Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2103 0 пікір 19 Наурыз, 2011 сағат 09:06

Дәурен Сейітжанұлы. Ақтауда АЭС салынбақ

Кеше Жапониядағы «Фукусима-1» АЭС-ның 4-реакторында өрт басталды. Ал, радиация толқыны Токиоға жетті, тұрғындардың көбісі астанасынан қашуға мәжбүр. Осылайша бұл оқиға жер сілкінісін есепке алмағанда, станциядағы бесінші апат болып отыр. 15-наурызда «Фукусима-1» АЭС-нің төртінші блогында сутегі жарылысы болған еді. Ал, Қазақстанда АЭС салу тақырыбы қайтадан қызу талқыға түсіп жатыр.

«Фукусима-1» станциясындағы апат 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстан кейінгі ірі апат деп аталып отыр. Чернобыль АЭС-да алапат жарылыс болғанына келесі айда 25 жыл толады. «Алайда, одан төнген қауіп әлі де үлкен», - дейді станция директоры Игорь Грамоткин. Ал бүгінге дейін оның зардабынан 4 мыңнан 200 мыңға дейін адам құрбан болған. Радиациядан денсаулығына зақым келген адамдардың нақты саны белгісіз. Осыған қарап, жапон жеріндегі жайды бағамдай беріңіз.

Кеше Жапониядағы «Фукусима-1» АЭС-ның 4-реакторында өрт басталды. Ал, радиация толқыны Токиоға жетті, тұрғындардың көбісі астанасынан қашуға мәжбүр. Осылайша бұл оқиға жер сілкінісін есепке алмағанда, станциядағы бесінші апат болып отыр. 15-наурызда «Фукусима-1» АЭС-нің төртінші блогында сутегі жарылысы болған еді. Ал, Қазақстанда АЭС салу тақырыбы қайтадан қызу талқыға түсіп жатыр.

«Фукусима-1» станциясындағы апат 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстан кейінгі ірі апат деп аталып отыр. Чернобыль АЭС-да алапат жарылыс болғанына келесі айда 25 жыл толады. «Алайда, одан төнген қауіп әлі де үлкен», - дейді станция директоры Игорь Грамоткин. Ал бүгінге дейін оның зардабынан 4 мыңнан 200 мыңға дейін адам құрбан болған. Радиациядан денсаулығына зақым келген адамдардың нақты саны белгісіз. Осыған қарап, жапон жеріндегі жайды бағамдай беріңіз.

Ал, әлем елдері Жапониядағы апаттан кейін атом электр стансасын қатаң қадағалауға кірісті. Ресей басшысы барлық АЭС нысандарын қайта қарап шығуға бұйрық берді. Германия канцлері Ангела Меркель АЭС жұмысын, құрылысын уақытша тоқтатуға шешім шығарды. 12-наурызда Берлин, Штутгард қалаларында 20 мыңдай адам көшеге шығып, атом энергиясына қарсы шеру өткізді. Ал, Тайвань ядролық энергиядан мүлде бас тартатындығын мәлімдеп отыр. Кейбір сарапшылардың пікірінше, жапон станцияларындағы жағдай үлкен апатқа ұрындырмаса да, Еуропада атом саласына деген наразылық бұдан былай күшейе бермек. Венесуэла президенті Уго Чавес елдің ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасы тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Уго Чавестің айтуынша, Жапония сияқты озық технологиясы бар мемлекеттің өзінде болып жатқан бұл оқиғалар атом электр станцияларының адам өміріне үлкен қауіп-қатер төндіретіндігін көрсеткен.

16-наурызда Астанадағы электр энергетикасын дамыту мәселесіне арналған VІ республикалық кеңес өтті. Жапониядағы апатқа, әлем елдерінің атом энергиясынан бас тартып жатқанына қарамастан «Қазақстанда атом электр стансасын cалу идеясынан бас тартудың реті жоқ», - деді аталған кеңесте Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов.

