Жұма, 22 Қараша 2024
4171 4 пікір 1 Қыркүйек, 2018 сағат 10:01

Қырғызстанның тәуелсіздік алғанына 27 жыл толды

Қырғызстан 31 тамызда Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Осы күнге орай, негізгі мерекелік шаралар Бішкектің орталық "Ала-Тоо" алаңында өтуде. Ел президенті Сооронбай Жээнбеков халықты құттықтап, сөз сөйледі.

Ресми шараға елдің экс-президенттері, депутаттары, үкімет мүшелері мен мәдениет, спорт өкілдері және басқа да қонақтар шақырылған.

Мерекелік шаралар Қырғызстанның барлық аумағында атап өтіліп жатыр.

Қырғызстан СССР құрамынан тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Елдің тұңғыш президенті Асқар Ақаев билікте 15 жылдан астам уақыт отырып, 2005 жылдың 24 наурызында қуылды. Сол жылы оның орнын басқан Құрманбек Бакиев те 2010 жылы төңкерістен кейін, елден кетуге мәжбүр болды.

Уақытша үкіметті басқарған Роза Отынбаева 2010 жылдың сәуір оқиғасынан кейін, 27 маусымда бүкілхалықтық референдумда мемлекет басшысы болып тағайындалды. Бір жылдан кейін ол билікті Алмазбек Атамбаевқа тапсырды. Ол Қырғыз республикасын 2017 жылға дейін биледі. Осы жылдың қазан айында Сооронбай Жээнбеков президент болып сайланды.

Құттықтау сөзінде президент Сооронбай Жээнбеков бостандық сыйлыққа берілмейді, ол үздіксіз күрестің нәтижесінде болады деді.

Ел Конституциясына сәйкес Қырғызстан - демократиялық, құқықтық, мемлекеттік басқаруға дін араласпайтын, унитарлық, социалдық мемлекет болып саналады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318