«Тіл шебері-2018» республикалық конкурсы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша « Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2018» республикалық конкурсын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Өтетін уақыты: 2018 жылғы 15 маусым
Іс-шараның басталуы: 14.00 сағ.
Өтетін орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы
Конкурстың мақсаты: жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау көрсету;
Конкурс үш аталымнан тұрады:
1) «Тұсаукесер» – берілген тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу;
2) «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру.
3) «Өнертаным» – берілген жаңылтпаштарды үш тілде жаңылмай айту.
Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі және өнерпаздардың мерекелік концертімен аяқталады.
Қатысушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, Ақмола облысы Бурабай ауданы зиялы қауым өкілдері.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-97; 8 701 451 14 17, 8 705 100 59 08
Abai.kz