Кенжебай Байшалтегі. Орамал дауы қайдан шықты?
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Аллаға шүкір елімізде имандылыққа бет бұрған қандастарымыз көбейіп келеді. Жақсылық пен қатар жамандықтыңда қатар жүретіні заңдылық. Осы имандылыққа бет бұрған жандар әлбетте қарсылыққа ұшырып жатады. Сондай бір даулы мәселенің бірі орамалға байланысты.
Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда «Мүмин әйелдерге де айт: «(Жат ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін көкіректеріне жапсын», ( Нұр ,30 аят) деген әмірі арқылы мұсылман әйелдерге киім кию мен ұятты жерлерін жабуды бұйырған. Ұлы Жаратушының бұйрығы адамзат баласы үшін талқылауға жатпайтын мәселе. Бұл үкім нақты түрде Құран аяттары арқылы бекітілгендіктен, адамзат үшін парыз болып табылады.
Сан ғасырлар бойы дау туғызбаған орамал, енді қалайша даулы мәселеге айналды. Оның себебі не? Дауды туғызып жүрген кімдер? Оны ушықтырып жүрген кімдер. Алланың үкімін талқылауға салып жүрген кімдер? Осыны зерттеп жүрген біреу барма?
Асыл дініміздің жаулары халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып неше түрлі құйтырқы әркеттерге баруда. Мысалы, «хиджаб деген арабтың ұлттық киімі, хиджаб деген сөз қазақта жоқ. Сендерді арабтандырайын деп жатыр», деп халықтың санасын улап, асыл дінімізге күйе жағып жатыр.

Хиджаб ( ﺤﺠﺎﺏ ) араб тілінен аударғанда жамылғы, орамал, бас киім деген мағына береді. Хиджаб мұсылман әйелдерінің киімінің тек бір бөлігі ғана, Хиджаб - бас киім, жилбаб - ұзын етекі кең көйлек, чадра - желбегей жамылғы және никаб - бетті тұмшалағыш. Никабты көп жерде колданбайды. Никаб біздің мазһаб бойынша шариғат талаптарына жатпайды.
Ал пәренжеге келетін болсақ, ол ешқандай шариғатқа жатпайды. Пәренжені қазақтар ешқашан кимеген. Қазір де ешкім киіп жүрген жоқ.
«Пәренжесіз пәктігіңді сақтаған,
ұлылық бар атам қазақ салтында»,-деген өлең жолдары осыны айғақтап тұр емес пе. Біз никабты пәренжемен шатастырып жүрміз. Қара киім киіп жүру ол шииттерден. Кербал шөліндегі Хусейннің қазасынан кейін қара жамылып аза тұтып, соңы дәстүрге айналып кеткен.
Кейінгі кезде осы хиджаб мәселесін құйтырқы саясатқа пайдаланып жүргендер бар. Оның дәлелі Тәжікстандағы жағдай. Мақсат - бұқара халықтың назарын басқа ұсақ-түйек нәрсеге аудару, халықты екіге бөліп бір-бірімен дауласытру. Тәжікстандағы билік басындағылар жоқ жерден хиджаб мәселесі енгізіп, «сендерді арабтандырып жатыр», «уахаббист етейін деп жатыр», «қыздарыңды арабтар әйел қылып алайын деп жатыр», «салт-дәстүлеріңді бұзайын деп жатыр» деп халықты екіге жарған. Нәтижесінде халық екіге бөлініп хиджаб жайлы қырпышақ болып жатқанда билік басындағылар Қытайға Тәжікстан жерінің бір бөлігін басы - бүтін ұстатып, енді бір бөлігін арендаға беріп жіберген. Осы көктемде қытай дихандары тәжік жеріне дән сеппек. Ал, тәжіктер болса өздері жұмыс таппай шет елдерде қаңғып жүр емес пе. Әзірбайжан елінде де тура сол жағдай, хиджаб мәселесін кіргізіп қоғам екіге бөлініп бөлініп отыр. Билік Армения күштеп тартып алған жерін қайтаруға дәрменсіздік танытып, өздері мұнайдан түскен пайданы саудалап жатыр. Оларға қауіп арабтан емес парсылардан- мыс.
Бізде де тура сол науқан басталған сияқты. Қазір орамал мәсәлесі біздің елде де ушығып тұр. Бір жапырақ орамал үшін күнде жиын, күнде шу. Кедейдің кеңесі бітпейдінің кері келіп тұр. Қазақ тілі мәселесін 2020 жылға ысырып қойып, бәріміз білекті түріп әйелдердің басындағы орамалмен алысып жатырмыз. Елімізде бұдан басқа өзекті мәселелер жетіп артылады емес пе. Мысалы, Қытай мәселесі және кедейшілік. Билік басындағылар анда-санда отқа май құйып қояды. Бірақ орамалға заң жүзінде тыйым салғалы жатқан ешкім жоқ. Ата заңымызда бұл анық жазылған. Бір жапырық орамал үшін Ата заңымызды өзгертпесі тағы анық. Бұған сіз не дейсіз ағайын!
«Абай-ақпарат»