Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3752 1 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 09:47

Алматыда ардагерлермен кездесу өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен,  «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі  «Азаматтық борыш» жобасы аясында  Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінде  - ауған соғысының ардагері, «Құрмет», «Ерлігі үшін» медальдарының иегері Әділ Әбдіхалықовпен кездесу өткізді.

Әділ Әбдіхалықов мектепте оқып жүргенде әскерге шақырылған. Әскери борышын атқарып жатқан жас жауынгер жарлық бойынша Ауғанстанға аттанады. Ыстық нүктеге аттанар алдында, КСРО елдерінен жиналған 700 әскер, оның ішінде 120 қазақ  сапер лауазымына  Түрікменстандағы Ашхабад қаласында 2 айлық дайындыққа жіберіледі. Соғыстағы көзге көрінбейтін жау – минаны залалсыздандыру, колоналарды бір нүктеден  екінші нүктеге жеткізу қызметімен айналасқан. 60°-70° градустық ыстықта  тау шатқалдары арасынан мина іздеу ең қиын кезендердің бірі болғанын айта кетті.

“Сол киын сәттерде интернационалды ұлттар арасында жүрген қазақтардың төзімділігі мен қайсарлығы ешкімнен кем болмады”, - дейді.

Соғыс барысында Әділ Бектасұлымен бір ротада 12 қазақ болды, екеуі соғыс алаңында, біреуі Қазақстанға оралып мерт болады. Ал, Әділ Әбдіхалықов Қазақстанға оралғаннан кейін оқуға түсіп, бүгінгі таңда өзінің жеке кәсібімен айналысуда.

Ауған соғысы біткеніне келер жылы 30 жыл толады. Осы уақытта әскери бауырларымен байланыстарын үзбегенін, әрдайым кездесулер өткізіп, тығыз қарым-қатынаста екендерін айтты. Қаза болған қарулас достарының, майданда жандарын қиған  жолдастарының құрметіне, өздері білім алған мекемеде спорттық іс-шараларын да ұйымдастырып тұрады екен.

“Соғыстың берерінен алары көп екенін түсіндім. Соғыс өмірге қөз-қарасынды өзгертеді, өмірлік мектептін ең қатыгезі сол болар”, - дейді ардагер.

Ал, кездесуге қатысқан әскери мектептің үшінші және төртінші рота ұландары да  алған әсерлерімен бөлісті. Ардагерге көкейдегі сауалдарын қойып, естелік фотоға түсті.

Анель Ғалиева

Abai.kz

1 пікір