Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2536 0 пікір 26 Қаңтар, 2011 сағат 09:18

Асқар Таған. Маңғыстаудың бас полицейі экстремистерді енді аямайды

Құқық қорғау қызметкерлері арасында былтырғы 2010 жыл несімен есте қалды дейтін сұраққа Маңғыстауда орын алған оқиғаны айтуға болатын шығар. Жұрт ұмыта қоймаған жағдай 2010 жылы мусымның 22-сі күні таңғы бестер шамасында болған. Ақтау қаласының сыртындағы ГМ 172/1 қатаң режимдегі колонияда атыс болып, одан  сотталған 21 адамның қашып шыққаны туралы хабар сол күні таң атпастан бүкіл әлемге тарап үлгерген еді.  Қашқандардың жетеуі қаза тауып, біреуінің ұсталғаны, қалған он үштің қашып құтылғаны туралы естімеген жан жоқ... Бұл хабар құқық қорғау қызметкерлерін ғана емес, бүкіл елді әсіресе, ақтаулықтардың мазасын қашырған өте суық хабар еді. Жұрт құқық қорғаушылардың жұмысына қарап қалған.

Төрт күн үрейде тұрған Маңғыстау халқының қорқынышы сейілген күн олардың Шетпе кенті маңындағы таудан ұсталған кезі болды. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті, «Арлан» арнайы тобының іздестіру тобы мен қашқындар арасында атыс болғаны туралы ақпарат құралдары жарыса жазған еді кезінде. Сотталғандардың сегізі өліп, бесеуі қолға түсті. Ең қорқыныштысы, олардың «Аллаху Акбар» деп өздерін өздері жарып жібергендері еді.

Аталған сұмдық оқиға турасында  жергілікті «Лада» газеті хабар таратып, түрмеден қашып шыққандарды «әсіредіншілдер»  деп жазса, облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы, полиция подполковнигі Гүлзада Бектұрқызы Төлеуғаиева да олардың «діншіл» топ болғанын ресми растады. Бұл да Ішкі істер департаментінің үлкен ерлігі екенін атап өту керек.

Түрмеден қашқандардың ішінде тірі қалғандардың бірі Ж.Құрмашев тергеу барысында оқиғаны баяндап беріп, қашқандардың уаххабилік ағымда болғанын айтқан. Құрмашевты тергеу барысында олардың уахаббиттік бағыт ұстанғандары анықталды. Кейбір мағлұматтарға қарағанда түрмеден қашқандардың ішінде түрменің имамы болған екен. Қашқын тұтқындардың ішінде 2007 жылы Қордайда «Такфирлер жамағаты» лаңкестік ұйымын құрғаны және басқарғаны үшін сотталған Дәурен Әлімбетов деген уаххабит қылмыскер мен 2008 жылы Маңғыстауда полицияға қанды шабуыл жасап «Аллаһу акбарлап» адам өлтірген уаххабилік ағым мүшелері де болған.

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Полиция полковнигі Аманжол Жайғалиұлы Қабылов (суретте) осы уақиға кезінде көрсеткен ерекше ерлігі үшін жыл соңында 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. «Ендігі ісім осылармен болады», - депті облыстың бас полицейі. Біз осыған разы болыстық. Мұндай қатерлі қылмыстарға басын тігіп, ерекше қызмет көрсеткен ұлдарын елі құрметтеуі керек. Жақында журналистер алдында Қабылов мырза «оларды енді аямайтынын» айтып қалды. Бұл үлгі етерлік әрекет. Егер, біздің полицейлердің барлығы Аманжол Жайғалиұлы сияқты сергек болса, еліміздегі діни экстремизм мәселесі ушықпай дер кезінде ауыздықталады деген ойдамыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371