кезде өз-өзіне сұрақтар қою керек. Мен неге осындай жағдайға тап болдым деп. Мен өз-өзіме көп-көп сұрақтар қойдым. Ата-ананың қадірін білу керек.

Жазып алған Көгершін Тілеген 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302