Жұма, 22 Қараша 2024
3955 0 пікір 26 Шілде, 2018 сағат 09:38

АҚШ-та "алаяқтықпен" үш қазақстандық айыпталған

АҚШ-та ірі алаяқтық іс бойынша айыпталғандар арасында үш қазақстандық та бар. Сейсенбі күні АҚШ-тың Әділет департаменті жариялаған баспасөз баянында олардың 23, 27 және 47 жаста екені, Нью-Йорктің халық көп шоғырланған Бруклин ауданында тұрғаны айтылады.

Жалпы айыпталушылардың саны - 25. Олар - Әзірбайжан, Грузия, Украина, Түркия, АҚШ, Латвия азаматтары.

Айыптау қорытындысында айыпталушылардың "көлік сатамыз" деп интернетке жалған жарнама іліп, адамдардан алдын-ала ақша алып ізін жасырып отырғаны баяндалады. Олар осы мақсатта ондаған жалған фирма ашып, азаматтарды алдаған. Мұндай әрекеттерін 2016 жылдың қараша мен 2018 жылдың шілде айы аралықтарында жүзеге асырған. Бұл жалған фирмалардан азаматтарға келген шығын көлемі 4,5 миллион долларға бағаланады.

Мұндай қылмыс бойынша АҚШ-та 20-30 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322