Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2573 0 пікір 16 Наурыз, 2011 сағат 10:16

Нұра Матай. Кандидаттар шеруі

Шуылдап, шұрқырап арты айғай-шу болып мемлекеттік тіл емтиханынан сүрініп- қабынып өткен президенттіке кандидаттар ел арасында жүр. Шындығында, Жамбыл  Ахметбеков базарда, Ғани Қасымов пен Мэлс Елеусізов Өскемен мен Алматыда көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп мәре-сәре.

Халықтікі - қасқа жол,  Қасымовтікі - басқа жол

Ғани Қасымов. Бұл кісі сайлауға түсіп тісқаққан кандидат. Ең бастысы - «түс» деген бұйрық түссе болды. Кезектен тыс сайлау жария болған тұста біразға дейін үнсіз жатқан мұртты генерал аяқ астынан атып шықты. Мемлекеттік тіл емтиханынан қалай өткені өзіне және бұйрық берген бастықтарына ғана аян. Бәлкім, мұның сырын бір білсе, Мырзатай Жолдасбеков білуі  мүмкін.

Бұл жолғы сайлаудың бір ерекшелігі - кандидаттар телеарналарға шығып, олардың сайлауалды науқанын әрбір канал басшыларының пейіліне қарай беріп жатыр. Мүмкіндікті генерал да пайдаланып көгілдір экраннан көрініп сайлаушыларын көз айым етуде.

Өткен жолы Алматыға келген Ғани мырза тұрғындармен кездесіп, Жібек жолындағы Арбатта қыдырыстаған жұртпен жүздесті. Арбаттағы суретшілердің бірі кандидаттың  суретін әп-сәтте сызып қолына ұстатты. Сөйтіп, жүрген кандидат Қасымов сайлауға қанша кандидат қатысып жатқанынан жаңылып қалды. Абырой болғанда жұрт аузына салып берді.

Генерал кандидатты қонаққа шақырған Алматы тұрғыны ол президент болуға лайық екенін, сол үшін сайлауда Ғанидан даусын аямайтынын айтып ағынан жарылды.

Сайлауалды науқанына қызу кірісіп кеткен сенатор кандидат интернеттегі әлеуметтік желілерге қосылып бағдарламасыннан үзінділер беріп, сайлаушылардың назарын өзіне аударуға жанын салып баққан сыңай тануда. Жанын салып дегеніміз жай сөз, жалпы, кандидат Қасымовтың сайлауалды науқанының бір күніне қарап тұрып оның жеңістен үмітсіз екенін байқауға болатындай. Әйтеуір, «Құп болады», деп әскери уәде беріп қойған соң сайлау аяқталғанша шыдай тұруға да амалсыз көнгендей.  Айтпақшы, бұл кандидатымыз «Менің жолым -  менің халқымның жолы!» деген сөзді ұран етіп ұстап алыпты. Дұрысы - халықтікі - қасқа жол, Қасымовтікі - басқа жол емес пе?..

Мэлс Елеусізов - үмітсіз үміткер

Мэлс Елеусізов. Бұ кісі Қазақстандағы нөмірі бірінші табиғат сақшысы. Бірақ, машинасы бар. Сайлау сайын додадан қалмайды. Ғаниға қарағанда, мемлекеттік тіл емтиханынан абыроймен өтті. Түсіп үйренген сайлауы  - көзді жұмды да қойып кетті. Өткенде кандидат Елеусізов Өскеменге кездесуге барды. Кандидатпен дидарласуға ықыласты болмады әлде ақыры қалай болатынын алдын-ала білген соң ба, қалалықтарды Мэлс мырза дауыс зорайтқышпен айғайлап жүріп, қолынан сүйрегендей етіп әрең жинады. Аз-кем әңгіме құрып, өндірістерден шығатын көк түтінге тұншығып жататын өскемендіктерге табиғат сақшысы «Ғайыптан тайып президент бола қалсам, мәселені шешемін», деген сыңайда сөз айтты. Тұрғындардың КСК-дан көрген қорлықтарына жаны ашыған кандидат «бұл туралы арнайы заң қабылданбай шаруа бітпейді» деген ойын айтты. Одан шығып студенттермен кездесті. Телеарналар Мэлс Елеусізовті елемей отырған жоқ. Кандидаттармен қатар жарнамасы жүріп тұр.

Кандидат: «Елдегі мәселені президент сайлау арқылы көтеру болса, ең басты мақсатым -   болашақта мәжіліс депутаты бола отырып, сол мәселелерді шешу», - дейді. Қарап тұрсақ, Ақорданың төріне жайғасудан Елеусізовтің те үкіленген үміті көрінбейді. Үмітсіз үміткердің үміті не сонда? Президент болу ма, президент сайлауына қатысу арқылы мәжіліске бару ма? О, тоба, бұндайда кандидат болады екен-ау, ә?

Ахметбеков кімдермен алыспақ болып жүр?

Жамбыл Ахметбеков. Кандидат Ахметбековтің телеарналардын берілетін сайлауалды жарнамалық ролигі ерекше. Шығыс жекпе-жегінің бірнеше тәсілін көрсеткен біздің Жәкеңнің  темірдей тәртіп орнататыны айтылады. Өзіне ұнайтын болса керек. Бірақ сайлаушының бірі - бізге Жамбыл батырдың жекпе-жекке әуестігі тым жеңіл трюк болып көрінді. Әнеугүні Жамбыл мырзаны Астананың жабық базарларының бірін аралап жүрген жерінен көріп қалдық. Базар саудагерлерінің көбі қартайғанда зейнетақысыз қалуы мүмкін екенін айтқан Ахметбеков бұдан шығар жолды ойластыру керектігін және «Болашақ» бағдарламасымен оқып келгендерден көк тиын пайда жоқтығын кесіп айтты. Және жас мамандардың жұмысқа орналасу кезінде көретін кедергілерді жою арқылы азаматтардың жұмысқа орналасу мәселесін шешудің жолдарында тәптіштеп өтті. Қазақстан коммунистері партиясының атынан түсіп жатқан Жамбыл Ахметбеков қызыл партияның күні батқанын өзі жақсы біледі һәм елде коммунистерден кісілік іс күтпейтінін түсінетін болса керек. Оның сайлауға түскен мақсатын бір Құдай білмесе, біз білмедік.

Элоктаратын елемейтін Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев.Елдімекеннің қай түкпірінде болмасын  сайлауалды плкаттардан аяқ алып жүре алмаймыз. Үлкен қалалардағы билбордтарда да бірінші кандидаттың бейнесі мен жалынды сөздері жайнап тұр. Әлбетте, бұл кандидаттың бейнесін экраннан да үнемі көреміз. Тіпті...

Бірақ сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлаушылармен кездесіп жүрген Нұрекеңді байқай алмадық. Шамасы, Елбасы неше жылдан бері дауысын тұрақты түрде беріп келе жатқан  элоктарттың әдеттегі адалдығынан айнымасына сенімді болса керек.

Түйін.

Түйінін сәуірдің 3-і күні білесіз. Мүмкін біліп те отырған шығарсыз...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499