Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3108 0 пікір 18 Наурыз, 2011 сағат 02:44

Тұрмағанбет Кенжебаев. Құбыла

Кенжебаев Тұрмағанбет Ердешұлы

Кенжебаев Тұрмағанбет Ердешұлы 1961 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қызылкөл ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін бітірген. «Тарту», «Күміс бұлақ», «Жанымның жарық сәулесі» кітаптарының авторы. «Баянауыл басынан...», «Аллаға мадақ» және т.б. жыр жинақтарына өлеңдері кірген. Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі.

Қазір «Қазақстан» Ұлттық арнасында қызмет етеді.

 

«...Кімнің болса да бет қарататын

бір құбыласы бар...»

Бақара сүресі, 148 аят

 

Жарық күнде адасып,

Тауға да ұрдым басымды!

Жоқ нәрсеге таласып

Тасқа да ұрдым басымды!..

 

Жанталастым жетсем деп,

Жете алмадым не шара?

Жолбикелер кес-кестеп

Қала бердім тасада!..

 

Ерегісіп сонда да

Түстім қанша додаға!..

Түк шықпады, тек қана -

Жара қостым жарама!..

 

Үкілеген үмітім

Талай, сүйтіп, тас қапты...

Амал қанша, жігітім -

Ат шаппады - бақ шапты!..

 

Қазыналы көмбені

Қанша іздедім табам деп...

Алтын деп ем - жез болды

Бұйырмаса амал жоқ!..

 

Кенжебаев Тұрмағанбет Ердешұлы

Кенжебаев Тұрмағанбет Ердешұлы 1961 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қызылкөл ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін бітірген. «Тарту», «Күміс бұлақ», «Жанымның жарық сәулесі» кітаптарының авторы. «Баянауыл басынан...», «Аллаға мадақ» және т.б. жыр жинақтарына өлеңдері кірген. Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі.

Қазір «Қазақстан» Ұлттық арнасында қызмет етеді.

 

«...Кімнің болса да бет қарататын

бір құбыласы бар...»

Бақара сүресі, 148 аят

 

Жарық күнде адасып,

Тауға да ұрдым басымды!

Жоқ нәрсеге таласып

Тасқа да ұрдым басымды!..

 

Жанталастым жетсем деп,

Жете алмадым не шара?

Жолбикелер кес-кестеп

Қала бердім тасада!..

 

Ерегісіп сонда да

Түстім қанша додаға!..

Түк шықпады, тек қана -

Жара қостым жарама!..

 

Үкілеген үмітім

Талай, сүйтіп, тас қапты...

Амал қанша, жігітім -

Ат шаппады - бақ шапты!..

 

Қазыналы көмбені

Қанша іздедім табам деп...

Алтын деп ем - жез болды

Бұйырмаса амал жоқ!..

 

О, Тәңірім - Жаратқан!..

Неден сонша тарылдың?

Қайда менің сыбағам -

Қайда көрер жарығым?!

 

Сарай біткен тарс жабық,

Қалмады ешбір амалым.

Күдер үзер қоштасып -

Сайтан емес Адаммын!..

 

О, Жаратқан - Тәңірім!..

Мен де сенің құлыңмын...

...Құбыланы бетке алып -

Көкбөрідей ұлыймын!..

 

«... Ғасыр атымен ант етемін!..»

Ғасыр сүресі, 1 аят.

*  *  *

...Өкінішті!

Мынау дүлей ғасырдың беті күшті.

Әділдіктің кісендеп аяқ-қолын

Төбесіне көтерген өтірікті!..

Өкінішті!..

 

Жеркенішті...

Танымайтын топастар оң-терісті,

Талапайға түсіріп, тоз-тоз етіп

Түгесуге айналды жер - кенішті

...Жеркенішті!

 

Жаратқан-ай!..

Жалмауызға күнімді қаратқан-ай!..

Барыңды алған, бойдағы нәріңді алған

Басқа шықты қансорғыш балақтағы-ай!..

...Жаратқан-ай!

 

Кім кінәлі?!.

...Түн өткен соң күмәнсіз Күн шығары!

Сергелдеңге салғандар сендердің де -

Бастарыңа туады бұл күн әлі!..

...Кім кінәлі?!

 

«...Алла шектен шыққандарды ұнатпайды...»

Бақара сүресі, 190 аят.

*   *   *

...Көз жасына қарамай төккен жас пен кәрінің,

Жанталасқан, құдай-ай, бұл не тірлік Тәңірім?!.

Барар жері біреу-ақ асыққанмен бәрінің,

Жете алмасты қуалап қажеті не, жарығым?!.

 

Сүрінгенді құлатып, құлағанды ұратын,

Жазықсызды жылатып тапқан кім бар мұратын?..

Желіккеннің бәрінің шыңы біреу шығатын -

Жын қуғандай жанығып керегі не, қуатым?!.

 

Құтырған аш қасқырдай талаған өз баласын.

Тойымсыздың түбінде берер Құдай жазасын!..

Жұмыр басты пенденің тұрағы бір баратын

Оған сонша құмартып не қыласың, қанатым?!.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467