Интернет-конференция: Бауыржан Жақып
Бүгінгі қоғамда сұраулы мәселе жетерлік. Соның дұрыс жолын нұсқар білімі мен білігі жоғары азаматтар да бар. Конференциямыздың кезекті қонағы көрнекті ақын, ұстаз «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры, профессор Бауыржан Өміржанұлы Жақып мырза ең әуелі қазақ әдебиетінің тыныс-тіршілігі, өз шығармашылығы хақында және бірнеше буын журналистердің ұстазы ретінде қазіргі қазақ журналистикасы мәселелерімен бірге «Қазақ энциклопедиясының» атқарып жатқан жұмысы жайлы әңгімелеп, сауалдарға жауап қатып оқырмандармен ой бөліспек.
«Абай-ақпарат»
Жақып Бауыржан Өміржанұлы
Филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Өміржанұлы Жақып 1963 жылы 1 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Аққора ауылында туған.
1985 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1986 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушылық қызметте болды. 1986-1988 жылдары стажер-зерттеуші, 1988-1991 жылдары ассистент, 1991-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-1995 жылдары доцент. 1995-2001 жылдары деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы.
2009 жылдың 20 қаңтарынан «Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры - бас редакторы.
Б.Ө. Жақып - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1991), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1994), Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі (2002), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі (2006), Халықаралық Жазушылар мен Публицистер Ассоциациясының мүшесі (2006), Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2007).
Оның «Аудитория» (1984), «Баспалдақтар» (1987), «Бір кеменің үстінде» (1987), «Парусь времени» (1987), «Аралым - арым, Балқашым - бағым» (1988), «Көзімнің нұры» (1990), «Айдындағы аспан» (1996), «Мұхтар Әуезов - публицист» (1997), «Ақ лақ» (1997), «Қолтаңба» (2001), «Уақыт ұршығы» (2004), «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» (2004), «Публицистикалық шығармашылық негіздері» (2007), «Қызыл қайың» (2008), т.б. кітаптары жарық көрді. Оның шығармалары орыс, түрік, украин, македон, түркімен, қырғыз тілдеріне аударылды.
Бауыржан Жақып - Қазақстан Журналистер одағының С. Садуақасов атындағы сыйлығының иегері (1998) жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты (1984), «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999). 2004 жылы Бакуде өткен Бүкіл түркі дүниесі ақындарының 11 «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған (2006). Түркияда Елазығ шаһарында өткен әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовқа арналған бүкіл түркі дүниесі ақындарының 15 «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің дипломанты (2007). Македонияның Скопье, Косованың Приштина қалаларында өткен бүкілтүркідүниесі ақындары фестивалінің лауреаты (2007), «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпазы (2009).
2009 жылдан бері «Қазақ энциклопедиясына» басшылыққа келгеннен бері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2009-2010), «Балалар энциклопедиясының» 2 томдық, (2009), «Қазақстан табиғаты» 2 томдық (2009), «Ақмола облысы» энциклопедиясы (қазақ, орыс тілдерінде)(2009), «Қазақстан ғылымы» энциклопедиясы (2 томдық) (2009-2010), «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз Мемлекеттің негізін қалаушы» (2010), «Назарбаев Нурсултан Абишевич - основатель независимого государства» (2010), «Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Ретроспективтік библиографиялық көрсеткіш» 2-томдық (2010), «Внешнеполитические иницативы Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева» (2010), «Кемеңгер» (2010) кітаптарын әзірлеп, басып шығару жұмыстарына басшылық жасады.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі.