Сенбі, 23 Қараша 2024
3736 0 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 10:09

Алматыда жоғары технологиялы қоқыс сұрыптайтын кешен іске қосылды

Алматының Алатау ауданында қуаты жылына 550 мың тонна тұрмыстық қатқыл қалдықтарды өңдейтін қоқыс сұрыптау кешені іске қосылды, соның арқасында полигонда тек қана инертті қауіпсіз және биоірігіш материалдар көмілетін болады.

Кәсіпорында қайта өңдеу үшін 50 мың тоннаға дейін картон, целлофан, әйнек, пластика, металл сияқты заттар сұрыпталады. Болашақта кешен жанынан шикізаттарды екінші қайтара терең өңдеу үшін қосымша қуаттарды жасау жоспарланған. Осының барлығы және қалдықтарды өңдеуді басқарудың кешенді жүйесін енгізу қаланы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайтуға ойдағыдай ықпал етеді.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек мұндай маңызды кешенді іске қосу тек қала үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін елеулі оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы жаңа технологияларды енгізе отырып кәсіпорындардың тиімділігін ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағдайын жақсарту қажеттігін тұрақты назарда ұстауда және елімізде қабылданған цифрландыру бағдарламасы да осы бағытта жүзеге асуда. Бұл кешен-озық технологияның үлгісі әрі 2017 жылғы ЕХСРО-ның негізгі мұраларының бірі. Жоба мемлекеттік-жеке әріптестік қағида бойынша қолға алынған, 5,4 млрд. теңгеге инвестормен 25 жылға келісім жасалды, ал қала өз кезегінде жер бөліп, барлық инженерлік коммуникацияларды жүргізді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

3,9 га аумаққа әкімшілік блок, Ұлыбританияда жасалған арнайы техниканың гаражы және озық итальяндық қондырғылармен жабдықталған негізгі өңдеу бөлмелері орналасқан. Кәсіпорынды іске қосу барысында 530 тұрақты жұмыс орны пайда болды.

«Тәртіп» АҚ-ның басқарма төрағасы Айбек Рахимов қала әкімшілігі мен жеке инвесторлар консорциумы арасында ұзақ мерзімге жасалған келісім кәсіпорынның барынша тиімді жұмыс атқаратынының озық моделі болатындығын айтты. Қазіргі кезде «Тәртіп» АҚ ТҚҚ-дың 70%-ын қамтиды.Компания балансында 236 техника бірлігі бар, қоқыс тасымалдайтын барлық көліктерде GPS жүйесі жұмыс істейді, планшеттер арқылы қоқыс алаңындағы жағдайлар түгел көрінеді. Ұзақ мерзімді келісімнің негізгі тармақтарының бірі автопаркті үнемі жаңарту және жұмыс процессін автоматтандыру болып табылады. Қазірдің өзінде Евро-4 стандартының 30 машинасы сатып алынды және бағыттарды диспетчерлеу жүйесі енгізілді.

«Елімізде іске асып жатқан оң өзгерістерге және жеке компаниялар консорциумы мен қала әкімдігінің бірігіп жасаған келісімнің арқасында біз өте қысқа мерзімде, яғни жоба макеті талқыланған бір жыл ішінде маңызды кешенді іске қостық. Кәсіпорынның басты мақсаты – болашақта қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту. Біз бұл кешеннің өзгелерге, соның ішінде көрші елдерге үлгі болатындығына сенімдіміз, олар үлкен қызығушылық танытуда, өңірдің одан әрі өркендеуі үшін дамуды жалғастыра береміз», - деді «GREEN RECYCLE» ЖШС директоры Дмитрий Данильченко.


Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364