Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3309 0 пікір 5 Сәуір, 2011 сағат 10:11

Бану Арынова. Мәшһүр Жүсіп туралы

Орталық Ғылыми кітапхана қолжазба қоры.

№ 655 папка, 4 дәптер.

Экспедиция күнделігі 20 / VІІІ - 1945 жыл.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында

Сұлтанмахмұт, Мәшһүр Жүсіптің еңбектерін

жинақтау жұмысының қорытындысы.

Тіл әдебиет институтының қызметкері

Арынова Бану

1945 жылы 16 июлден 11-сентябрге дейінгі істелген жұмыстардың жыйнағы.

Тіл әдебиет институтының тапсыруы бойынша, Павлодар облысы, Баянауыл ауданына барып Сұлтанмахмұт, Мәшһүр Жүсіптің жұрт аузындағы кейбір еңбектерін жыйнау болатын. Онымен бірге солардың бейітін көріп, не бар, не жоғын жазып алу болатын.

Барғандағы бірінші жұмыс Мәшһүр Жүсіптің баласы Пазылға жолығып оның қолындағы шығармаларымен танысу болды. Мәшһүр Жүсіптің бейіті аудан орталығынан 120 шақырым жерде тұрады екен. Пазыл сол өзінің қызмет істейтін жері «Қызыл қоғам» колхозында 25 шақырым бейіттен бері тұрады екен. Мәшһүр Жүсіптің  баласы Пазыл оқытушы болып 25 жыл істеп келген, әліде сол қызметте. Әкесінің қолжазбалары өз қолында көрінеді.

Аудандық газеттің жауапты редакторы Омарбеков, Пазыл үшеуіміз 20/ VІІІ-45 жылы Ескелді көлінің жиегінің оң жағына ала «жамбас» дөңінің басына 2 бөлмелі үй қып салған Мәшһү Жүсіптің зыйратын көруге бардық.

Мәшһүр-Жүсіп 1931 жылы ноябрдің 27 күні қайтыс болған. Өзі өлерден бір жыл бұрын сол жерге көшіп келіп .... барлығын өзі басқарып бейіт салдырған екен.

Бейіт 2 бөлмелі үй ретінде салынған. Төргі үйінде шкаф тұр, ішіндегі 2 қатарда арап, парсы тілінде жазылған 60 дана кітап жиюлы тұр. Шкафтың үстінде өзінің тірі күнінде мініп жүрген ер-тоқым тұр.

Үйдің оңтүстік қабырғасында қойдың 40 кәрі жілігі ілулі тұр, (діни жолмен қарағанда 40 жілік күзетшісі болуы керек). Осы төргі үйдің астының биіктігі 2 метр, ұзындығы, көлденеңін де сондай етіп терең қып қаздыраған екен. Сол қазылған жерге ортадан кіре беріс есіктен төмен қарай түсетін жерді сатылай қазған полдың «подвалдың» қақапағы сияқты жері бар. Көрем деушіліер сол қақпақты ашып шам жағып үйдің астына түсуі керек.

Мәшһүр-Жүсіптің өз денесі осы айтылған жерде жатыр. Сақал-шашы сол қалпында денесі сары  болып жатыр. Бұрын тірі күнінде толық болған адам болуға керек

Кеуде сүйегі өте көтеріңкі, іші аздап қабысыпты. Сол жақ аяғы кішкене сеніңкірейін депті, үйткені сол аяғының өкшесінің (етін) бірдеме жеген болуы керек.....

Ауыз үйде түрлі ыдыс аяқтары тұр: самауыр, шыны аяқ, тарелке, ақшайнек, қасық, суқұйғыш, ет салатын ағаш табақ, асулы тай қазан, оқтау, орамал, тұз, үгулі насыбай, балта, күрек, шымшуыр, шелек, сыпырғыш, пышақ, қайрақ, біз, дойбы, ара темір, кепкір. Осы заттардың барлығы биік үстелдің үстінде жиюлы тұр. Келген, кеткен жолаушылар тамағын істеп ішіп, әлгі саймандарды пайдаланып, қайта орнына жуып тазалап қояды екен.

Ауыз үйдің төр жақ қабырғасына ұзыны мен көлденеңі жарты метрдей жұқа тас ілулі тұр, бұл тас бейітті салдыруға қаздырып жатқандағы жер астынан табылыпты.

Сол тасқа Мәшһүр Жүсіптің өзі мына бір сөзді жазып мен өлгеннен кейін іліп қойыңдар деп тапсырған екен. (жетпіс үшке жеткенше балталаса да өлмеймін, жетпіс үштен әрі сүйресең де бармаймын) деп.

Әзірлеген- Әсет Пазылов, «Мәшһүр-Жүсіп» мұражайының ғылыми қызметкері

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366