Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3121 0 пікір 2 Наурыз, 2011 сағат 08:24

Жарасбай Сүлейменов, депутат. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – ел тарихының жарқын беті»

Мен бүгінгі депутаттық сауалымды Үкімет басшысына жолдағалы отырмын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тәуелсіздік - бұл біздің ең басты құндылығымыз... сондықтан да оны атап өтуді жоғары дәрежеде ұйымдастыруымыз қажет», - деген сөздерді қадай-қадай айтқан болатын. Мемлекет тарихындағы осындай бірегей белес елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс.

Иә, биылғы жыл - Қазақ елі үшін ерекше жыл! Халқымыздың сан ғасырлар бойғы арманы жүзеге асып, бодандықтың бұғауынан босап, тәуелсіздігімен қауышқанына, азат ел болғанына жиырма жыл толғалы отыр. Бұл - қатардағы көп мерекенің бірі емес, бірегейі, үстіміздегі 2011 жылдың басты оқиғаларының бірі!

Мен бүгінгі депутаттық сауалымды Үкімет басшысына жолдағалы отырмын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тәуелсіздік - бұл біздің ең басты құндылығымыз... сондықтан да оны атап өтуді жоғары дәрежеде ұйымдастыруымыз қажет», - деген сөздерді қадай-қадай айтқан болатын. Мемлекет тарихындағы осындай бірегей белес елдіктің, егемендіктің, кемелдену мен келешекке құлаш сермеудің тамаша кезеңіне айналуы тиіс.

Иә, биылғы жыл - Қазақ елі үшін ерекше жыл! Халқымыздың сан ғасырлар бойғы арманы жүзеге асып, бодандықтың бұғауынан босап, тәуелсіздігімен қауышқанына, азат ел болғанына жиырма жыл толғалы отыр. Бұл - қатардағы көп мерекенің бірі емес, бірегейі, үстіміздегі 2011 жылдың басты оқиғаларының бірі!

Бәріміз де куәміз - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты «Бейбітшілік пен жасампаздықтың жиырма жылды­ғы» жалпыұлттық жоспары жасалып, басты басымдықтар айқындалды. Сөйтіп, кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде мерей­той шаралары басталып та кетті. Мәселен, Алматы облысының әкімдігі ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, облыс аумағындағы әр ауылдық округте 20 мың ағаш отырғызу туралы игі бастама көтеріп отыр. Ал «Заңғар» шығармашылық бірлестігі  тойға дайындық шараларының аясында 20 мың домбырашының бір мезгілде күй тартуын ұйымдастырып, қазақтың қанын қыздырып, ұлттың рухын асқақтатпақ. Міне, осындай  құнды бастамалар ел көлемінде қолдау тапса, ұлы оқиғаның лебі ілгері басқан әр қадамымыздан сезіліп жатса, нұр үстіне нұр емес пе!?

Алаш баласының рухын көтеріп, еңсесін тіктеуді, әр қазақты мақтаныш пен шаттыққа бөлеуді, ел бірлігін нығайтуды, бір сөзбен айтқанда, Тәуелсіздіктің 20 жылдығының тағылымды сәттері көп болғанын қаласақ, биылғы әр күніміз «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы - ел тарихының жарқын беті» ұранымен өтуге тиіс. Демек, ұлтты ұйытатын әрі жастарға ой салып, отансүйгіштік сезімін көтеретін  іс-шаралар ұлық мерекенің ажарына айналуға тиіс. Мәселен, биыл дүниеге келген сәбилерге кәдімгі куәліктерден өзгеше жасалған, мерекелік нақышталған тууы туралы куәліктер, ескерткіш белгілер тапсырылып, әр сәбиге берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақыға қосымша арнайы сый тағайындалса, еліміздің болашағы саналатын жастардың, бүкіл Алаш баласының, Қазақстанды мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің патриоттық сезімдерін, ертеңгі күнге деген сенімдерін, елімізге деген құрметі мен сүйіспеншілігін артыра түсер едік.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Осы орайда жалпыға бірдей білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, студенттер арасында «Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан!» деген тақырыпта шығармалар байқауы ұйымдастырылып, оның қорытындысы мереке қарсаңында шығарылып, жеңімпаздар лайықты марапатталса деген тілегімді де Өзіңізге жеткізгім келеді. Бұл шара ынтымағы жарасқан елдің ұландарының  тарих тереңіне ой жүгіртуіне, өткен-кеткенді екшеп, бар мен жоқты пайымдап, жеткен жетістік пен кеткен кем­ші­лікті түгендеп, алда тұрған асқаралы асу­ларға бел шешіп, білек сыбана кірісуіне жол ашатынына сенімім нық.

Тарихта есесі кеткен халықтың тәуелсіздік жылдары еңсесі тіктелді десек те, әлі шешімін таппаған, кезегін күтіп тұрған мәселелер аз емес. Бұл сөзімнің ономастика мәселесіне де тікелей қатысы бар. Өкінішке орай тәуелсіздік алғанымызға жиырма жыл өтсе де, жеріміздің, еліміздің тарихына  үйлеспейтін, халқымыздың абыройы мен беделіне көлеңке түсіретін, отарлық кезеңнен қалған атаулардан әлі арылып болған жоқпыз. Кешегі солақай саясат елді-жұртты салт-санасынан айырып, рухани тамырынан ажырату үшін алдымен жер-су аттарын өзгертті, халық санасында сан жылдар сіңісті болған атаулардың сырына үңілмей, ту-талақай етті, тарихқа, халыққа қиянат жасады. Енді міне, ономастикалық жұмыстарды ұлттық мүддемізге сәйкестендірудің, оны Қазақстан тәуелсіздігінің бүгінгі руха­ни биігінен  қайта қа­рап, тарихи әділеттілікті орнатудың да сәті келген сияқты. Осыған орай үстіміздегі жылы әр ауданда кем дегенде 20 елді мекенге ежелгі атауы қайтарылса, аудан орталықтарындағы, қалалардағы кем дегенде 20 көшенің атауы қазақшаланса, еліміз төл нақыштарымен ежептәуір ажарланып қалар еді.

Ономастика саясаты, ең алдымен, мемлекет тәуелсіздігіне, ел мен жерді ұлықтау идеясына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана әр дәуірде туған тілімізде хатталған ата-баба мұрасы жаңғырып, жеріміздің сәні кіреді, халқымыздың рухы күшейеді.

Жарасбай Сүлейменов,

Парламент Мәжілісінің

депутаты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375