Жер игерушілер мен көшпенділер
Ежелгі Қазақстан. Шамамен1400-ші жылға дейінгі кезең
Әр ұлттың өз қажеттіліктеріне қол жеткізу әдістері ұлттың болашақтағы жағдайы мен орнын анықтайды.
Шамамен 1400-ші жылға дейін көшпелі өркениеттер, жер өңдеушілермен салыстарғанда көлемі жағынан үлкен мемлекеттерді құра білді. Басқа елдерге жиі шабуылдар жасады.
Көшпенділер отырықшы елдердің территорияларын басып алып, бағындыра білді. Ал, отырықшы елдер көшпелі елдің жерін ұзақ уақыт ұстай алмады және басып ала алмады.
Неліктен көшпенділер жаңа аймақтарды басып алу тұрғысынан қарағанда ұтымдырақ болды? Не себепті белгілі бір уақыт ағымынан соң, отырықшылар отырған экономикалық тұғырнамасы тиімдірек бола бастады? Жауап құпиясы, шаруашылық әдісінде сақтаулы.
1. Көшпенділермен отырықшы елдердің шаруашылық әдістеріндегі негізгі айырмашылықтар.
1.1. Жер өңдеу мен малшаруашылығындағы ер азамат күшінің орны.
Ежелгі Қазақстан. Шамамен1400-ші жылға дейінгі кезең
Әр ұлттың өз қажеттіліктеріне қол жеткізу әдістері ұлттың болашақтағы жағдайы мен орнын анықтайды.
Шамамен 1400-ші жылға дейін көшпелі өркениеттер, жер өңдеушілермен салыстарғанда көлемі жағынан үлкен мемлекеттерді құра білді. Басқа елдерге жиі шабуылдар жасады.
Көшпенділер отырықшы елдердің территорияларын басып алып, бағындыра білді. Ал, отырықшы елдер көшпелі елдің жерін ұзақ уақыт ұстай алмады және басып ала алмады.
Неліктен көшпенділер жаңа аймақтарды басып алу тұрғысынан қарағанда ұтымдырақ болды? Не себепті белгілі бір уақыт ағымынан соң, отырықшылар отырған экономикалық тұғырнамасы тиімдірек бола бастады? Жауап құпиясы, шаруашылық әдісінде сақтаулы.
1. Көшпенділермен отырықшы елдердің шаруашылық әдістеріндегі негізгі айырмашылықтар.
1.1. Жер өңдеу мен малшаруашылығындағы ер азамат күшінің орны.
Көшпелілердің басты қорек көзі олардың отарларынан алынған ет пен өзге азық-түлік болды. Жылқылар мен қойларды өсіп өндіру үшін қаншама ер азамат күші қажет? Бұл жұмыстың басым бөлігімен кәмелетке толмаған балалар немесе соғысқа лайық жас мөлшерінен шыққан қарт ер адамдар немесе әйел шұғылдана алады. Яғни, көшпелі мемлекеттердің ер азаматтарының басым бөлігі соғысқа шақырылса, қалған әйелдер, балалар мен қариялар азықтың басты көзі-малды еш қиындықсыз баға алады. Нәтижесінде, ер азаматтардың басым бөлігінің соғысқа аттануы, көшпелі шаруашылықтың төмендеуі мен ұлттың аштан қырылуына әкеліп соқтырмайды.
Отырықшылардың жағдайы мүлдем өзгеше. Сол уақыттағы жер өңдеу технологиясының дамуымен мынандай жағдай қалыптасты. Азықтың басты көзі - жердегі еңбектен өндірілген өнімдер болды. Шаруалар тамақ көлемін жеке қолданысқа жеткілікті етіп және одан кішкене көбірек өндірді. Азықтың артық бөлігі қаладағы қажет тауарларға айырбасталып, әскерді қоса есептегендегі мемлекетті қаржыландыруға қажетті салық төлеуге жұмсалды. Сәйкесінше, егер отырықшы халықтың шаруаларының басым бөлігі әскерге шақырылса, онда қалған шаруалар халыққа қажет азық көлемін лайықты мөлшерде өндіре алмағандықтан халық ашаршылыққа душар болды.
