Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2471 0 пікір 11 Сәуір, 2011 сағат 04:09

Сәкен Бозаев. Бүгінгі өмір оюлары...

P.S. Абай порталының Талқы-Форумында көтерілген «Адамға құрмет алыстап барады ма?» деген тақырыпқа  орай жазылған оқырман ойы.

Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары» кітабында Жак Паганельдің жұмыртқа дайындаудың жүзге жуық амалын айтқаны сияқты,  тіршілік ету амалдарының әр адамға тән өз құпиялары  бар екені белгілі..  Әр адам бір іс жасау үшін туады деген бар. Әркім де алды артын және бүгінгісін ойлайды. Бүгінгімізді бұлдыр біліп, ертеңгіге ой жүгіртпеу бірі - аяғына, бірі- қанатына сенетін жан-жануарларға ұқсағандық. Адамға молырақ мал бітсе ішіп-жер, киім киер, шалқып өтер, бірақ өлшеулі несібесінен артығын ала алмайды.  Бұл дүние бір күн бетін, бір күн сыртын береді. Шолақ сай тасыса да теңіз болмас дегендей сәулетке емес, дәулетке сұқтанғандардың ұшпаққа шыға қоймасы анық. Бұл дүниенің алды - үміт, арты - өкініш екенін, ешнәрсе де мәңгілік емес екенін ұғынған дұрыс болар еді.

Қазіргі өмір құбылыстарының қайсысы шындық, қайсысы жалған екенін айыра алмай солай шығар деп жүре түсінетін болдық. Көбіне асығыстық жасап, біреулерін шалағай әрекетін растаймыз да, келесілерін теріске шығара саламыз. Оның да себебі қалыптасқан жағдайлардан тезірек құтылуға мұқтаж болғандығымыздан шығар.

Өз ақылымен өмір сүруге құлшынып жүргендер қарасы  көбірек болса дейсің.    Сорайған сұраққа да, сорлы сұраққа да жауап іздеп деміккен жұртқа білгеніміз бен түйгенімізді сатуға шығарғандай сығымдап айтамыз. Сондықтан болар  ұят деңгейімен өлшенбейтін тірлігімізден шірінді судың кермек иісі шығады. Ойымыздың  жүйріктігін, сөзіміздің  кесектігін  өрелілер секілді көрсете алар түріміз әзір байқалар емес.  «Өзін-өзі құрметтей білген - ақылды, өзгелерді құрметтей білген - ғұлама», - деген даналық бізге жұғысты болмай тұр.

Жүрген жерін жықпылды ортаға айналдырып, ойсыраған олқы тұстарын жамаулы шекпенмен бүркеп, ашылып қалған даладай артына су тигізбейтін бүкпе әрекеттер бүршік жарғалы қашан. Неге бұлай деген сұрақтан  гөрі,  үнемі жауапсыз қалатын сұрақтар көп. Өзіміз бен өзімізді араз қылатын  қайшы құбылыстар жетіп жатыр.  Зерде, сезім, таным тайыздап барады..  Білімге, біліктілікке емес, шартсыз сенімге сүйенетін болдық. Әр адам өмірінің мәні - өз мүмкіндігінше  орындайтын ісі дегенге  ақылмен емес, түйсікпен қарап жүрміз.. Пиғылымыз да, әрекеттеріміз де  табиғи  болмысымыздан  ауытқып барады.

Адам баласына мінсіз болу табиғатында берілмеген шығар.. Жаны таза, рухани биік  жандар пендешіліктен арылғысы келсе де  тіршілік тауқыметі етектен тартып, пендешілік жолға қайта апарып жатыр.. Басымыздағы бөркімізді  де  жоғарғылардың көңіл-күйіне қарай өңін өзгертіп киіп жүрміз.   Арқамызды қағып тұрып,   аяғыңның кісендеулі екеніңді еске салып қоятын амалдарды көріп жатырмыз.

