Нұрғазы Сасаев. Ел намысын қорғайтын қазақ қанша?
VІІ қысқы Азия ойындарының басталуына да, ашылуына да санаулы күндер қалды. Дүбірлі дода жақындағанда ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері жариялана бастады.
Әрине, көптеген спорт түрлерінде ел намысын кімдердің қорғайтындары әу бастан белгілі еді. Десек те, қол қойылып, бекітілген тізім енді шықты. Бірақ бір күннен кейін екі өзгерістің жүзеге асқаны да мәлім болды. Азия ойындары басталып кеткенше осындай өзгерістер бола беретін де шығар. Әйтсе де біз қолдағы бар тізімге қарап, ондағы қазақтарды санауға көштік.
Тізімде барлығы - 251 адам. Олардың - 168-і спортшы да, 83-і бапкерлер құрамы мен басшылар. Бапкерлер құрамы деп отырған себебіміз, олардың арасында бас бапкер мен оның көмекшілері ғана емес, кеңесшілері, дәрігері, массажшылары, менеджерлері, шаңғы майлаушылары, сондай-ақ биохимик, психолог, хореограф бар.

Қазағы көп спорт түрлері - бенди (допты хоккей) және фристайл (акробатика). Пайызға шаққанда, осы екі спорт түрінде қазақтар басым. Қалғандарында пайыздық көрсеткіш әлдеқайда төмен. Қазағы жоқ спорт түрлері де жоқ емес. Конькимен жүгіруді қойыппыз, мүлде. Осыдан біраз уақыт бұрын «конькиді ойлап тапқан қазақтар екен» деген дақпырт шығып еді. Ал біз өз жеріміздегі Азиадада жүгіретін бір қазақ конькишісін көре алмай, пұшайман болып отырмыз. Содан соң фристайлдың могул деп аталатын түрінде де қазақ атымен жоқ. Қызық, фристайлдың акробатикасын меңгереміз, ал могулды мүлде маңайламайтын сияқтымыз.
Ал «алтын ала алатын қазақ бар ма» деген сұраққа «бар болғанда, қандай» деп, қуана жауап беруге болады. «Допты хоккейден бас бәйгені шаппай аламыз» деп, алақанымызды ысқылап отырмыз ғой. Ендеше осы спорт түріндегі өрендеріміз Азиада алтынына қарық қылулары тиіс. Сондай-ақ сенімді ақтап, шайбалы хоккейдегі қыз-жігіттеріміз бірінші орынға ие болса, осы екі құрама сапындағы қандастарымыздың саф алтындарына бәйгеден өзіміз бірінші келгендей қуанатын боламыз. Шаңғымен тұғырдан секіру спортындағы Радик Жапаровтан да үмітімізді үзбейміз. Кім біледі, мүмкін Ванкувер Олимпиадасында көк байрағымызды көтеріп шыққан Диас Кенешев пен мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев те жүлдеге ілігіп қалар. Бәлкім, фристайлшы Жібек Арапбаеваның бағы жанар.
Ал енді арифметикаға жүгініп, есептейік. 168 спортшының 27-сі қазақ екен. Бұл пайыздық көрсеткішке шаққанда 16,07 болады. Сонда Ақ Азиадада ел намысын қорғайтын спортшылардың 16 пайызы ғана - қазақтар.
Ал бапкерлер және басшылар құрамына келейік. 83-тің 12-сі қазақ. Бұл 14,46 пайыз болады.
Ал бәрін қоссақ (168 спортшы + 83 бапкерлер құрамы), 251 делегат болады. Бұлардың 37-сі қазақ. Бұл - тізімдегі 251 адамның 14,74 пайызы ғана қазақ деген сөз.
Бапкерлер құрамы демекші, осы 13 спорт түріндегі бас бапкерлердің төртеуі қазақ (30,77 %). Бұған да шүкір.
«alaman.kz» сайты