Шығындалған ер азамат күшін әйел күшімен ауыстыруға бола ма?
Көп жағдайларда бұл айырбас, егер ол мүмкін болған жағдайда өнім көлемінің төмендеуіне әкеледі. Әйел адам жерді қажетті тереңдікте қазуға мүмкіндігі болмайды, ал сол өнімді жинаған күнде әйел жинаған өнімнің үлес салмағы ер азамат жинанғаннан анағұрлым аз болады.
Мысалмен айқындайық. Қоғамда 100 адам өмір сүреді, осы қоғамда бар технологиялар жер шаруашылығынан 1,2 өнім алуға мүмкіндік береді. 1 өнім - бір адамға бір жыл көлемінде жететін орташа азық көлемі. Туындайтын сұрақ осы қоғам аштықты сезінбеуі үшін қанша адамды азық өндірісінде ұстау қажет? Есептеп көрейік. Жауап 100/1,2 -ге 83 адам болады. Ал қалған 17-і адам өндірісте, ғылымда, мемлекетік жұмыста, яғни азық-түлік өндірмейтін салаларда, тек қана тұтынатын салаларда жұмыс істеуі мүмкін.
Көшпелілер қоғамында 100 адам тұрады, оның 12-сі ғана малдарынан алатын азық көлемін қамтамасыз етеді.
Енді көшпелі мемлекетте 1 000 адам тұрады, ал отырықшы қоғамда 5000 адам тұрады деп елестетейік. Онда көшпелі мемлекет 1 000 * 88 (100 -12) 880 адам әскерге жібере алады, ал отырықшы қоғам 5000 * 17 (100-83) 850 адам әскерге жібере алады. Яғни, халық саны 5 есе арттық болса да, отырықшылар әскері аз болды.
1.2. Негізгі мал.
Өндіріс әдісі бойынша, жер өңдеу жүк тартушы бұқаларды немесе мықты тұлпарларды қажет етеді. Ол жануарлар үлкен жылдамдықпен жүре алмайды және ерекше қоректендіруді қажет етеді, оған тек бір түрлі жеммен ғана қоректену өте қиын.
Шаруашылықтың көшпелі әдісі өзге малды қажет етеді. Алыс жерлерге бару үшін оларға жылдам әрі төзімді мал керек. Өйткені, көшпелі шаруашылық ұзақ және үнемі болатын көшуді жоспарлайды.
Сәйкесінше, шаруашылық әдісі көшпелілерге отырықшыларға қарағанда тез қозғалатын әскерді иеленуге мүмкіндік берді. Себебі, соғыста әскердің тез қозғалуы әрқашан маңызды мәнге ие, бұл көшпелілерге отырықшылармен қақтығысқанда тағы бір артықшылық берді.
1.3. Аумақты сақтап қалу мүмкіндігі
Отырықшыларға әскер үшін азық-түлікті тасымалдау керек немесе жаулап алынған аумақтарда нан өсіру қажет. Көшпелілерде отар малды әскерге жақынырақ әкелу ғана.
Отырықшылар көшпелілердің жаңа аумақтарын жаулап және сақтап қалу үшін, бұл аумақтарда жер шараушылығын құру (жер жарамды болса) немесе аумақты ұстап тұратын гарнизонға тамақ әкелуді ұйымдастыру керек еді. Ал көшпенлілерге отырықшылардың аумақтарын ұстап қалу үшін өздерінің отар малдарын әскерге жақын етіп әкелсе болды. Аумақты жаулап алу мен ұстап қалудағы бұл айырмашылық отырықшылардың экономикалық негізіне қосымша ауыртпалық салып отырды.
1.4. Жер иелері мен малшылардың әскери дайындығы
Көшпелілердің шаруашылық әдісі олардың ер азаматтарына әскери дайындыққа көбірек бос уақыт берді. Сондықтан көшпелілердің әскерге дайындығы отырықшыларға қарағанда озық үлгіде болды.
Көшпелі мемлекеттердің отырықшыларға қарағанда артықшылықтарының негізгі себептері осында.
Қазақстан шамамен 1400 жылдан Ресейге бағынғанға дейін.
Осыдан соң белгілі бір өзгерістер болып, көшпелі мемлекеттер отырықшылар мен қақтығысында оларды жеңуге деген теориялық мүмкіндігінен айырылды. Көшпелі мемлекеттер өздерінің өмір сүруін қашан тоқтатып, өздігінен немесе жауланып алынғаннан кейін отырықшы мемлекеттерге айналады деген кезеңдік сұрақ пайда болды.
Көшпелілердің отырықшылар алдындағы мыңжылдық әскери артықшылығынан айырған бұл қандай өзгеріс болған? Бұл өзгерістер технологиялар деп аталады. Анығырақ айтқанда технологиялық секіріс.
Отырықшылардың қалаларында жинақталған, ұрықтанған өндіріс адам еңбегінің барлық белгілі құралдарын жетілдіруді тоқтатпады. Олардың өндірісі жер технологиялары мен құралдарды жетілдірілген кезең де жетті, бір шаруа көбірек азық өндіруге мүмкіндік алды, және олар атыс қаруын ойлап тапты. Дәл осы кезеңнен бастап көшпелі түрдің жеңілу сұрағы және оның отырықшылықпен айырбасталуы тек уақыт еншісінде болды.
Көшпелілер әлемінің элитасы арасында бірлік пен қажетті түпкі өзгерістерді яғни отырықшылыққа сыртқы араласу арқылы емес, ұлт күшімен көшіретін, қабілетті көшбасшы болмады. Сондықтан көшпелі мемлекеттер, отырықшылармен жауланып алынуы ерте ме, кеш пе болар еді. Сөйтіп технологиялық дамыған отырықшы мемлекеттер көшпелі мемлекеттердің аумағын өздеріне күшпен қаратып алды. Сол себептен де Қазақстан Иранға емес, Ресейге тәуелді болып қалды.
Қазақстан Ресейге бағынышты болу кезеңінен бастап көшпелі шаруашылық салтынан отырықшы шаруашылыққа өту кезеңі. Шамамен 1933 ж.
Көшпелі өмір салтының басым мөлшерде сақталуы өндіріс пен ол өндірістің қоғамдық өмірмен байланысты салаларында ұлтқа керекті білім алуын мүмкін қылмады.
Қазақстан 1933 жылдан бастап 1953 жылға дейін.
Көшпелі шаруашылықтың күшпен отырықшылыққа өтуі келесідей түсіндіріледі. Отырықшының өндіру қызметі көшпеліге қарағанда көбірек, басқа сөзбен айтқанда қоғамға пайдалы тауарды отырықшы жұмысшы көбірек өндіреді. Сондықтан КСРО үкіметі көшпелі халықтарды күшпен отырықшылыққа көшіру туралы шешім қабылдайды. Сосын оларды кеңестік өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мен экспортқа шығарылатын нанды өсіруге пайдаланды. Ұлттың басым бөлігі жер шаруашылығы жайлы білім алды. Олар отырықшы ауыл шаруашылығының өнімдерін қалай өсіру мен қалай өңдеуді, қалай сақтауды үйренді. Ұлт бұрын өзінде болмаған білім қорын алады. Қазақтардың келесі ұрпақтары жер шаруашылығының өнімдерін өңдеу шеберлігін толық қабылдап, олардың жердегі жұмыс тиімділігі отырықшы ұлттардың жұмыс тиімділігінен кем түспеді. Өндіріс саласында көп білімі бар ұлт өкілдері пайда бола бастайды, олар: Қ.Сәтбаев, Д. Қонаев және т.б. Бірақ, халықтың басым бөлігі өндірістегі білімнен әлі бейхабар болды.
