Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2716 0 пікір 25 Қаңтар, 2011 сағат 10:13

Сәкен Есіркепов. Тұлғалар арасындағы айтысты, зерттеушілер арасындағы тартыс тудырып отыр

Тарихта қайшылыққа толы тұлғалар бар. Алайда, олардың өмірі мен қызметін арнайы зерттеп жүрген мамандар емес, қатардағы азаматтардың соның ішінде жас жігіттердің қызбалықпен, дыз етпе сәттен туған ойларының бәрін бүгінгі замана жетістігін пайдалана отырып әр жерден қылтита беруі жөн емес. Авторлардың сөзімен айтқанда, тарих екінің бірі, егіздің сыңарының ермегі емес. Ендеше, бұдан кейін адамның еңбегіне және оның тарихшы ретіндегі пікіріне құрметпен қарап, нақты тарихи дәйектілікке негізделмеген ой-пікірлерді асығыс айтпауға шақырамыз!

Қалғанын оқырмандарымыз да айта жатар...

«Абай» ақпараттық порталының редакциясы

«Жер астынан жік, жік шыққанда тік шықты» деп атам қазақ айтқандай 15.01.2011 жылы «Айқын» газетінде белгілі қоғам қайраткері, филолог ғалым Тұрсын Жұртбайдың XX ғасырдың басындағы Алаш зиялыларына арналған сұхбаты жарияланды. Алаш тақырыбы Қазақстанның әрбір отаншыл азаматын қызықтыратыны анық. Біз де осы мақсатпен мақалаға маңыз берген болатынбыз. Алайда, сұхбат ішінде болған кейбір ойлар бізді бей-жай қалдырмады. Мәселе қоғамға белгілі аптал азаматтың қазақ тарихына томпақ келетін ойларды ортаға тастауында болып отыр. Филолог ғалым тарихи тақырыпта ой қозғай отырып Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллинді қаралайды және Мұстафа Шоқайдың бүгінгі деңгейімен келіспейді.

Соңғы жылдары мына бір үдіріс кең етек алды зерттеушілер өздерінің зерттеген тұлғасының атағын (ол тұлға мұндай атақты қажет етпесе де) көтеру үшін басқа тұлғалардың деңгейін төмендетуге тырысуы. Бұл өкінішке орай зерттеушілер емес тұлғалар арасындағы текетіресті шығарып отыр. Кеше ғана Әуезов пен Мұқановты айтыстыру тоқтаған сияқты еді, енді бүгін тағы бір даудың беті шығып отыр. Бұл жолы да сол зерттеуші ғалымымыз тұлғаларды бір-біріне айдап салуда. Әйтпесе Бөкейханов, Рысқұлов, Шоқай арасында қандай да бір пікірталас шығыпты деген деректі естімеппіз. Бұл тұлғалардың барлығы да қазақтың ертеңі үшін күрескен қайраткерлер, Қазаққа тиімді жол осы деп әрқайсысы идеологияның әр бағытын ұстады, таңдаған жолдары үшін жандарын берді. Т. Жұртбай болса тек Алаш қана қазақ мүддесін көздеді қалғандары қазақтардың жартысы жоқ Түркістан мемлекетін құрғысы келді дейді. Бірақ, Т. Рысқұлов, С. Қожанов татар қайраткері Мирсайд Сұлтанғалиев және башқұрт текті Заки Уәлидимен идеялас болып, Орталық Азия, Татарстан жері және Башқұртстан аумақтарында «Үлкен Түркістан» мемлекетін құруды мақсат еткенін, ал М. Шоқай мен М. Тынышбаевтың аталған аумақта коммунистік емес Түркістан құруды көздегенін тарихшы ғалымдар мен көзі қарақты азаматтар білмейді дей алмаймыз. Тіпті, олар бұл мемлекетке Әзербайжан мен Түркияны қосып алғысы келді, осы елдердің идеялас қайраткерлерімен бірігіп жұмыс жасады. Бұл тұлғалардың мақсаты баяғы Түрік қағанатын жаңғырту болатын. Осы мақсатпен 1920-шы жылдары Алаш қайраткерлерінің көбісі Ташкент қаласына жиналды емес пе?

