Сенбі, 23 Қараша 2024
3393 1 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 09:05

Латвия мен Эстония совет оккупациясы үшін Ресейден өтемақы талап етпек

Латвия мен Эстония Ресейден совет режимі кезіндегі оккупациясында келтірген зардабы үшін өтемақы өндіртуі мүмкін. Бұл туралы Латвия әділет министрі Дзинтарс Расначс пен Эстония әділет министрі Урмас Рейнсалу мәлімдеді.

Эстония Әділет министрлігі сайтында жарияланған мәлімдемеде совет режимінің салдары мен құрбандарын есте сақтау керектігі айтылады. Саясаткерлер ықтимал іс-қимыл жоспарын, оның ішінде БҰҰ деңгейіндегі шараларды талқылаған. Екі ел билігі бұрынғы Балтық бойы елдерінің 1940-1990 жылдары СССР құрамында болғанын оккупация деп атайды.

2015 жылы желтоқсанда Латвия, Литва және Эстония бірлескен декларацияға қол қойып, күш біріктіруге және оккупация үшін өтемақы талап етуге уағдаласқан. Алайда, сол кезде Эстония Сыртқы істер министрлігі Таллин Мәскеуден өтемақы талап етпейтінін мәлімдеген. Латвия болса, келтірілген зардапты 185 миллиард еуроға бағалаған.

Мәскеу мұндай талапты ресми түрде қабылдамайды. Ресей Сыртқы істер министрлігі "өтемақы талап ету - СССР кезіндегі саяси, тарихи және құқықтық жағдаятты ескермеу" екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394