Қазақстан 1953 жылдан 1991 жылға дейін
Бұл кезеңнің мынадай міндеттері болды:
1. Ауыл шаруашылығы, тауар өндірісінің көтерілуі.
Бұл кезең тауар өндіре алатын және сол саланы өркендете алатын білімі бар еңбек қолдарның көбеюін талап етті. Яғни, тек жеке қолданыс үшін ғана өндіру емес, ол тауарды айырбастау үшін керек болды. Жер өңдеу шаруашылығынан келген көшпелілердің алғашқы ұрпағы тиімділігі жағынан отырықшылардан артта болды. Және олардың саны, күшпен жер шаруашылығына ауыстырғаннан кейін азайып қалды. Еңбекке жарамды білімді жергілікті жұмыс қолы жетіспегендіктен КСРО үкіметі қысқа мерзімде астық пен өзге де өндіріс саласын дамыту үшін мамандарды өзге республикалардан жер аудару туралы шешім қабылдады. Бұл қадам астықты өңірлердегі қоныс аударған халықтың жергілікті халыққа қарағанда көбеюіне әкелді -Солтүстік және Шығыс Қазақстанда.
2. Бүкіл кеңестік өндіріс көлемінде Қазақстанның табиғи қорларын пайдалану.
Өндірісте ұлттық инженерлік кадрлардың жетіспеушілігінен, КСРО үкіметі КСРО-ның өндіріс базасы жақсы дамыған аймақтардан Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан мамандарды әкелуге шешім қабылдады. Сәйкесінше, қалыптаса бастаған Қазақстанның жаңа өндіріс қала орталықтарында КСРО-ның Еуропалық бөлігінен келген жер аударушылардың саны артты. Сол уақытта қазақтарды өндіріс мамандықтарына оқыту жүріп жатты. Ұлт бұрын өзінде болмаған жаңа білім қорын жинай бастайды. Өндіруші салаларда жұмысшылардың сыныпталуы машина жасау саласындағы жұмысшылармен салыстырғанда жоғарырақ болды. Себебі ұшақ жасау мұнай өндіруге қарағанда көбірек білім қажет етеді. Сондықтанда қазақтардың саны машина жасауда емес, өндіруші салада артты. Көңіл аударатын жай, бұл ұлттың «ақымақтығынан» емес, қарапайым өмір заңы. Балаға математика мен физиканың қарапайым негізгі білімдерін бермей тұрып, бірден материалдар қақтығысын (сапроматты) шеш демейді. Ұлт біртіндеп білім қорын толтырып меңгере бастайды.
3. КСРО-ның жалпы сұраныстарымен Қазақстанның машина жасау өнімдеріне сұранысты қанағаттандыру үшін Қазақстандағы машина жасау кәсіпорындарды қалыптастыру.
Машина жасауда жоғары білім қажет болғандықтан, машина жасау кәсіпорындары бар қалаларда, КСРО-ның өзге өңірлерінен әкелінген өзге халықтың орналасуы басым болды. Бірақ қазақтарды дайындау және машина жасаудағы білімді оларға беру үздіксіз жалғасып жаты, өйткені көп білім қорын жеткізу үшін көп уақыт қажет еді. Ерте ме кеш пе, машина жасаудағы білімге ие қазақтардың саны қалалардағы этникалық топтардың пайыздық үлесін өзгертуге жеткілікті болар еді.
Бұндай жағдай Венгрияда, Латвияда, Чехияда да болды. Әуелі олардың, қалаларында неміс ұлттарының саны артты, ал кейін өндірісте жергілікті халық кадрлары немістерді алмастырды.
Қойылған сауал бойынша И.В.Сталиннің цитатасы:
"Сөзсіз, украиндық пролетариатының құрамы Украинаның өнідірісінің дамуымен ауысатын болады және де өндіріске ауылдық жерлерден украиндық жұмысшылардың келуіне байланысты олардың саны артады. Латвия мен Венгриядағы бар немістер мадиярлана және латыштана бастағандай, украиндық пролетариаттың құрамы да украинизацияланатын болады. Бірақ бұл үрдіс ұзақ мерзімді, стихиялық табиғи әрі жаратынды болады».
http://petrograd.biz/stalin/8-6.php
КСРО-ның сақталңан күнінің өзінде, қазақтар ерте ме кеш пе, қалаларда көбейе бастайтын еді. Себебі ұлттың ауыл шаруашылығынан өндіріске ағылу үрдісін тоқтату мүмкін емес екенін түсінген жөн.
Жылы |
1937 |
1939 |
1959 |
1970 |
1979 |
1989 |
Қазақтар |
2,181,520 |
2,307,000 |
2,787,000 |
4,234,000 |
5,289,000 |
6,535,000 |
Орыстар |
1,917,623 |
2,447,000 |
3,972,000 |
5,522,000 |
5,991,000 |
6,228,000 |
Украиндықтар |
549,859 |
656,000 |
761,000 |
933,000 |
898,000 |
896,000 |
Немістер |
80,568 |
92,000 |
660,000 |
858,000 |
900,000 |
958,000 |
Белорустар |
0 |
31,000 |
107,000 |
198,000 |
181,000 |
183,000 |
Еуропалықтар |
2,548,050 |
3,226,000 |
5,500,000 |
7,511,000 |
7,970,000 |
8,265,000 |
Халықтың өсім жылдамдығы |
|
|
|
|
|
|
Қазақтар |
|
5.75% |
20.81% |
51.92% |
24.92% |
23.56% |
Орыстар |
|
27.61% |
62.32% |
39.02% |
8.49% |
3.96% |
Еуропалықтар |
|
26.61% |
70.49% |
36.56% |
6.11% |
3.70% |
Қазақтардың орыстардан асып түсуі |
|
0.21 |
0.33 |
1.33 |
2.93 |
5.96 |
Жалпы Европалықтардан |
|
0.22 |
0.30 |
1.42 |
4.08 |
6.36 |
Яғни, 1970 жылдан бастап қазақтар санының өсуі, орыстардың және жалпы еуропалықтардың өсу санынан асып түсті. Ал 1989 жылы қазақтар санының өсуі орыстар мен жалпы европалықтардың өсуімен салыстырғанда 6 есе асып көбейді.
Енді қалалық халықтың жыл сайын өсу қарқынын қарастырайық. Өйткені егер КСРО әрі қарай өз қызметін жалғастыра берсе қазақтар қалада көпшілік бөлігін құрамас еді деген ой пікір қалыптасқан.
Жылы |
1970 |
1979 |
1989 |
1999 |
Қаладағы бар халық |
6,582,924 |
7,912,466 |
9,182,636 |
8,377,303 |
Соның ішінде қазақтар |
1,132,473 |
1,656,390 |
2,488,903 |
3,615,519 |
өсу қарқыны |
|
46% |
50% |
45% |
орыстар |
3,833,615 |
4,445,482 |
4,668,979 |
3,443,646 |
өсу/азаю қарқыны |
|
16% |
5% |
-26% |
украиндықтар |
502,300 |
541,604 |
564,987 |
339,145 |
немістер |
348,448 |
407,580 |
461,423 |
181,612 |
белорустар |
95,702 |
101,253 |
107,901 |
65,141 |
еуропалықтар |
333,637 |
383,621 |
432,567 |
324,820 |
Басқа ұлттар |
336,749 |
376,536 |
457,876 |
407,420 |
Көрсетілген деректер қазақтардың өсу қарқыны, орыс халқының өсу қарқына қарағанда, 1979 жылы 3 есе, ал 1989 жылы 10 есе артық болғанын көрсетеді.
Сәйкесінше, қазақтардың өзге ұлт өкілдерін ерте ме кеш пе өндіріс пен инженерлік істе ауыстыратыны анық бола бастайды.
Салыстыру үшін тәуелсіз Қазақстандағы қазақтардың санының өсу жылдамдығын келтірейік
жылы |
1989 |
1999 |
2001 |
2006 |
2007 |
қазақтар |
6,535,000 |
7,985,000 |
8,167,000 |
8,913,000 |
9,109,000 |
Халықтың өсу жылдамдығы |
|
|
|
|
|
қазақтар |
23.56% |
22.19% |
2.28% |
9.13% |
2.21% |
Көріп тұрғанымыздай, 2007 жылы қазақтардың өсу жылдамдығы 1989 жылға қарағанда 10 есе аз болған. Бұған себеп Ресей де, орыстар да емес екендігі белгілі. Бұған себеп: біздің еліміздің осал экономикалық негізі.
Қазақстан 1991 жылдан 2010 жылға дейін
Экономикалық негіздің ауысуына байланысты біз ұлт өзіне қажеттілігін өтейтін өнімдерді өз елінің зауыттарында өздері қамтамасыз еткен социализмнен, өзіндік өндіріс ұлттың тауарға деген сұранысының тек 10%- дан 30 %-ын қамтамасыз ететін феодалдық-буржуазиялық (Монархиялық капитал) жүйесіне көшіп, ұлт білімін жоғалта бастадық.
1. Біз энергиялық блоктарды жасауды, атом комбинаттарын, жолдарды, жылу және электр жолдарды, темір жолдарды, жоғары тауарлы өндірісті ауыл шаруашылығында калай қамтамасыз ету керек екендігін және т.б. нәрселерді білдік.
Енді біз өндірісті күйреттік, соған орай, ұлт өзінде болған білімнен айырыла бастады. Ал ауылдан келіп, өндірістік кәсіпорындардан келесі деңгейдегі білім алып дамудың жоғары сатысына өткен ұлттың бір бөлігі, қалаға келіп өндіріс таппай, сол білім деңгейімен қала берді. Осылайша, біртіндеп білімнің сарқылуы жүрді. Осы процесс славяндықтардың жоқтығанан емес, өндірістің жоқтығынан пайда болды. Славяндардың жеткілікті халық саны бар Ресейде де дәл осы үрдіс байқалады.
Мұнда ұстанатын қағида - қазіргі ұлттан поездарды, ұшақтарды, электростанцияларды, теледидарларды, автомашиналарды және т.б. ойлап табу үшін білімді қазіргі экономикалық негіз қажет етпейді.
Біреуде бұл білім кездейсоқ бар болса да, ол оны бұл жерде қолдана алмайды, сондықтан ол деградацияға ұшырайды (қолданыста жоқ білім ерте ме кеш пе жоғалады) немесе оның білімдерін тәжірибеде жүзеге асыратын елдерге кетіп қалады.
Бүгінгі таңдағы қазақ тілінің қоғамдағы қажеттіліктеріне қызмет етуі
Иә, қазақ тілі көшпелілердің тілі ретінде қалыптасты. Бірақ бұл дегеніміз - қазақ тілі өндіріс пен ғылымда қолданыс таба алады деген мағына емес.
Мысалы, орыс тіліндегі шетел сөздерінің сөздігінде 25 000 аса сөз бар. Орыс тіліндегі үлкен білім қоры инженерияда, қаржы саласында, авиацияда және т.б. өзге тілден енген сөздерден қалыптасқан, өйткені оның орыс тілінде баламасы табылмаған. Бірақ бұл орыс инженерлеріне, тілдің алғашында икемсіздігіне қарамастан өз тілдерінде жаңалықтар мен ашылулар жасауына кедергі болған жоқ. Егер тілдің түпкі нұсқасында, шетел тіліндегі сөздің баламасы дәл табылмаса, тілдің икемсіздігі туралы әңгіме айтатын адамдар бар. Олар қателеседі. Неге? Өйткені, білімнің жаңа салаларында барлық жаңалықтарды тек бір өзі ғана жасаған ұлт жоқ. Түрлі ұлт өкілдері түрлі салаларда түрлі ашылулар жасайды. Бұл жаңа білімдегі сөздерді тез қабылдай алатын және сол сөздерді өз тіліне бейімдеп, оны өз ұлтының арасында таратып, ұлттық шаруашылығында қолданысқа енгізген ұлт өзіне көбірек пайда алады. Қолданысқа енгізу не ғұрлым тез және жеңіл болған сайын, бұл үрдіс оңай жүріп, бұл тілдің қолданылу шекарасы кеңейеді.
Тілдің ғұмыр кешуі, сол тілдің грамматикалық негізі сақталғанға дейін болатынын түсіну қажет. Егер тілідің грамматикалық негізін сақтап қалып, оған көптеген шетел сөздерін енгізсе, онда тіл өлмейді және ол күштірек әрі бәсекеге қабілетті болады.
Бүгінгі таңдағы қазақ тілінің басты мәселелері:
1. Білімнің жетіспеушілігі
2. Жаңалық ашушы, ойланушы, өз білімін келесі ұрпаққа беруші, сол білімін тәжірибеде қазақ тілінде қолданатын, тілді алып жүрушілердің арасында жоқтығы.
Бұл екі мәселе былай шешіледі.
Бірінші - экономика, саясат, философия, география, биология, медицина және т.б. салалардағы маңызды еңбектерді сапалы қазақ тіліне аудару. Себебі бүгінгі таңда, егер адам тек қазақ тілін меңгерсе, ол бұл тілде неміске, амеркандыққа немесе французға сәйкес білім деңгейін ала алмайды. Сол себептен тек қазақ тілін білетін қазақ оған қажет білім деңгейі бар өзге тілдерді меңгеруге мәжбүр. Мұнда, сөзсіз, бұл еңбектердің аудармасын жүзеге асырушы адамдар сол тақырыпты түсінетін адамдар болуы қажет. Механикалық аударма мәселені шешпейді, ол тек жұмыс сұлбасын тудырады.
Екінші - көп мөлшерде тек ауылдарды қамтитын және әр жылы 9 сыныптан бастап оқушыларды шетелге оқуға жіберетін жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет.
Бірінші жылы олар сол ортада тіл меңгереді де Швейцариядағы, Жапониядағы, Германиядағы мектептерді бітірген соң, сол елдің ЖОО - на түседі. Бірақ тек екі саладағы мамандықтаға: инженерлік және медициналық істе. Шынында ешнәрсе жасай алмайтын маркетологтар немесе менеджерлер бізге қажет емес. Әрине кеткен 100 оқушылардың арасынан - бір бөлігі елге қайтпайды, бір бөлігі емтиханнан құлап, бір бөлігі ішкілікке салынып кетеді. Бірақ, елге маман болып қайтып келетіндері де болады. Бұл ұлттық ғылыми-инженерлік мектептің қалыптасуының бастамасы болады.
Олардың алғашқы ағымы 6-7 жылдан келген кезге таман, біз өндірістік негізді жаңадан жасап дайындап қоюымыз керек. Әйпесе, келген мамандар білімдерін жоғалтады (білімін қолданбағандықтан) не елден кетеді.
Егер жіберілетін оқушылар саны көп болса, жылына 10-15 мың оқушы, онда 7 жылдан соң біздің ел қазақ тілінде және олар мекендеген елдің тілінде ойлап тәжірибе жасайтын 15 мың инженерлер мен дәрігерлерге ие болады.
Ал, ұлттық белгілері бойынша бөлінуден қашу үшін, жіберерде, қазақ тілін еркін білуінен емтихан өткізу қажет. Сонда өзге ұлттың ата-аналары, өз балаларын шетелге оқуға жіберуге мүмкіндігі бар екенін түсініп, қазақ тіліне балаларын үйретеді.
«Дана жол ынталы тобы»
«Абай-ақпарат»