Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2819 0 пікір 27 Қаңтар, 2011 сағат 05:11

«Өзбек керек қылмаған генералды қазақтың өзі лайықты ұлықтаса игі» - республикалық басылымдарға шолу

«Қазақстан Парламентінің Мәжілісі кешегі жалпы отырысын «бір минут үнсіздікпен» бастады. Қалаулылар Ресей астанасы Мәскеудегі Домодедово әуежайында болған лаңкестік актіде қаза тапқандарды осылайша аза тұтты. Ұшақпен ең көп сапарлайтындардың бірі депутаттар екендігі мәлім. Сондықтан бұл қанды оқиға қалаулылардың төбе шашын тік тұрғызған. Кешегі жиынды ашқан Төменгі палата спикері Орал Мұхамеджанов осыған орай көңіл айту жеделхаты ресейлік Парламентке жолданғанын мәлімдеді», - деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі нөмірінде. Сондай-ақ басылымның атап өтуінше,  осыдан кейін  Мәжіліс депутаты Бекен Әлімжанов білім қуған жастардың неге өздеріне арналып, бюджеттен бөлінген несиеге қолы жетпей­тіндігіне айран-асыр екендігін жеткізген, яғни көптеген шәкірттер білім несиелерін алуда елеу­лі қиындық көруде екен. Депутаттың ақ­парынша, былтырғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қаржылық орталық» АҚ жалпы сомасы 479 мил­лион теңге болатын 3 834 ке­піл­ді міндеттеме берген. Оның ішін­де жеңілдікті білім несиелері бар-жоғы 1 780 міндеттемені (жал­пы сомасы 275 миллион теңге) құ­раған екен. Ал халық қалаулысының де­ре­гінше, несие алуға зәру студент­тердің қатары 40 мың. Бұл жайында егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, басылымның бейсенбілік нөміріндегі «Қырық мың студент несие алуға зәру» деген мақалға көз жүгіртіңіз.

«Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде «20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды. Бұл дерт жасөспірімдер арасында көбейіп барады» деген мақалада басылды. «Өткен жылы Алматының іргесіндегі Тұздыбастау ауы­лында орын алған қайғылы оқиға - өрімдей жасөспірім екі оқушы­ның өздеріне өздері қол салуы - ауыл тұрғындары мен осын­дағы ұстаздар қауымын ғана емес, бүкіл облыс шенеуніктерін әбігерге түсіргені белгілі. Бауыр еті балалары - қос құлыншағы­нан аңдаусызда көз жазып қал­ған қос отбасындағы қос ата-ана­ның күтпеген қасіреттің не­ліктен орын алғанын және оны кімнен көрерін білмей дал бол­ғаны анық. «Қой үстіне бозторғай жұмырт­қалаған» мына заманда елімізде оқушылардың суицид оқиғасы қаптап кетті. Мысалы, Мәжіліс депутаты Гүлмира Ис­тай­бекқызы келтірген мәліметке жүгінсек, Қазақстанда 2009 жылы жасөспірімдер арасында 260 суицид оқиғасы орын алып­ты. Бұл аз болғандай, 2010 жылы 237 суицид оқиғасы тағы тір­ке­ліпті», - делінген мақалада. Басылым осы орайда «он екіде бір гүлі ашыл­маған жасөспірімдер өз­дерін өздері неліктен өлімге қияды, өмірден неге безеді, оларды бұған итермелеген не, «Ел аман, жұрт тынышта» талай ата-ананы зар жылатып, бауыр еті баласынан айырып жатқан суицид дегеннің өзі не,  жасөс­пірім­дерді мезгілсіз «жағадан» алатын, айтып келмейтін бұл - қандай тажал, суицидтің себебі мен салдары қандай?» деген сауалдарды білікті психологтарға, сондай-ақ қоғам қай­раткерлері мен заңгерлерге қойып, мақаланың мазмұнын ашуға тырысқан.

***

«Бұдан бұрын да Өзбекстандағы қазақ қандастарымыздың көрген қорлығын айтып, Мәжілістің мінберінен бірнеше мәрте мәселе көтерген депутат Амангелді Момышев «ала тақиялы ағайынға» тағы да ашынды. Кеше Мәжілістің отырысында депутат генерал Сабыр Рақымовтың ескерткішін сүріп тастаған өзбек билігінің әрекетіне наразылық білдіріп, соған қатысты үкіметтік деңгейде тиісті шешім қабылдануын сұрады», деп жазады «Алаш айнасы» газеті бүгінгі санындағы «Өзбек керек қылмаған генералды қазақтың өзі лайықты ұлықтаса игі» деген мақаласында.

