Сенбі, 23 Қараша 2024
Мың бір мысал 4112 1 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 10:55

Еңбекақыңның жарымы «штрафқа» кетеді...

(мысал)

Жаз шығып келе жатқан кез.

Осы көк жайлаудың иесі сары ала бауырлы, сары қалпақты Ара. Оның қасында тағы бір ара бар екеуі гүлдердің бүр жарғанына қуанып, көңілдері тояттап тұр. Бұлардың мазасын топталып ұщыр жүрген қара масалар алды. Олар жәй ұшып жүрген жоқ, "ызың ызың" мен шулап, аралардың мазасын алды.

Сары кепкалы бастық Ара қасындағы арадан:

"Мына ызыңдаған шулы қара масалардың тілдерін қалай қырқуға болады?" деп сұрайды. Екінші ара:

"Бұлардың саны миллион ғой, біреуңнің тілін қырықсаң, екіншісі тап сол жерде пайда бола кетеді. Сосын бұлардың бәрі жұмыссыз, жалқаулар. Сосын бұлар шуламағанда кім шулайды" депті. Сол сәтте бір дәу Қара маса келіп, сары кепкалы бастық Араға:

"Ассалаумағалейкүм" деп сәлем береді. Бастық Ара сол сәтінде сасып қалып:,

"Өй, мынау біздің тілімізді біледі екен ғой! Әлекүміссалам! Не шаруамен жүрсің? "деп сұрайды қара масада. Қара маса:

"Ой, басеке! менің өз қара басым, жұмыссыздықтан шаршадым. Еш жерде жұмысқа алмайды. Мені бір қызметке алыңызшы!" деп жалынады. Сонда бастық Ара:

"Жұмысқа алар едім, бірақ, сенің тілің ұзын ғой.!"дейді.

Іші қылп ете қалған қара маса:

"Ойбай, басеке! Сіз жұмысқа алсаңыз, тырп етпей бір орнымда отырам, тілімді ептеп майлап қойсаңыз, обще аузымды ашпайым!"- депті қара маса.

Сары кепкалы бастық Ара біраз ойланып тұрып:

"Онда былай, Мен саған еще зарплата берем, еще "тіл майлап" екі асату деген бізде жоқ.

Бізде бәрі керісінше.Мен сені екі условиямен жұмысқа алам. Мәселен, мен,сені жұмысқа алам,.еще, қырық мың сом зарплата берем, оның жарымын маған беріп отырасың! Бұл біріншіден. Екіншіден, барлық жерде ызыңдамай, шуламай, тып тыныш отырасың. Осыған келіссең, бәрі "О,кей" болады"- депті Аралардың бастығы. Пәленбай жыл жұмыссыз жүрген Қара маса оған қуанып кетіп, ол да:

"О,кей! -депті.

Содан қара маса жұмысқа кіріседі. Келісімге орай тілін кесіп тастап,, ызыңдауын қойыпты. Есесіне сол жерге басқа қара масалар келіп, сол маңның мазасын кетіріпті. Содан Бастық ара Қара масаға келіп,

«Мынау сенің бір айлық зарплатың, келісім бойынша жарымын мен алам. Сен маңайыңа туысқандарыңды жинап, «тиыштық шартын» бұзғаның үшін еңбекақыңның қалғаны «штрафқа» кетеді» депті.

Жұмат Әнесұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525