Құжатта уран шикізатының үлкен қоры бар елде атом энергетикасы мүмкіндіктерін пайдаланбай келетіні айтылған.
Өзбек ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, республикада электр қуатының 70 пайызы газдан, 13 пайызы көмірден, 3 пайызы мұнайдан алынады. Болжам бойынша, 2030 жылға таман салынады деп жоспарланған атом электр станциялары қуаттың 15 пайызын беруі тиіс.
"Өзатом" агенттігінің басшысы қызметіне Журабек Мирзамахмудов тағайындалды. Агенттік құрамында Ғылымы=техникалық және сарапшылар кеңесі құрылады.
"Росатом" мемлекеттік корпорациясының Өзбекстанмен жасалған келісіміне сәйкес, атом электр станциясы 2028 жылға дейін салынады. Кешен қуаты 1200 мегаватт болатын екі энергоблоктан тұрады.
Abai.kz