Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4812 13 пікір 22 Тамыз, 2018 сағат 10:52

Трамп Ресейге салынған санкцияларды алып тастау шартын атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге салынған санкцияларды қайтарып алудың шарттаран атады. Ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында: "Ресей АҚШ мүддесі үшін Сирия мен Украинада кері шегінуі керек. Әйтпесе бұл мәселені қарастырмаймын" - деген.

Reuters агенттігіне берген сұхбатында Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі туралы да айтқан. Трамптың сөзінше, 16 шілде күні Хельсинкидегі жабық кездесуде Израильдің қауіпсіздігі, Сириядағы жағдай, Ресейдің Қырымды аннексиялап алуы сөз болған. Ол "Путин санкция мәселесін қозғамады" деген.

Вашингтон Мәскеуге 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялауы және Украина шығысындағы агрессиясы үшін санкция салған. Қазіргі уақытта Конгреске Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы оқиғасына байланысты жаңа заң жобасы түскен. Құжат Ресейдің дербес қарызына байланысты транзакцияға шектеу қоюды көздейді. АҚШ-та Ресейдің "Сбербанк", ВТБ, "Внешэкономбанк" және "Газпромбанк" секілді ірі банктерінің жұмыс істеуіне тыйым салу да қарастырылған.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1208
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2731
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 861
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 820