Үйінің іргесін түріп, түндігінен көкке қарайтын ауқаттылар өзіне-өзі разы.  Қараша үйінің жыртық жабындысынан сыртқа сығалап отырғандар ұлықтың ұлықсатынсыз  қотырын да қаси алмайтын күйде.   Біреуді - бай, біреуді - кедей қылған заң мен тәртіпті жазған құдай емес. Ы.Алтынсарин жазып кеткендей,  анау заманда 300-400 жылқысы, 30-40 түйесі, 50-60 сиыры  бар қазақ бай деп есептелмей, орташа деп саналғанын,  бай атану үшін көрсетілген  төрт түлік мыңдап саналуы тиіс болған екен.. . Ал кедей-жатақ  деп 10-15 сиыры, 5-6 жылқысы, 20-30 қойы барлар есептелген екен. Бұл деректі қазіргі ауыл қазағының күй-жайымен салыстыра қарасақ, не айтпақ болып отырғанымыз түсінікті.  Әлихан Бөкейханов  бір мақаласында патша заманында Ақмола мен Семей генерал губернаторының мұжық малы ұрланса, көрші қазақ  төлесін деген жарлық шығарып, ұры үшін мал тартқызғанын жазған екен.  Жерінің  табиғи байлығына қожа бола алмай кіріптарлыққа түскен бүгінгі  қазақ жұрты да сондай күй кешіп отырғаны жасырын жай емес.

Елінің қамын жеке басы мүддесінен жоғары қойған Алаштың зиялы азаматтарын білеміз. Олар  « ...шындыққа шамаң жетсе тілмен болса да араша түс, күшің жетсе күрес жүргіз, үнсіз қалу - сорақылық» деген дала даналарының ұлағатын үлгі тұтты.  Ал бүгінде  көбіміздің айтарымыз «...тыныш жүр, айтар шындықты басқалар айтсын, басыңы бәле тілеме» дегеннің төңірегінде.  Бүгінде үнсіз тірлік жасау - ақылдылық саналады. Оның себебі де түсінікті. Біріміз қызмет алуға, екіншіміз - билікке жағымсыз көрінбеуге, енді біріміз - атақ, сыйлық алып, қалаулылар тізіміне енудің қамындамыз. Бүгінгі бет пердеміз осы. Осылай істегендер өзінше шалықтап, шарықтап, тояттап  биікке самғамақ. Олар өз мүмкіндігін, өз биігін ұқса жақсы-ау, ұқпайды. Ұқпайтыны - жарайды шарықтай түс, шалықтай түс деп алақан соғып қолпаштап жатамыз.  Мансап пен байлық қосылса ар-ұят басы ауған жаққа қаңғып кетеді деген рас болды.

Жалған сөйлеушілердің өрісі кеңейіп, жағымпаздық тамыры жуандап, кесе де, шаба алмайтындай болып тереңдеп барады.   Анау бір кезде тамашаның әртісі «кезінде өтірікте де ұят болыпты» дегенді сахнада айтып еді. Онысы өтіріктің әлі мал жинап үлгермеген кезінде ол-пұл ұяты болғандығын айтқысы келгендіктен шығар. Қазіргі бөспеліктің жөні бөлек.  Ежелден дәулет бітпеген  шындықтың  шырайын  шығара  алар  емеспіз.

Ертеректе  жолаушылап келе жатқан бір қарт алдынан кездескен жас әйелден  мына ауыл кімдікі деп сұрағанда: - Ата, атын айта алмаймын. Бұл  ауыл өзге адамда жоқтай, тек өзінде ғана бардай батырдың ауылы, - деген екен. Біздің бой жетпеген демократиямыздың біреулерге күлкі, біреулерге түрпі көріну себебін  осы әдепті келін жауабымен түсіндіруге болатындай.

Сәкен Бозаев, Атырау облысы, Құлсары қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір