Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2770 0 пікір 16 Наурыз, 2011 сағат 11:06

Ардақ Иманбекқызы. Қытайға сіңген еңбегі, өнері бізде кем ме еді?

- Беу, алқоңыр әні екенсің даламның,

Сен - Рухсың бізге қалған көнеден.

Елге жеткен бұлбұлың­дай далаңның

Жан-жігерін тәуелсіздік жебеген, - деп, елге деген ыстық махаббатпен шығармашылық кештеріңізді өткізгелі жатыр екенсіздер...

Құрманбек Әлімғазыұлы:

-Концертіміздің мақсаты - тәуел­сіздігіміздің жиырма жылдығын жырлау. Қарап отырсақ, биыл сахнада жүргенімізге де, ша­ңырақ құрғанымызға да 20 жылдың жүзі болыпты. Енді осы үш жиырманың басын қосып, халыққа есеп бермек ниет­теміз. Бір айта кетерлігі, халық мені Сембек Жұмағалиев пен Секен Тұрысбековке ұқсатып, бір-бірімізді шатастырып жатады. Жуырда бір тілші Мақпал мен Сенбектен сұхбат алып, журналға Мақпал екеуміздің суре­тімізді жариялап жіберіпті. Сондықтан көпшілік үшеуміздің ұқсастығымызбен қоса, айыр­ма­шылығымызды да жақсылап көріп алсын деген оймен кеші­мізге Сенбек пен Секенді де ша­қырып отырмын. 60-70 өнерпазы бар Құрманғазы оркестрі қатысады, оның сыртында симфония оркестрі де келмек. Айтулы өнер иелері кешіміздің ме­рейін асырмаққа концер­тімізге келгелі отыр. Алла қаласа, 19 наурызда Абай атындағы Опера және балет театрында көрермендерді күтіп аламыз.

Риза:

-Сүйінбай атамыз: «Менің бағам халқымның езуінде», - деген екен. Ендеше, кө­рермен халық таразыға салып кешіміздің бағасын берер.

- Беу, алқоңыр әні екенсің даламның,

Сен - Рухсың бізге қалған көнеден.

Елге жеткен бұлбұлың­дай далаңның

Жан-жігерін тәуелсіздік жебеген, - деп, елге деген ыстық махаббатпен шығармашылық кештеріңізді өткізгелі жатыр екенсіздер...

Құрманбек Әлімғазыұлы:

-Концертіміздің мақсаты - тәуел­сіздігіміздің жиырма жылдығын жырлау. Қарап отырсақ, биыл сахнада жүргенімізге де, ша­ңырақ құрғанымызға да 20 жылдың жүзі болыпты. Енді осы үш жиырманың басын қосып, халыққа есеп бермек ниет­теміз. Бір айта кетерлігі, халық мені Сембек Жұмағалиев пен Секен Тұрысбековке ұқсатып, бір-бірімізді шатастырып жатады. Жуырда бір тілші Мақпал мен Сенбектен сұхбат алып, журналға Мақпал екеуміздің суре­тімізді жариялап жіберіпті. Сондықтан көпшілік үшеуміздің ұқсастығымызбен қоса, айыр­ма­шылығымызды да жақсылап көріп алсын деген оймен кеші­мізге Сенбек пен Секенді де ша­қырып отырмын. 60-70 өнерпазы бар Құрманғазы оркестрі қатысады, оның сыртында симфония оркестрі де келмек. Айтулы өнер иелері кешіміздің ме­рейін асырмаққа концер­тімізге келгелі отыр. Алла қаласа, 19 наурызда Абай атындағы Опера және балет театрында көрермендерді күтіп аламыз.

Риза:

-Сүйінбай атамыз: «Менің бағам халқымның езуінде», - деген екен. Ендеше, кө­рермен халық таразыға салып кешіміздің бағасын берер.

- Көптен бері көрінбей кеттіңіздер. Осының себебін білуге бола ма?

Құрманбек:

-Көрінген соң, дұрыстап көріну керек. Жыл­тың­дап сахнадан түспей қой­саң, халық та зерігеді. Сондықтан біз әр уақытта жаңа қырымыздан көрінуге тырысамыз. Ойымызды әбден пісіріп, қай ән дауысы­мызға келеді, қай ән бағымызды ашады деп ұдайы ізденісте жүреміз. Алайда ша­қырған жерден қалмаймыз, ша­қырмаған жерге бармаймыз.

- Риза ханым, өнер жолы әйел баласы үшiн қиындықтарға толы деп жатады. Бір отбасына бір әнші жетеді деп, өнерден біржола кету ойыңызда болмады ма?

- Әрине, бір кездері ондай да ой болған. Бірақ ана сүтімен дарыған қасиет болғаннан ке­йін, өнерден жырақтасам, жан-дүнием құлазып, қиналаты­нымды сездім.

Ал қазір өнерден кете алмайтыныма әбден көзім жетті. Әйтеуір Құрекең өзіне екі ән жазса, маған үш ән жазуға тырысады. Күләш Бай­сейітова атындағы дарынды мектепте қызымыз қобыз бойынша, ал ұлымыз қылқобыз бо­йынша дәріс алады. Рес­публикалық деңгейдегі байқау­ларда 6-7 рет лауреат атанып, бас жүлдеге ие болды. Яғни отбасымызбен өнердің қазанын­да қайнап жатырмыз. Тіпті бізді отбасылық ансамбль десеңіз де, қателеспейсіз.

- Мына сауалыма әнші ретінде емес, отбасын ұйытып отырған ана ре­тінде жауап беріп көріңізші: Бүгін қо­сы­лып, ертең түсініспей, шырқы бұзылатын жастарға не жетіспейді деп ойлайсыз?

- Шынайы махаббат жетіспейді. Шынайы сүйіспеншілікті сезіне білмеген жандар қалай ғана ортадағы сезімді үзеді.

Ол - үлбіреген жібек, ол бір - ортадағы көпір. Ол - жү­регің мен жүрегің, білегің мен білегің, тілегің мен тілегің қосылған үндестік. Ал оны бір сәткі болмашы себептер үшін үзіп жіберетін жұптарды мен бір-бірін шын сүйген адамдар деп айта алмаймын.

- Дәстүрлі әндерді эстрадамен орындай­тын­дардың қатары көбейді. Бұл нені білдіреді?

Құрманбек:

-Бұл - талантсыз сазгерлер мен өресіз әншілердің іс-әрекеті шығар. Яғни қазақтың халық әндерін эстрадаға салып өзгертіп, басқа мәтінмен, әуенмен айтып жүр. Мұндай бейберекетсіздікке жол бермеген жөн. Көнеден жалғасып, өз бояуын өшірмей, бүгінге жеткен асыл қазына­мызды, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауымыз керек.

- Бірақ кейбір әншілер халық әндерін эстрадаға салып айтудың себебін «жастардың құлағына жеткізу мақсатын көздеу» деп түсіндіреді...

Құрманбек:

-Мен мұны ән өнеріне қиянат деп есептеймін. Халық әндерін ата-бабала­ры­мыз, кешегі қаншама әншілеріміз сол қалпында бізге жеткізді. Енді оны келесі ұрпаққа өз қалпында жеткізу - бүгінгінің парызы. Оны өзгертуге де, бұзуға да ешкімнің қақысы жоқ.

Риза:

-Кейбіреулер қазақ әндерін бұзып айтқанда қар­ным ашып, жүрегім ауыратынын жасыра алмаймын. Қаншама қиын заман өтсе де, өзгермей жеткен туындыларды бүгінгі жақсы заманда, жақсы тұрмыста неге бұзуымыз керек?

Ашығын айтқан­да, кейбі­реулер «артық қылам деп, тыртық қылып жатыр». Табиғатпен біте қайнаған қазақ халқы сондай шынайылық тұнған саф өнерді іздейді. Сон­дық­тан мұндай әндерді кейінгі ұрпақ өз қалпында санасына сіңіруі керек. Оны бұзбай жеткізу­ге біздер қақылымыз һәм борыштымыз.

- Ал біздегі шоу-бизнес­тің аяқалысына беретін бағаларыңыз қандай? Ілгерілеушілік байқала ма?

Құрманбек:

- Біздегі шоу-бизнес өз биігіне әлі шыға қой­ған жоқ. Бағытын да дұрыс таң­дады деп ойламаймын. Ал оның деңгейін жоғарылату үшін, жақсы сазгер, жақсы музыкант, жақсы әнші керек. Әрине, бізде таланттылар жоқ емес, бар. Бірақ оларда бірлік жоқ. Қазір қара басының қамын ойлайтын адамдар көп. Бірлік бар жерге береке де ұялайтынын ұмыттық. Егер әркім өз бетімен кетсе, осылай шашырап жүргеніміз - жүрген. Ал мұндайдан тың дүниені күте алмаймын.

Риза:

-Көпке топырақ шашқым келмейді. Өзіндік жолын қалыптастырған стильді өнерпаздар бар ғой. Бірақ жастарға қоятын талабым - әндерінің сөзі мен әуенін бір-бірімен қабыс­тыра білсе екен. Жеңіл әндерге бой ұра бермей, диапазоны кең қазақтың халық әндерін көбірек айтса деймін. Кейде өзі сазгер, өзі әнші болып жүргендер «ке­шіктің ғой», «жаң­быр жауып тұр, күн қараңғы болды, келмедің ғой», - деп «шырқайды». Олай болмас үшін, талантты ақын­дарымызға ұсы­ныс жасау керек. «Аға, осындай бір әнім бар еді, оған сөз арнамас па екенсіз? Қандай мінезде болғаны дұ­рыс», - дегендей кеңесе білу керек.

- Соңғы жылдары жұрттың дені дінге бет бұрып жатыр. Әсіресе бес уақыт намазын қаза қылмайтын жастар көбейді. Жалпы, исламға көзқараста­ры­ңыз қалай?

Құрманбек:

-Жастар ата салтымызға бет бұра бастады. Жұма күні мешітке барған са­йын, үлкендерден гөрі, жастар­дың легі басым екенін бай­қаймын. Көкейіне сенім қон­дырып, жүрегіне иман ұялатқан ұрпағымызға қарап сүйінем.

Риза:

- Дін - құдіретті жол. Жүз пайыз шариғат жолымен жүрмесем де, дінге бейім екенім рас. Бірде әнімізді әрлеуші Ор­ал­хан Садуақас деген жігіттің осы тақырыпта ой бөліскені бар. Ол кісінің ұғымынша, музыкаға жан бітіру, ән салу харам екен. Бірақ мен өнерді харам деп айта алмаймын. Өйткені өзге кәсіпке икемім жоқ. Дауысым келсін, келмесін, тілім шыққаннан ән салғанның біреуі - менмін. Демек, Алла тағала маған нан та­уып жесін деп өнерді дарытты. Ал оны ары қарай дамыту - менің міндетім.

- Сіздер қанша дегенмен сыртта туып, сыртта өстіңіздер. Атамекенге алғаш келгеннен бері мұндағы тірлікке көндіккен боларсыздар?

Риза:

-Тарыдай шашылған қазақ әлемнің 43 мемлекетінде өмір сүріп жатыр. Құрекең де, мен де - шеттегі қазақтың ұр­пағымыз. 1993 жылы Қытайдың 30 адамдық делегациясымен концерт беруге Қазақстанға келдік.Сонда базар аралау үшін жөн сұрайын десем, қазаққа қазақ иегін көтеріп, орысша жауап қатады. Мен бұған таңғал­дым әрі жаным ауырды. Ол кезде Құрекең Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқитын. Сол кезде Құрекең Қазақстанда қалуға ұсыныс жасағанда, келе алмайтынымды айттым. Себебі, тілге қарным ашты. Егер мен өз еліме, өз жеріме келіп тұрып, қазақ тілінде жөн сұрай алмасам, мұндай отаннан не үміт, не қайыр деп түңілгенмін. Бірақ кейін райымнан қайттым. Қазақстанға 2001 жылы желтоқ­санның 16-сында көшіп келдік. Атажұртқа оралғанымызға биыл 10 жыл болды.

- Қытайға жиі барып тұрасыздар ма?

Құрманбек:

-Жиі барамыз деп айта алмаймыз. Әр нәрсенің өз реті болады. Ол жақпен қатысымыз жоқ. Біз - Қытайдан біржолата қол үзіп, өз еліміздің азаматтығын алған адамдармыз. Ойымыз - қазақтың ән өнеріне үлес қосу.

Риза:

-Қытай - саясаты ке­мелі­не келген алпауыт ел. Ол жақта бойында дарыны жоқ адам өнерге кіре алмайды. Ал, керісінше, титтей таланттың ұшқынын байқатқан жан үлкен қолдау табады. Қытай - бұлақ көрсе, көзін ашатын мемлекет. Бірінші - Құдай, екінші Қытай елі бізді еркелетті, тайраң­датты. Пекин консерваториясында оқыдым. Білім жетілдіріп, Үрім­жі­де консерватория тамамдадым. Қытай үкіметі Құ­ре­кеңді Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына ақшасын төлеп тұрып оқытты. Мен 12 жасымнан өнер әлеміне қанат қақтым. Өз дауысымызбен ән айттық, біз ол жерден фонограмма дегенді білмей кеттік. Ал фонограмманың не екенін көр­генде: «О, тоба, мынадай да нәрсе болады екен, қалайша ол Қытайда бол­маған?» - деп жаға­мызды ұста­ғанбыз. Ол жақта оркестр сүйемелдеуімен ән айттық, мына әнді емес, ана әнді айтқым келеді, мына киімді емес, басқа киімді кигім келеді деп еркеледік. Өйткені ол жақта үкімет бір әртіс үшін бар жағдайды әзірлеп береді. Әзірге дейін ол жақта сондай үрдіс жоғалған жоқ. Соның арқасында білім алдық, өнері­мізді ұштадық. Ал елге келгенде, біраз қинал­ғанымыз рас. Киім тіктіру, ән жаздыру секілді жұмыстардың машақаты көп. Бірақ төздік, көндік, ешкімге алақан жаймадық. Қазір тәубе дейік, аяғымыз­дан қайта тұрдық.

- Екеуіңізде ҚХР еңбек сіңірген әртісі екенсіздер, бұл жаққа келген 10 жыл ішінде қандай да бір марапат алған кездері­ңіз болды ма?

Риза:

-Қашанда талантқа шынайы бағасын беріп, өсіретін де, өшіретін де халық қой. Десек те, өнер адамына атақ-абырой дегеніңіз артық­тық етпейді. Құр­манбек екеу­міздің еңбегіміз жоғарыдан ба­ғаланып жатса, оған тек қуанар едік.

Құрманбек:

- Кейде атақ-дәрежесі бар деп, кейбір әртіс­терді алдыға салып жатады. Сол жағынан керек болмаса, халықтың берген бағасынан артық баға жоқ деп ойлаймын. Осы орайда «Елім-жерім деп келген қандастарымыз шығар­ма­шылық кеш өткізгелі жатыр екен», - деп, ақпараттық қолдау көрсетіп жатқан барша азамат­тарға алғысым шексіз.

Әңгімелескен -

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 10 (93) 16 наурыз 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498