Ә. Бөкейханов, Т. Рысқұлов, М. Шоқайдың әрқайсысы да қазақ тарихында өзіндік орны бар шоқжұлдыздар. Ал олардың біреуін көтеруді, біреуін түсіруді зерттеушілер көтермесе, мемлекет көтеріп отыр деген қате пікір болар. Өйткені бұлардың тарихтағы орнын бір-бірінен асыруға тырысу бос әурешілік және бір тұлғаны ұлықтау арқылы өзгелерін төмендетуден ештеңе ұтпаймыз. Өткенге топырақ шашқанға болашақтың да тас ататынын ұмытпағанымыз жөн.

Егер Сәкен мен Тұрардың кінәсін дәлелдейтін деректер бар болса ол дерекпен алдыменен деректанушылар айналыссын. Бұл ғылым саласын оқығандар тарихи деректерді талдап, ішіндегі жазылған сөйлемдерді тіпті сөздерге дейін жіктеп автордың қандай мақсатпен жазғанын анықтап береді. Өкінішке қарай, қолына дерек түскен кез-келген ғалым жоғарыдағыдай сүзгіден өткізбей деректерді оңды-солды пайдаланып келеді. Бұл түрлі пікірталастырдың туындауына себеп болып отыр. Сондықтан деректермен жұмыс жасауды деректанушылардың немесе кәсіби тарихшылардың еншісіне қалдырған дұрыс болар.

Сондай-ақ, сұхбатта филолог ғалым Т. Жұртбай Тайыр Жараковтың өлеңдерін «өңдеу» жайлы өз ойын ортаға салған екен. Тіпті мұны бірнеше мысалмен келтірген ол өлең шумақтарының ішіндегі «комсомол» деген сөзді «жасұлан» деп аудару арқылы бүгінгі ұрпаққа оқытуды ұсынуда. Осы арқылы филолог ағамыз белгілі-бір себептер туа қалса кез-келген тарихи деректі бұрмалай алатынын көрсетіп алған секілді. Мүмкін шығармаларындағы тарихи мәселелерді әдеби желімен жазған шығар? Бірақ тарих әдебиет емес, егер оны бұрмаласаң бір халықтың өткені бұрмаланады. Онсыз да жетпіс жыл бұрмаланған тарихты түзетеміз деп тарихшыларымыз жанталасуда. Мүмкін олардың мұндай мәселелерге көңіл аудара алмай жатқандығына жоғарыдағы бұрмаланған тарихты түзетуден қолдары тимей жатқандығы себеп болып отырған шығар.

Т. Жұртбай тарихшыларға біраз сын айтыпты. Әрине «бозөкпе» тарихшылардың бар екендігін жоққа шығаруға болмас («бозөкпелер» әлемнің барлық елінде және барлық ғылым саласында табылады), бірақ өз саласын жетік білетін тарихшыларымыз да жетерлік және мұндай тұлғалар арасындағы тартыстың ақ-қарасын солар ажыратып береді деп ойлаймыз. Т. Жұрбаймен болған сұхбаттан тарихпен кәсіби тарихшылардың айналысуы қажеттігі аңғарылып тұр. Өйткені тарих ғылымы кез-келгеннің бас сұға беретін ауылдың алты ауызы емес. Ол өте нәзік ғылым, егер қара қылды қақ жаратындай дәлдікпен жүрмесең қисайюы мүмкін, онда оның зардабы үлкен болады. Тарих иірімдеріне тарихшылардың шеберлік мектебінен өтпеген азаматтардың қалам тартуы бабалар алдында ұятқа қалдыра берері анық!

Еркебұлан Әлімханұлы, Сәкен Есіркепов

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1547
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3343
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6158