Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2587 0 пікір 12 Сәуір, 2011 сағат 02:49

Тұңғыш ғарышкер Ю.Гагаринмен кездескен сәтім естен кетпейді - Ғ.Хаймулдин, еңбек ардагері

ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мен өзім 1962 жылы Саратов мемлекеттік малдәрігерлік институтын бітірдім.

Соңғы курста оқып жүргенде, яғни 1961 жылы біздің институттың оқу-үйрену шаруашылығының аумағына адамзат тарихындағы алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин қонғаны мәлім. Сол кезде біз институттың комсомол комитетінің мүшесі ретінде кезекшілікке тұрып, сол маңда Гагаринді Мәскеуге алып кеткенше болғанымыз есімде. Бұл туралы Орал қаласында тұратын еңбек ардагері Ғазиз Хаймулдин мәлім етті.

«1962 жылы институтты бітіргеннен кейін мен Тайпақ ауданының «Есенсай» совхозына бас зоотехник қызметіне бекітіліп, оған қоса шаруашылықтың комсомол ұйымының хатшылығына сайландым. «Жас келсе, іске» дегендей, ол кезде жаңалыққа құмармыз. 1963 жылы жас шопандар бригадасын ұйымдастырдым, оны совхоз директоры мен партия комитеті қолдады. Сондай-ақ сол кездегі Есенсайдың еңбекқор қыз-жігіттері де жаңа бастаманың жандануына жастыққа тән жалын-жігермен ерекше үлес қосты. Осы бастамамыздың нәтижесі жақсы болып, кейін бұл әдіс тек облыс емес, республикаға тарады. Тіпті біздің тың бастамамыз туралы мақала-материалдар кейбір бүкілодақтық газет-журналдарға да шықты.

1964 жылы 18-19 наурызда ВЛКСМ орталық комитетінің пленумы өтті. Жастар ұйымының аталмыш алқалы жиынына мені мақтаулы маман, комсомол ұйымының жетекшісі ретінде шақырды. Сол пленумда одақ бойынша комсомол-жастардың ауыл шаруашылығын өркендетуге белсенді үлес қосуы жөнінде мәселе қаралды. Міне, осы пленум жұмысына адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин мен Герман Титов та қатысты. Пленум жұмысының барысында ВЛКСМ орталық комитетінің ұйымдастыруымен жастар ұйымдарының бір топ жетекшілері Юрий Гагаринмен кездесті. Мен де сол топ ішінде болдым. Жадырап күліп, жүзінен әркез шуақ төгіліп тұратын Юрий Алексеевич әрбіреуіміздің қолымызды алып, аз-кем әңгімелесті. Менен сұрағаны: «Сіз қайдансыз?» деді. Мен, «Қазақстаннан, Орал қаласынанмын» дедім. Ол сол кезде «Ия, біз көршіміз!» деп одан сайын жылы шырай танытты. Юрий Гагаринмен бірге түскен біздің фотомыз 1964 жылғы наурыз айының он тоғызы күні жарық көрген «Правда» газетінің екінші бетіне шықты. Көзі тірісінде-ақ аңыз-адамға айналған алғашқы ғарышкермен кездескен сол бір қас-қағым сәт қайта оралмас жастық шағымыздың жарқылындай менің жадымда жиі жаңғырады», деп еске алады еңбек ардагері.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543