Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4631 2 пікір 22 Қазан, 2018 сағат 11:27

Бір суреттің тарихы 

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі кезінде, совет өкіметі ешкімді аямады. Аса қатыгездікпен бәрін аяусыз қырды. Соттады. Атты. Мен алты жылымды арқалап, Карлагтың зонасына түстім (Басында Маңғышлақтың зонасында болдық).

Қыстың қақаған аязында бір күн демалыс беріп еді бізге. Қолыма «Огонек» деген журналды алып, парақтап қарап, оқып отырған бетім бар емес пе. Көзіме екі-үш жасар жапон қыздың, көзіне жас алып тұрған фотосуреті түсті. Хиросима-Нагасаки ядролық қарудың құрбаны екен. Суретіне біраз уақыт қадалып, көз алмай көзіне қарадым да қалдым. Кішкентай қызға жаным ашып, аяп кеттім. Әке-шешесінен, бәрінен айырылған екен. Ойыма: "Бостандыққа шығуыма екі талай. Онсызда әр күніміз өліммен өлшеулі тұрғанда, бұл "тозақтан" енді аман-есен тірі шығамыз ба, жоқ па бір Құдайдың қолында. Шіркін-ай! Үйленсем Құдай маған осындай көзі бадырайған, ең болмағалы бір қыз сыйласа ғой!» - деп, орындалмайтын терең бір арманға баттым. Қолыма ұзындығы  3 сантиметрдей қарындашымды алдым да, фотосуреттегі жапон қызын әппақ қағаздың бетіне сала бастадым. «Огонек» журналы қасымда отырған Иса деген шешен жігіттікі еді. Екеуміз жақсы араласатынбыз.

Арада уақыт өте, 1989 жылдың ақпан айында аман-есен бостандыққа шығып, көп ұзамай 90-шы жылы үйлендім.
Алла тағалам арманымды орындап, бір емес, бадырайған көздерімен екі бірдей қыздарымды аямай бере салды.

Ал,қолыммен салған суреттің сақталып келе жатқанына отыз жылдай уақыт болыпты. 

Ерлан Декелбаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478