Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3768 0 пікір 7 Ақпан, 2011 сағат 07:58

Серік Ерғали. Аударма – тілдің алтын көпірі

Әрбір тілдің өзге тілдермен араласар көпірі болады, ол - аударма саласы. Аударма техникалық сипаты жағынан жазбаша және ауызша болып екіге бөлінеді. Ауызша аударманы «ілеспе аударма» деп те, қазақы мағынасында «тілмаштық аударма» деп те атауға болар. Сондай-ақ, аударма саласы мазмұнына қарай ғылыми, әдеби, ресми және тұрмыстық деп те жіктеледі.Алайда, қазақ тілінің бүгінгі көпіріне қарап, бұлардың ара-жігін ажырату мүмкін емес.

Қазақ тілінің аталған алтын көпірі қандай ахуалда? Қандай деңгейде?

Тілдің аударма саласының ахуалын қарастырғанда, оның қазақ тілін өзге тілдермен қатынастыру қабылеті қандай деген мәселеге амалсыз тірелеміз. Жалпы, аударма саласының дамуы тілдің өзге тілдермен сандық және сапалық жағынан қарым-қатынастық сипатын білдіретін көрсеткі (индикатор) болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ тілі әлемдегі қауқарлы ондаған тілдермен тікелей қатынас жасап отырғандығына күмәніміз бар. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік тілінің өзге тілдермен аудармасы өзінен тікелей емес, орыс тілін делдал етіп, соны бетке ұстап қана күн кешіп отырған жайы барын жасыру мүмкін емес. Тіпті, оның өзі де анда-санда болатын аса сирек құбылысқа айналған.

Өкінішке орай, қазақ халқының демографиялық араластығы мен лингвистикалық мүмкіндігі барынша аралас-қоралас қытай, түрік, ағылшын, француз, испан, неміс, украин, өзбек, грузин, моңғол, парсы т.т. тілдік орталармен тікелей тұрғыда аудармалық араласу үдерісі көз үйренген жайтқа айналмай отыр. Аталмыш сала тек қана орыс тілінің құзыры арқылы атқарылатын лингвистикалық міндетке айналған. Мұның бір мәселесі, елдегі аталмыш шет тілдерін оқыту қазақ тілінде емес, Ресейдің мемлекеттік тілінде бірыңғай жүргізіліп, сол тілдегі әдістеменің бар билікті қолына алуында болар. Сонымен, әлі күнге қазақ тілінің өзге тілдермен араласы, яғни, аудармасы білім саласында түпкілікті жолға қойылмай, тіпті, қарастырылмай отыр деуге болады. Әсіресе, қазақтілді орта мектептердің өзінде шет тілдері үшін қатынас тілі орыс тілі болып қалып отыр, яғни, қазақтілді балалар шет тілін орыс тілі арқылы үйрену үдерісін бастан кешуде. Кейбір азын-аулақ жайтты ескермегендегі халымыз осылай: оқулықтар орыс тілін жұмыс тілі етуде, сабақ үдерістеріне де сол тіл негізгі қожайын. Елдегі шет тілін оқытудың жоғарғы деңгейлері түгелдей дерлік осы жағдайда күш кешуде.

Кеше ғана өткен ЕҚЫҰ саммитінің жұмысы елдегі онға тарта телеарнаның ішінде тек қана «Қазақстан» арнасында қазақшаланды да, басқасында сол тұстағы көрші елдің мемлекеттік тілінде аудармаланғаны жоғарыдағы уәжімізді бекіте түсті.Оның үстіне ежіктеумен,еркін көсіле алмай, тұсалған аттың күйіндей, кібіртіктеген қазақ тілмаштарын кінәләуға тағы да батылымыз бармайды. Өйткені, олар мұндай жұмысқа жылына бір-екі рет қана тартылатындығы жасырын емес, сондықтан оларда қандай дағды мен білік қалыптасып, өзге тілмаштардың деңгейіне жете алсын! Қысқасы, қазақ тілінің аударма саласы бейнелеп айтқанда, көтерем күйінде. Сынап айтқанда, өз алдына лингвистикалық сала ретінде мемлекеттік назарда емес, аудармашылардың ресми, құқықтық мәртебелері айқындалмаған, оларға қажетті керек-жарақ пен мүмкіндіктер жасалмаған.

Қазақ тілмаштары мен аудармашылары үшін жыл сайын Тіл фестивалі аясында үстіртін өтетін аудармашылар сайысын айтпағанда, жүйелі түрде қазақ аудармасын дамытарлықтай не қоғамдық, не мемлекеттік немесе коммерциялық негіздегі құрылым жоқ! Қазақстанда таралатын компьютерлер мен басқа да есті саймандарда электрондық автоматтанған аудармалық сөздіктер бар дей алмаймыз, бар болса, тек қана орыс тілін тәржімалауға ғана арналған, оның өзі де іске жарамсыз, уақытшаң емес, қажетті тілдік бірлікке балама табу қиынның қиыны.

Айта берсек, аталған сала бойынша мәселе жеткілікті,түйткілді шешуге арналған жоба жоққа тән. Тіпті, электрондық кеңістікте орын алған электрондық автоматтандырылған тілмәшті былай қойғанда, Қазақстанның мемлекет ретіндегі атауы кейбір халықаралық интернет тіркелімдерден құр қалған. Жоғарыдағы жайттарды ескере келіп, аударма саласындағы басты мәселелерді шешу жолдарын атап өтуге тәуекел етейік.

1. Тіл комитетінің құрамында аударма саласын дамытуға қажетті жобалар мен бағдарламаларды, әрекеттерді үйлестіретіндей бөлім болғаны абзал.

2. Қазақ тілінің аударма саласы турасында 2010-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту бағдарламасына арнайы Аударма саласын дамыту жөніндегі бап енгізілгені мақұл.

3. Қазақтілді аудармашылар мен тілмаштар бірігіп, өздерінің қауымдастығын құрғаны құба құп.

4. Мәдениет министрлігі қазақ тілінің Аударма саласын дамытуға бағытталған қоғамдық және өнериеттік (творчестволық) жобаларға арналған гранттар бөлуді қарастырғаны абзал.

5. Әлемдік тілдермен қазақ тілін араластыруды қолдайтындай арнайы электрондық қамтылған программалар жасақталуы керек.

6. Қазақ тілінің әлемдік жетекші тілдермен қатынасын толық қамтитындай ғылыми-аудармалық кеңестер құрылып, олар қазақ тілінің сол тілдермен арадағы баламалық сөздігін түзуге кіріскені жөн болар еді.

7. Қазақтілді аудармашылар мен тілмаштарды сәйкес тілдік ортада дамыту мақсатымен шетелдерге біліктерін арттыру сапарларына жолдамалар қарастырып, оны Мәдениет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі бірігіп үйлестіруі керек деген тілегіміз бар.

Жалпы алғанда, кез келген тілдің шарықтау шегі оның аудармасының дамуынан көрініс табады. Ал, мемлекеттік тілдің ондай дәрмені әзірге аса аянышты халда десек, біреуді мінеу үшін емес, сол саланы шынайы дамытуды қолға алайық - дегеніміз.

Серік ЕРҒАЛИ, аудармашы, көсемсөзші.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478