Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
5273 0 пікір 27 Шілде, 2018 сағат 12:53

Тарбағатайдан Алтын адам табылды

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай тауларындағы Елеке сазында археологиялық жұмыстар нәтижесінде  2 нысаннан алтын заттар табылды, - деп хабарлайды Алтайньюс.

Болжам бойынша, бұл көне жәдігер б.з.д VIII-VII ғасырларға жататын бекзадалар мен ханшайымдарға тиесілі заттар болуы мүмкін.Әсіресе, әйелдердің алтын әшекейлері, моншақтар мен киімдеріне арналған жапсырмалар және қапсырмалар өте көп табылған. Сонымен қатар алтыннан соғылған ат әбзелдері де бар.

Қазір археологиялық жұмыстар нәтижесінде 3000 ға жуық алтын бұйым анықталған.

Айта кету керек, 2016 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысында «Көне қазыналар» атты жоба аясында археологиялық қазбалар мен ғылыми зерттеу жұмыстары басталған.

Қазба жұмыстары еліміздің жетекші археологтары Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаев және Карл Байпақов жетекшілігімен жүргізіліп келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 476
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2162
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1837
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 972