«Жақында Өзбекстан астанасында Кеңес одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовтың төрт метрлік ескерткіш-монументі шынжыр табанды трактормен сүріліп тасталды. Бұл - өзбек билігінің қорлығы, оны басқаша атау мүмкін емес. Грузияда ҰОС батырларына арналған «Даңқ мемориалы» талқандалып еді, Ресей Сыртқы істер министрлігі әлгі әрекетті «қорлаушылық немесе мемлекеттік вандализм актісі» деп бағалады. Путин дәп Грузиядағыдай ескерткішті Мәскеуде орнату туралы ұсыныс жасап, ол жүзеге асты. Ендеше «өзбек билігінің әрекетіне біздің Сыртқы істер министрлігі неге үнсіз қалды?» деген сауал көлденеңдейді. Неге мұндай вандализмге қарсылық нотасын жібермейміз?!   Екі миллионға тарта қазақ тұратын Өзбекстанда этникалық қазақ болып табылатын генерал Рақымовтың ескерткішін бұзу сол ұлтты сыйламау фактісі деп қабылданып, ұлтаралық қатынасқа да кірбің түсіретінін ұмытпауымыз керек. Бұл - бір ғана факті емес, генерал Рақымовтың құрметіне берілген көшелер, мектептер атаулары қазір өзгертіліп бітті. Бұл не? Шығыс халықтарының арасында тұңғыш генерал атанған даңқты қолбасшы С.Рақымовтың ұлты қазақ болса да, Өзбекстанның азаматы еді ғой», - деген А. Момышев Үкіметбасының атына жолдаған сауалында.

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, кеше Алматыда 7-Қысқы Азия ойындарының баспасөз орталығы ашылды. Азияның әр өңірінен жиналатын екі мың журналистің уақытша жұмыс орнына айналатын бұл орталықтың ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, лентасын қиып берген. Бірақ басылым орталықтан ешқандай қазақылық көре алмағанын қынжыла жазады. «Жалпы баспасөз орталығын толық аралап шыққан қала әкімі атқарылған шаруаларға риза болып қайтты. Журналистердің де көңілі тоқ сияқты. Дегенмен отандық баспасөз қызметкерлерінің назы бар екенін айтпай  кетуге болмас. Нақтырақ айтсақ, баспасөз орталығынан ешқандай қазақылықты көре алмадық. Есіктегі жазудан бастап, іштегі заттардың барлығы ағылшын тілінде таңбаланған. Тіпті баспасөз баяндамасының өзі ағылшын тілінде дайындалыпты. Ағылшын тілінде дайындалғаны дұрыс, оған дауымыз жоқ, бірақ этикет бойынша, қасында мемлекеттік тілдегі аудармасы да болуы керек қой. Себебі Қазақстанда өтіп жатқан дүбірлі доданың негізгі жанкүйерлері қазақтілді аудитория емес пе?!», - деп жазады басылым. Көтерілген мәселе жайында егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, бүгінгі нөмірдегі «Қазақылықтан жұрдай баспасөз орталығы» деген мақалаға назар аударыңыз.

***

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, еліміздің сауалнамаға қатысқан азаматтарының 91 пайыздан астамы Мемлекет басшысының Президенттік өкілеттілігін ұзарту мәселесі бойынша референдум өткізу бастамасын қолдайды. Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихаты барысында жария етілген «InfoSystem» зерттеу орталығы» қоғамдық қорының  әлеуметтік зерттеулер қорытындысы осындай. Сондай-ақ аталған қордың директоры Салтанат Ахмедованың атап өтуінше,  Қазақстан халқының 94 пайызы Елбасының Президенттік өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумнан хабардар екендігін айтқан. Сауалнама 2010 жылдың 25 желтоқсаны мен 2011 жылдың 17 қаңтары аралығында өткізілген. Оған еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар Алматы, Астана қалаларынан 18-54 жас аралығындағы 1600 адам қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371