Оның айтуынша, бүгінде Үкімет тарапынан мақұлданған атом энергетикасын дамыту бағдарламасы қазіргі кезде Президент аппаратының қарауында жатыр. Бұл бағдарламада қауіпсіздік мәселелері ескерілген. Дегенмен де, оған кейбір түзетулер енгізілуі мүмкін.

«Осы мәселелерді ескере отырып, атом электр стансасы Қазақстанда болуы тиіс. Елімізде бұл тұрғыда барлық жағдайлар бар. Уранның қоры бойынша еліміз әлемде екінші орында. Ал, оны өндіру бойынша алдыңғы орындамыз. Сондықтан бізге бұл саламен айналысуға барлық алғышарттар бар», - деп атап өтті Д.Тұрғанов.

Оның сөзіне қарағанда, атом энергетикасын пайдалану туралы заң жобасына қатысты депутаттар тарапынан ұсыныстар келіп түсті. «Ең соңғы ескертулердің бірі - ол атом саласын реттеуші органды құруға байланысты болды. Таяу күндері бұл мәселе шешілді. Бұл заң жобасы қабылданса атом саласы мен энергетика қарқынды түрде дамиды деп есептейміз», - дейді Д.Тұрғанов.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы бірігіп, Ақтау қаласында атом электр стансасы құрылысын бастауды қолға алып жатыр. Қазір ресейлік мамандар Ақтауда арнайы жұмыс жүргізуде.

Тәуелсіздік алғанда ядролық қарудан еркімізбен бас тартып едік. Қазақ - атом қаруының қырсығынан қасірет шеккен халық. Алайда жерімізге АЭС салу туралы шешімі қабылданғанына талайдың алаңдайтыны анық. АЭС салуды қолдайтын мамандар мен шенеуніктер «электр қуаты тапшылығынан құтылатын жалғыз амал» дегенді алға тартады. Ал қауіпсіздігіне кім кепіл береді? Бұған дейін де ақпарат құралдарында эколог ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар атом электр стансасына наразылық білдіріп, пікірлерін айтқан болатын. Өйткені, Қазақстанда атом энергетикасы саласы бойынша маман тапшы, оларды даярлайтын тіпті, оқу орны да жоқ. Стансаның орналасуы, қуаттылығы, іске қосылатын уақыты күмәнді. Бұған дейін бірнеше рет әрекет жасалып, жоспар жүзеге аспаған еді. Кеше Президенттіктен үміткер Ғани Қасымов елімізде атом электр стансасының салынуына алаңдаушылығын білдіріп, мәлімдеме жасады. «Біз неге тек қана ресейлік технология-мен жұмыс істеуліміз? Әлемде атом электр стансасын салумен бірнеше ел айналысады емес пе? Жапониядағы жағдай, Чернобыль апаты бізге сабақ болуы тиіс. Ақтаудағы атом электр стансасын салуда неге тендер өткізілмеді? Ғылыми ортада да арнайы талқылау болған жоқ. Неге атом электр стансасын Ақтауда салу қажеттігі туындап отыр? Сосын, неге жалғыз ресейлік технологияны пайдалануға итермелеп отыр? Кім бұл іске ұйытқы, қандай себеппен? Бізге түсіндіріп берсін», - деді. Ал, белгілі академик Виктор Инюшиннің айтуынша, сейсмикалық белсенді аймақ - Маңғыстауда атом электр стансасын салу қауіпті.

Батыс ғалымдарының пікірінше, техникасы дамыған, барлық қауіпсіздік шараларына мұқият қарайтын жапон елі, апат кезінде қазір дәрменсіз болып отыр. Ал бізге, техника саласында Жапонияны басып озу үшін әлі қанша жыл керек? «Тәуекел деген жел қайық, мінесің де өтесің» деген сөз дәл атом энергиясы саласына айтуға келмейтін шығар...

«Үш қиян» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434