Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
4952 4 пікір 27 Шілде, 2018 сағат 13:45

Бишімбаевтың аңшы үйі енді Қосшының Мәдениет үйіне айналады

"Ақша жымқырды" деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың  жекеменшік коттеджі Ақмола облысындағы Қосшы ауылдық әкімдігіне берілмек. Бұл туралы "Еуразия" арнасы хабарлап айтты.

Сөйтсек, әлгі ауылда Мәдениет ошағы жоқ екен. Бишімбаевтың дәу үйі енді әкімдікке беріліп, жергілікті басшылар сол кемшіліктің орнын Қуандықтан қалған үймен толтырмақ көрінеді.

"Бұл біздің ең қымбат нысанымыз болады",- деп қуанған ауыл әкімдігі бұл жекежайды мәдениет үйіне айналдырмақ. Ал, прокуротура өкілдерінің айтуынша, бұл үй кезінде 60 млн.теңгеге салынған.

Негізінен, Бишімбаев  бұл үйді аңшылық үшін тұрғызған екен. Ал, нысан оның енесінің атында болған.

Еске салсақ, экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Және ол өмір бойы мемлекеттік қызмет істей алмайды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 137
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 139
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 117
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 74