Сенбі, 23 Қараша 2024
Масқара! 15567 20 пікір 24 Қыркүйек, 2018 сағат 09:08

Қазақстанға келіп құтырып жүрген шетелдіктерге үндеу

Соңғы уақытта елімізге инвестиция салған шетелдік компаниялардың кейбір қызметкерлері,  қазба байлығымызға әбден тойынғасын Қазақстан азаматтарына жөнсіз байланысып,  ұрынулары жиі кездесуде.  Былтыр Астанада Абу-Даби кешенінде үнділік азамат еш себепсіз Қазақстан азаматын ұрып тастаған еді, одан кейін Ақтөбеде  қытайлық азамат полиция қызметкерлеріне күш көрсетіп, еліміздің заңдарына бағынбаған-ды. Енді жуырда  Алматыда егде жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін  Түркия азаматы жазықсыз сабап тастап кейін кешірім сұрады.

Елімізге келіп тайраңдап,  Қазақстан халқына жазықсыз ұрынып талтаңдап жүрген шетелдіктерге өз үндеуімді жариялап, ел мен жердің иесін сыйлауды талап етемін.

ЕЙ, КЕЛІМСЕК, ТИІСПЕ ҚАЗАҒЫМА!

Ей, келімсек!
Қытай, араб, түрік, үнді
Ардақта, еліме келсең Алашымды!
Әр Қазақ - Менің Жалғызым!
Құрметте, еліме келсең қазағымды!
Жанымыз - арымыздың садағасы
Ұлтым үшін ең бастысы ары құнды.

Ей, келімсек!
Тиіспе ҚАЗАҒЫМА!
Көнбес сенің басынған мазағыңға.
Халқымның намысын таптасаң,
Еліңге көшіреді қас-қағымда.
Байлықты бірге жеп бөліскен
Билік болар, мүмкін сенің жағыңда.
Ұлтымның рухы егер оянса,
Қарамас əскер менен жасағына .

 

Ей, келімсек!
Тайраңдама, басынба!
Ұлтым сені шығармайды басына.
Еліңнен келгенде тоз-тоз болып,
Сүмірейіп жүруші едің басында.
Жерімнің байлығына тойынып,
Көзіңді шел басып, енді тасынба!
Жүре алмасаң ұлтымды сыйламай.
Еліңді тап, аман-есен шағыңда!

 

Ей, келімсек!
Қазағым менің қонақжай,

Құшағын жаяр бәріне

Халқым менің аңқылдақ,
Сүйрейді бəрін төріне.
Алашым менің бауырмал,
Көтереді бəрін көгіне.

Қонағына жалғыз атын сойып беріп,
Карсы алар, домбырамен төгілте.
Ұлт-ұлысқа ешкімді бөлмейді,
Қарамайды тіл-діні мен түріне.
Ор қазып тиіссең ҚАЗАҚҚА,
Өзін көмер, өзі қазған көріне.
Жосықсыз тиіспейді қасқырда,
Ұқсаспыз сол себепті БӨРІГЕ.

Талғат Қатауов

Abai.kz

 

 

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388